- Учителю
- классный час на тему 'Қош бол, сүйікті Әліппем!'
классный час на тему 'Қош бол, сүйікті Әліппем!'
Шортанды ауданы білім бөлімі
«Институт орта мектебі» ММ
Сыныптан тыс іс-шара
«Қош бол, сүйікті
ӘЛІППЕМ!»
Өткізген: Ахметова Г.Ж.
2014 жыл
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Өз өнерлерін
ата-аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын кеңейте түсу.Оқу-
білім алуға,достық қарым - қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі» макеті,шарлар,гүлдер,кеспе әріптер, сандар, таңбалар,интерактивті тақта.
Жүру барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар!Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып,барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік.Тойларыңыз тойға ұлассын.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын қалге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Еділ: Армысыздар қонақтар! Бүгін біз шексіз қуаныштымыз,себебі алғаш сауатымызды ашқан,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Мадина: Алғаш қолымызға гүл алып, Институт орта мектебінің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті.Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп,енді өзіміз оқи да, жаза да білеміз.
Еділ: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды қарсы алып.
Мадина: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе!
Аян: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Қарақат: Ұлдар, қыздар, тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Мұғалім:Енді әріптердің сырын ашып берейік.
Даяна: Қ Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
Дильназ: А Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
Мақтан тұтар өзіңді,
Кіп-кішкентай жас балаң
Амир: «З» Зау-зау заңғар заңғарлар,
Замандар бар, заңдар бар
З-да барлық заңдылық
Заңда з мен заң болар!
Аят: «А»: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
МАДИНА «Қ»: Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.
Еділ: «С»: Жағасында Ертістің
Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
Абай, Мұхтар, бабалар
Қарақат: «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан
Қылышты жаумен қырқысқан
Ең ежелгі астана
Қасиетті Түркістан!
Алишер «А»: Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті
Дамир: «Н»: Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы
М: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
Ендеше, сендер Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар. «Қошақаным» әнін шырқайық.
Мұғалім:
Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол -әліппе.
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
(Музыка қосылып, балалар әліппені тосады)
Мұғалім: Әліппе неге кешікті екен?
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі.
М: Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ ұстап алыпты. Оның бізге мынадай талабы бар екен.
1-тапсырма әліппе пәнінен екен.
Әліппеден неше әріп өттік? (42)
Дыбыс және әріп дегеніміз не?
Дыбыс нешеге бөлінеді? (2)
2-тапсырма математика пәнінен екен. Кәне тезірек шешіп жіберейік.
1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?
5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?
6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?
7. Дильназда 3 марка, Асанда 7 марка. Дилназда Асанға қарағанда неше марка кем?
3-тапсыпма. Дүниетану пәнінен болады. «Бұлт»ойыны
№1 Неше жыл мезгілі бар? (4 жыл мезгілі )
№2 Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге, өлі және тірі)
№3 «Ретін тап» ойыны (гүлдің өсуі)
№4 «Артығын тап» ойыны (кісі жасаған зат, табиғат)
Біз барлық тапсырмаларын орындадық, ендеше қошеметпен Әліппені қарсы алайық!
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Дильназ: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Аян:Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе - білім бесігі
Аят: Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Ән «Әліппе» хор
М: балалар, енді әліппемен қоштасар сәтте келіп жетті. Әліппе кітабынан әріптерді танып білдік. Ұқыпты, таза ұстадық. Не себепті? Өйткені біз әліппені жақсы көреміз.
Әліппе: Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
М: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!
Ана тілі:
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
М: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
Амир: Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
Алишер: -Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
Дамир: Үйретіп мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Даяна: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Барлығы хормен:
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Ән «Ұстазым»
М.Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
«Ата-ананы тыңдаймыз» әні
БИ ҰЛДАР
БИ ҚЫЗДАР
Ант қабылдау
1. Отанымды сүюге
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. Мектеп ережесін сақтауға
9. Үлкенді құрметтеуге
10. Кішіге қамқор болуға
Барлығы хормен:
Ант етеміз, Ант етеміз, ант етеміз
Ән: Мектебім немесе «Балдәурен»