- Учителю
- Тақырыбы: 'Тұрлаусыз мүше' 3 сынып
Тақырыбы: 'Тұрлаусыз мүше' 3 сынып
Шаховское орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Тұрлаусыз мүше»
3 сынып
Мұғалімі: Садвакасова Т.Б.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: тұрлаусыз мүшелер туралы өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Әдістері: жартылай-ізденіс (мұғалімнің көрсетуімен), түсіндірме-илюстративті: көру, оқу, тыңдау, әңгімелеу.
Формалары: мұғалім-оқушы, жұптық, жекелей, фронтальді.
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, үлестірме қағаздар, тақта, бор, мұғалімнің сөзі, ТСО, магнитті тақта.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу
Ә) психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
А) 75-жаттығуды тексеру. 1-2 оқушыға оқыту, талдау.
Ә) Ережелерді тексеру: тұрлаулы ( бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелер ( анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
Б) Ойын «Қатемді тап»
3. Актуализация:
«Ойлан тап»-ойыны. Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастыру. 3-слайд.
«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп»-мақалының мағынасын ашу- 4 слайд.
Өткен сабақты бекіту:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болып өтпек. «Алтын қақпа»-ойынын ойнау арқылы сабағымызды бекітеміз. Әр қақпадан өту үшін тапсырмаларын орындауымыз керек. Бұл әр пән мұғалімдерінің тапсырмалары. Әр қақпаның тапсырмасын орындау арқылы кілтін алып келесі қақпаға өтеміз.
1-қақпамыз: жұптық тапсырма.
«Ағаш қақпа»-тапсырмасын қазақ тілі пәні мұғалімі: Рияпова Т.А.
Жаңылтпашты көшіріп жазыңдар, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
А) дәптерге бүгінгі күнді жазу
Ә) көркем жазу: күз мезгілі аяқталды.
Б) 94-жаттығуды жазу.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарқа қонды.
2-қақпамыз: жұптық тапсырма.
«Қола қақпа»-тапсырмасын осы мектептің әлеуметтік жағынан қарайтын қызметкер: Жұмабаева А.С.
Тапсырма: орындары ауыстырылып берілген сөздерден дұрыс сөйлемдер құрастырып, тек тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар.
Бидайдан, ұн, диірменші, тартты.
Бауырсақ, апам, ұннан, пісірді.
Дәмді, болды, бауырсақ, сап-сары.
Сергіту сәті.
3-қақпамыз: жалпы тапсырма.
« Күміс қақпа»-тапсырмасын осы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі октябрь Ә.М.
Тапсырма: көп нүктенің орнына тұрлаусыз мүшелердің тиістісін қойып жазыңдар.
Дала ................сарғайды.
Шаруа.................қамданды.
Күн.....................бастады.
Тауға.................қар жауды.
4-қақпа: деңгейлік тапсырма
«Алтын қақпа»- тапсырмасын бастауыш сынып мұғалімі Бисимбаева Қ.О. береді.
Берілген сөйлемдерді бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемге айналдырып жазыңдар.
1-деңгей: қаладан келген Ержан Асқардікіне кірді.
2-деңгей: жауын себелеп жауып тұр.
3-деңгей: бала доппен ойнады.
5.Өзін-өзі бағалау.
6. Қорытындылау:- нені қайталадық?
7. Рефлексия: -сабақ ұнады ма? -несімен ұнады?
8. Үйге: ережелерді қайталау.