7


Жалаң және жайылма сөйлем

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мерзімі



2015- 2016 оқу жылы

Сабақтың атауы

Жалаң және жайылма сөйлем



Сілтеме

Атамұра./Қазақ тілі/93-бет

Жалпы мақсаты

Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. Сауатты жазуға үйретуде ережелерге көңіл бөлу керектігін түсіндіру. Сөздерді сөз құрамына талдай алу дағдыларын арттыру. Ұжымшылдыққа, жылдам ойлануға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Жалаң және жайылма сөйлем туралы үйренеді. Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін бекітеді. Сөйлем мүшелеріне, жай сөйлемнің түрлеріне талдай алады. Өз ойын толық жеткізеді.

Негізгі идеялары

Оқушыларға «Ыстық орындық» ойынын өткізу барысында жылдам ойлануға, топпен жұмыс істеуге берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, өз жұмысына баға бере білуге үйрету. Сөйлем мүшелеріне, жай сөйлемнің түрлеріне талдай алуға және жай сөйлемнің түрлерінің ережелерін есте сақтауға дағдыландыру.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру. Амандасу рәсімі:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Топтарға бөлу. Сабақтың Өткізілу жолын түсіндіру. Әр тапсырманы тапсырма парағына орындау. Кіру парағын толтыру.

Келген қонақтармен амандасады, топ ұранын айтады. Оқушылар топпен қалай жұмыс атқаруға болатынын өз ойларымен жеткізеді. Сабақ басындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.

Бағалау критерийлері

  1. Сұрақ-жауап. «Ыстық орындық»

  2. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру.

  3. Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.

  4. Жұмбақты оқып, жатқа жазу.

  5. Эссе, үндеу жазу.

Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды.



І. Қызығушылығын ояту.

«Ыстық орындық» ойынын өткізу.

Ортадағы орындыққа өз қалауы бойынша әр топтан бір оқушы отырады. Сынып оқушылары осы балаға тапсырма бойынша сұрақтар қояды. «Ыстық орындықта» отырған оқушы сол сұрақтарға жауап беру керек. Оқушыға баға қойылады. Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. «Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме?», «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?», «Ыстық оандықтағы» кейіпкер өзін сынып алдында жақсы ұстай білді ме?» Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады. Осылайша оқушылар бір - бірінің жұмысын бағалайды.

Әр тортың мүшесі сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану.

Электронды оқулық

Слайдтар

















Флипчарт

1-тапсырма: Көркем жазу сәті.





2-тапсырма: Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыру.

Атам келді. Ауылдан атам келді.

Нұржан күреді. Нұржан қарды күреді.

Мал келді. Мал өрістен келді.

Күлән әкелді. Күлән су әкелді.



Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, бір-бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.



3-тапсырма. Берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.

1-топ





2-топ

3-топ







4-топ



4-тапсырма. Берілген жұмбақты топ оқушылары бірге оқып, бірлесе отырып жатқа жазады.

Жұмбақты оқып, жатқа жаз.

Түнде күндіз болды,

Жерге жұлдыз қонды.

Берілген әріпті көркем жазып шығады.



Екі бағандағы сөйлемдердің өзгешелігін айтады.

















Оқушылар орындарында сөйлем құрайды, флипчартқа орындайды, бірнеше оқушы оқып талдайды.



























Белгіленген уақыт аралығындағы жұмбақты жатқа жазып шығады.

Сергіту сәтін өткізу

ІІІ. Ой-толғаныс.

Келесі тапсырма: РАФТ-эссе, үндеу жазу.

Р - рөл (оқушы, мұғалім)



А - аудитория (сынып)



Ф - форма (эссе, үндеу)



Т - тақырып «Табиғат», «Сынып»



1,3 - ші топ - жалаң сөйлемдерден құрайды.

2,4 - ші топ - жайылма сөйлемдерден құрайды.

Тапсырма парағына эссе, үндеу жазады.

Басқа топқа оқып таныстырады.

Кері байланыс жасау

Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылдаы.

Оқушылар қойылаған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды бағалау

Бағалау критерийлары бойынша оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма беру

113 - жаттығу 93 - бет



Шығу парағын толтыру



Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен көңіл - күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.

МОЛДАМСЕИТОВА ГАЛИЯ ОРАЛКАНОВА

ЖОҒАРЫ САНАТТЫ, І ДЕҢГЕЙЛІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ" № 39 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП " КММ , СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал