7


  • Учителю
  • «Ойнайық та, ойлайық» (спорттық жарыс)

«Ойнайық та, ойлайық» (спорттық жарыс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (спорттық жарыс)

Мақсаты: Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық болуға, бойында салауатты өмір салтын дарыту. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұйымшылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу



Көрнекілік: обруч, доп, скакалка


Әдісі: спорттық ойын


Пәнаралық байланыс: әліппе, дүниетану, математика.


Өтетін орны: спорт зал


Мерзімі: 24.12.2014ж



Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық» (спорттық жарыс)
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Армысыздар, Құрметті қонақтар!

Армысыздар, болашақтың бастауы, балғын шақты балалар!


Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң,

Үміт күткен ел арманы қолдасын!

Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан,

Ізгі ниет жақсы өнеге тозбасын, - дей келе бүгінгі «Ойнайық та, ойлайық» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!


Көңіл қойып қараңыз!

Жалындап тұр ғой баламыз!

Жарыссын кәне сайыскер.

Қол соғып қарсы аламыз!

Ортаға сайыскерлер кіреді

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер!

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер! - дей отырып әділ-қазылар алқаларымен танысып өтейік:

1.

2.

3.

ІІ. Сайыс барысы

  1. Кезең: Таныстыру (ұран)

  2. Кезең: Егіздер (екі оқушы допты ортасында алып жүреді)

  3. Кезең: Кедергілерден өту ( гимнастикалық таяқшаны артында ұстап барып, допты алып кедергілерден өтіп тапсырмаларды орындайды)

  4. Кезең: Жүйрік ой (қолды тізеге қойып отырып жүріп барып, тапсырманы орындайды)

  5. Кезең: Артығын тап (секірпемен секіріп барып обручтан өтіп тапсырманы орындайды)

1. Кезең: Таныстыру (ұран)

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Қадамдарың оң болсын,
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! - деп сөз кезегін топтарға береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.


1 - топ: «Тапқырлар» Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

2 - топ: «Ойшылдар» Білекті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.


2. Кезең: Егіздер

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі,-деп сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.

Егіздер (екі оқушы допты ортасында алып жүреді)


3. Кезең: Кедергілерден өту

Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне,

Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.

Денсаулықтың әліппесі әрқашан,

Жыр шашады қуана мына еліне,-деген жолдармен сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз

Кедергілерден өту ( гимнастикалық таяқшаны артында ұстап барып, допты алып кедергілерден өтіп тапсырмаларды орындайды)

Әліппе пәнінен тапсырмалар орындау

Түсіп қалған әріпті жаз:

Ас...л, Рауш...н, Жа...ар, төс..к,

4. Кезең: Жүйрік ой

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі,-деп сайысымыздың

Жүйрік ой кезеңіне кезек береміз (қолды тізеге қойып отырып жүру, тапсырманы орындайды)

Математика пәнінен тапсырмалар орындау

Өрнектің мәнін тап.

3+5=8 10-5= 5

6+3= 9 9-5= 4

4+6= 10 10-6= 4

7+2= 9 8-4= 4

1+9= 10 7-0= 7

8+2=10 6-4= 2

5. Кезең: Артығын тап

Салауатты өмір салтын сақтаймыз.

Жас құрбылар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың биік тұрып төріне,

Нұрлы жолмен биік рухпен бастаймыз!-деп өлеңдете келе

Артығын тап (секірпемен секіріп барып обручтан өтіп тапсырманы орындайды)

Дүниетану пәнінен тапсырмалар орындайды

ІІІ. Сайыстың қорытындысы жеңімпазды анықтау.

Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,

Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.

Денсаулықтың түсіндіріп әліппесін,

Жол салады айдын шалқар болашаққа.

Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын, спортты сүйетін сайыскерлеріміздің жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Ойнайық та, ойлайық» спорттық жарысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет!

Келесі кездескенше аман болайық!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал