7


Разработка урока Үй құстары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары

Сабақтың мақсаты: Үй құстарының тіршілігімен таныстыру,олардың пайдасын түсіндіру.

Міндеттері :

Білімділік : Оқушылардың өмір тәжірбиесіне сүйеніп, үй құстарының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға,күте білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үй құстарының суреттері, ойыншықтар, құстар дауысының жазбатаспасы.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі

Сәлем саған аспандағы күніміз.

Сәлем сіздерге мектебіміздегі ұстаздарымыз

Бақыттымыз бүгін бәріміз.

Сіздер бар болсаңыздар, біз де бармыз.

Қуанамыз, шаттанамыз бәріміз.

ІІ.Алған білімінің диагностикасы

Сынып 3топқа бөлінеді.Тапсырма беру.

-Балалар мына ала тауық жұмырқталарын жоғалтып алып ренжіп жылап сендерден көмек сұрап келіп тұр екен. Көмектесеміз бе? Ендеше мына тапсырмаларды орындайық.

1 топ-әлемде ең үлкен және ең кіші құсты ата.

(Африкалық түйеқұс 2м 74см)

(ең кішкентай құс -колибри 5.7см)

2топ-Ең әдемі құстарды ата.

3топ- Ауа райын құстарға қарап қалай болжаймыз

ІІІ.Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру.

Балалар жұмыртқаларды таптық. Ішінен шиқылдаған дыбыстар естіледі Балапандарға шығуға көмектесейік. Олай болса жұмырткалардың кабығын аршыйық

Үш топқа құрастырғыш қағаздар таратылады.Балалар құрастырады.

-Балалар не құрастырдыңдар?

Суреттерін тақтаға іліп, атау.

-Бұларды бір сөзбен не деп айтамыз?

-Үй құстары.

Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз " Үй құстары" екен.









Жұмбақ шешу:

1.Ерте тұрады

Жар салады (әтеш)

2.Күн бата қонақтап қалғыған

Таң ата жерден жем аңдыған(тауық)

3.Кеудесі қойқаңдап

Журеді байтаңдап(қаз)

-Балалар кімнің үйінде құс асырайды

Оқулықпен жұмыс.

1Мәтінді оқу. Суреттердегі құстарды атау.

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

1.Суреттегі үй құстарының тіршілігі жайында әңгімеле.

2.Тағы қандай үй құстарын білесіңдер,олардың күтімі жайында айт.

3.Құс фермалары қандай мақсатқа құрылған?

сергіту.Сынамақ

Бас бармақ,балан үйрек

Ортан терек, шылдыр шүмек

Кішкентай бөбек,

Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш,

Әй,әй балапан жамандақтан қаш!-деп,2рет қайталау.

Жұмыртқаның келесі қабығын аршыйық. Ол үшін мына тапсырманы орындайық

3 топқа сурет таратылады, коллаж құрастыру. 1топ - мамық, 2топ- ет, 3топ-жұмыртқа.

Дәптермен жұмыс.

Үй құстарының аттарын жазады.

IV.Қорытындылау

Ал енді жұмыртканы жарайық . Ол үшін мына тапсырманы орындайық

1топ-Құстың етіне жарнама беру.

2топ-балапан сөзіне рафт құрау.

3 топ-Құс фермаларындағы жұмысшыларға тілек айту.Тапсырмаларын айтып болғаннан кейін балапанға алтын қауырсындарын жапсырады, ал өзім тұмсығы мен аяғын жапсырып қорытындылаймын.

Шөп-шөп шөжелерім биін билеу

















































Разработка урока Үй құстары









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал