7


  • Учителю
  • Сабақтан тыс жұмыстар Қош бол, сүйікті әліппе

Сабақтан тыс жұмыстар Қош бол, сүйікті әліппе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





</ Тақырыбы: «Әліппемен қоштасу»



Мақсаты:

Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу



1 жүргізуші:

Так,так ,так

Бәрін бері қара.

Бүгін бізде

Болмақ қандай шара?



2 жүргізуші:

Тағзым етем, құрдасым,

Айтайын мен жан сырын

Келеді бүгін мектепке,

Ән салып, би билекке.

Қоштасқалы отыр екен 1 «А» сыныбы

Сүйікті кітап Әліппемен.



1 жүргізуші:

Ассаламағалейкум, уа, халайық!

Армысыздар аналар,

Бармысыздар балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр, әніміз!



2 жүргізуші :

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Қош бол, сүйікті Әліппе!»

атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.



Мұғалім:

- Әліппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер!



Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал ендігі оқушыларды қарсы алыңыздар!



«Стирка» биі /бәрі билеп ортаға шығады/



Қарақат:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.



Дарын:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.





Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың! /тақпақтар/

Бағыбар:

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп, әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.



Мадина:

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың.

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.



Асель:

Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың



2 жүргізуші

  • Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті ..... / Әліппе/

  • Олай болса ортаға әліпені шақырайық. /хормен шақыру/



Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен,

Аған менен әпкеңде.



Ән «Әліппе»



Әліппе: -Әндеріңе рахмет, ал енді сендермен әріптер әлеміне саяхатқа шығайық!



1-оқушы: Пана

Әліппе деген - алтын сөз

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес алыс жол,

Тырысып бақ намысқа.



2-оқушы: Дарын

Алфавитті жатадық

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.



3-оқушы: Бағыбар

Сан әріпті үйрендік,

Бүгін бізге сеңіндер.

Әріптер әлеміне,

Саяхаттап көріңдер.



4-оқушы: Аяжан

А әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін.

Аяжан мен боламын,

Айдай өсіп толамын.



5-оқушы: Мирас

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Әже деген атау да

Ә әрпінен басталар





6- оқушы: Куаныш

Б дегенің бала

Оны ренжітіп алма



7-оқушы: Бекасыл

Г әрпінен гүлденер,

Қызғалдақты қырат тау.

Ғ әрпімен бір келер,

Ғалым атты ұлы атау.



8-оқушы: Мадина

Д әрпінен бастасақ,

Дарқан, дария далам бар.

Е-ні ұмытпас ешқашан,

Елін сүйген жарандар.



9-оқушы: Жанарыс

Ж дегенің Жанарыс

Жанарыс деген мен бала.

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шара.



10-оқушы: Зере

И дегенің иманың,

Адамдықтың асқары.

К дегенің күй дарын,

Домбыраның дастаны.





11-оқушы: Азат

Азат деген есімді,

Білдіңіздер кесімді.

З әрпі бар ішінде,

Тыңдасаныз шешімді.





12-оқушы: Асель

Қ әрпінен құралған,

Бас-аяғы қазақтың.

Жарылқасын бір Аллам,

Жасай берсін Азат күн!





13-оқушы: Мырзатай

Л әрпінің көршісі,

М әрпі ғой баяғы.

М әрпінен есімім,

Мырзатай деген мен болам!



14-оқушы: Асланбек

Асланбек деген есімде

Н әрпі де табылар,

Намыс , найза , нағашы

Н әрпінен басталар !



15-оқушы: Қарақат

О дегенің Отан

Қорға оны ботам

С - дегенім сабақ

Сабақты жүр жаттап



16-оқушы: Ескелді

П дегенім - парта

Сабақты отырып жатта



17-оқушы: Арайлым.

Т дегенің тоқылдақ

Құрттарды жейді шоқып ақ



18-оқушы: Рүстем

Ш дегенің шапағат,

Тие берсін баршаға.

Х дегенің сәлем хат,

Қуанышы қаншама.



19-оқушы: Бекзат

Жазуды да жазамыз,

Суретті де саламыз.

Нұрға толған санамыз,

Біз өнерлі боламыз.



20-оқушы: Алинұр

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке,

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.



21-оқушы: Аяулым

Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітіріп,

Бала болдым ақылды.



Мұғалім:

- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған көп рахмет.

Әліппе:

- Жарайсыңдар, менің ақылды достарым! Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.



«Рахмет саған Әліппе» ән

1-жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын,

Ән бимен шашу шашылсын,

Мың бұралып бишілер,

Бименен кешті жалғасын.

Қыздардың орындауда зонтик биі



«Зонтик» биі

Әліппе:

- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Ал, ондай болса сендердің білімдеріңді сынаймын !



Әліппе:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?



1 дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

4 дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

5 дегенім - бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 дегенім - ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім - жалау,

Жүректегі алау.

8 дегенім - сөзің,

Серт беретін кезің.

9 дегенім - тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім - Отан,

Қорға соңы, ботам.

- әліппе мен ұстаздың тапсырмалары.

Әліппе

  • Сөйлем неден құралады ? /сөзден/

  • Сөз неден құралады ? /буыннан /

  • Буын неден құралады ? /дыбыстардан /

  • Дыбыстар қандай түрге бөлінеді ? /дауысты/ дауыссыз/

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді ? /2-ге, жуан, жіңішке/



Мұғалім:

  • 2-10-дейін сандардың құрамын сұрау.

  • Қандай фигураларды білесіңдер ?

  • Азайғыш, қосылғыш компоненттерін атаңдар.

  • 0-ге байланысты ережелер.

  • Қосылқыштарға байланысты ереже.



Әліппе

  • Табиғатты қандай денелер құрайды ? /тірі, өлі және жасанды/

  • Табиғат құблыстарына нелер жатады? /боран, қар, жаңбыр, жел, шық т.б./

  • Адамның сезім мүшелеріне нелер жатады ? /көз, тері, құлақ, мұрын, тіл/

  • Жыл мезглдерін атаңдар: /көктем, жаз, күз, қыс/

Жарайсыңдар балалар сынақтан өттіңдер! Ана тілін оқуға дайынсыңдар!



2-жүргізуші:

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз

Денсаулықпен әкелсін берекеңіз

«Кукарелла » биін алып келген ортаңызға

Мұң бұралған бишілерді қарсы алыңыз



«Кукарелла» биі

«Ертегілер елінде» Қарақат



Әліппе:

Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарын есте болсын,

Күнделіктерің 5-ке толсын! Сау болыңдар балалар! /оқушылар қоштасады/



Зеренің орындауында «Таң тамаша табиғат! » әні



Мұғалім:

- Жұлдыз демекші біз сіздермен кішкене серігіп , «Жұлдыздар» ойынын ойнайық .

«Жұлдыздар» ойыны /ата-ана, оқушы/

- Достық жеңді деп барлық оқушыларға сыйлық беру.





1-жүргізуші:

Құттықтау сөзі мектеп басшыларына беріледі: /дипломмен марапаттау/

________________________________________________________________________________________________________________________________________________



2-жүргізуші:

Арманмен алыстарға аттанарда,

Жас оралар іркіліп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға.

Ата-аналар тілегі



1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.



Шашу шашылады



- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

- Қош сау болыңыздар!







«Әліппемен қоштасу»



1 жүргізуші: сөзі



2 жүргізуші: сөзі



1 жүргізуші: сөзі



2 жүргізуші : сөзі



Мұғалім:



- Құрмектті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар әліппемен қоштасу салтанатты мерекесіне қош келдіңіздер! Әліппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық.



Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың,

Ал енді оқушыларды қарсы алыңыздар!



«Стирка» биі /бәрі билеп ортаға шығады/



Қарақат:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.



Дарын:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.



Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың! /тақпақтар/

Бағыбар:

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп, әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Мадина:

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың.

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.



Асель:

Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың



2 жүргізуші

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті ..... / Әліппе/

Олай болса ортаға әліпені шақырайық. /хормен шақыру/



Әліппе: /тақпақ сөзі/



Ән «Әліппе»



Әліппе: -Әндеріңе рахмет, ал енді сендермен әріптер әлеміне саяхатқа шығайық!



/барлық оқушылар тақпақтары/

Мұғалім:

- Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған көп рахмет.

Әліппе:

- Жарайсыңдар, менің ақылды достарым! Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.



«Рахмет саған Әліппе» ән

1-жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын,

Ән бимен шашу шашылсын,

Мың бұралып бишілер,

Бименен кешті жалғасын.

Қыздардың орындауда зонтик биі

«Зонтик» биі



Әліппе:

- Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Ал, ондай болса сендердің білімдеріңді сынаймын !



Әліппе:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?



1 дегенім- бесік, /Қарақат/

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім - елім, /Дарын/

Далам, тауым, көгім.

3 дегенім - үміт, /Азат/

Үміт артар жігіт.

4 дегенім - төзім, /Зере/

Төзе білем өзім.

5 дегенім - бақыт, /Рустем/

Бағалайтын бақыт.

6 дегенім - ақыл, /Асель/

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім - жалау, /Мадина/

Жүректегі алау.

8 дегенім - сөзің, /Аяжан/

Серт беретін кезің.

9 дегенім - тоқтау, /Жанарыс/

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім - Отан, /Алинұр/

Қорға соңы, ботам.

- әліппе мен ұстаздың тапсырмалары. /әліппе мен дүниетану /

1. Әліппе сұрағы:



2. Мұғалім: математика

  • 2-10-дейін санд ардың құрамын сұрау.

  • Қандай фигураларды білесіңдер ?

  • Азайғыш, қосылғыш компоненттерін атаңдар.

  • 0-ге байланысты ережелер.

  • Қосылқыштарға байланысты ереже.

3. Әліппе сұрағы:

2-жүргізуші: сөзі

«Кукарелла» биі

«Ертегілер елінде» Қарақат



Әліппе: / әліппенің қоштасуы/



Зеренің орындауында «Таң тамаша табиғат! » әні





Мұғалім:

- Жұлдыз демекші біз сіздермен кішкене серігіп , «Жұлдыздар» ойынын ойнайық . /ойынның шартын айтып кету/

«Жұлдыздар» ойыны /ата-ана, оқушы/

- Достық жеңді деп барлық оқушыларға сыйлық беру.





1-жүргізуші:

Құттықтау сөзі мектеп басшыларына беріледі: /дипломмен марапаттау/

________________________________________________________________________________________________________________________________________________



2-жүргізуші:

Арманмен алыстарға аттанарда,

Жас оралар іркіліп жанарларға.

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға.

Ата-аналар тілегі



1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.



Шашу шашылады



- Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!

- Қош сау болыңыздар!







12



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал