7


Ана гүл-ана өьір шырағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ана,Ана,Ана! Не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының б
предварительный просмотр материала

Тақырыбы:«Ана-гүл, ана-өмір шырағы»

Мақсаты:Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру.Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу,ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру.даналық сөздер жазылған плакаттар,шарлар.

Мұғалім: Ана,Ана,Ана! Не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана-гүл, ана-өмір шырағы»-аты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып- деп ән мәтінінде айтылғандай,нұрлы шуағы мол наурыз айы туып,ақ жаулықты әжелер ,ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8-наурыз мерекесі келіп жетті.

2-жүргізуші:Сіздер ер- азаматтардың қолқанаты,тірегі мен жүрегі болып табыласыздар.Әжелеріміздің, аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім шапағатқа бөлене берсін.Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекесі құтты болсын.

1-жүргізуші:

Айналдым ана деген асыл аттан

Шуағын бар әлемге шашыратқан

2-жүргізуші:

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан

Хормен:Азамат

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар!

Би: Айгөлек

Мұғалім: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала анасымен бақытты-дегендей ортаға балаларды шақырайық.

1-оқушы:Али

Ана деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Аға деген сөзді де

Хормен: Ойлап тапқан балалар!

2-оқушы:Т.Аслан

Күнім жаным дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаным дегенді

Айналайын дегенді

Хормен: Ойлап тапқан балалар!

3-оқушы:Разияш

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан аналар

4-оқушы:Даниил

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Анадеген- бәйтерегі өмірдің

Анадеген-алтын қазақ ,алтын бақ

5-оқушы:Шынар

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай

6-оқушы:Елжас

Ана десем шешек ашып жанары

Өмірімнің бастау алар жанары

Ана деген тіршілікке пана боп

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

7-оқушы:Медина.Қ

Ана деген ақылшың

Анаң барда батырсың

Қасында кім болса да

Тек анаңа жақынсың

8-оқушы Санжар.А

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

9-оқушы Сәлімжан

Мұғалім:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп,Абай атамыз айтқандай Ерасылдың орындауында

Ән:«Менің анам алтын»

1-жүргізуші:

Дүниедегі құдіреттің бәрі,ананың тілегі,ананың мықтылығы арқасында жүзеге аспақ,

2-жүргізуші:

Ал, ақ самайлы, аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.

1-оқушы Сабина

Менің әжем бұл әже

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әже

Сахналық көрініс:Әжесі мен баласы. Диана мен Саят

-Жүрегім кім менің?

-Мен

-Тірегім кім менің?

-Мен

-Сәнім кім менің?

-Мен

-Ботақаным,балапаным,

Не деген тәтті баласын өзің!

Ой,қарғам менің!

-Жоқ, әже мен қарғаң мен емес!

Жо...Жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ оңдайдың.

Қарға қарқ-қарқ етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасында боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

1-жүргізуші:

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын

Көрінер толған айдай жүзі жарқын

2-жүргізуші:

Үлкеннің алдын орап,сөз сөйлемес

Халқының сақтай білген ізгі салтын-демекші,8-наурыз сүйкімді қыздарымыздың да мерекесі.

1-оқушы Біржан

Сабина біздің - арайлы
Ақырын сөйлеп қарайды
Үндемей жүріп басып оз,
Таңқалдырып талайды.
2-оқушы Дәурен

Сыныптың Томи үздігі,
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп ұстазға,
Үнемі алда жүреді.
3-оқушы Дәуір

Тазалықты сүйетін,
Сабағында білетін
Бота көзді Медина

Ұзақ болсын өмірің.

4-оқушы Санжар Т

Себепсіз қалмас сабақтан,
Көреміз сені тек алдан.
Өсе бер жайнап Камила
Ақылың бойға жарасқан.

5-оқушы Эльдар

Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Жүрегіңнен анаңа арнап ән шығарсаң,

Медина анашың өнеріңе ырза болар.

6-оқушы Аслан Ж

Бәрін біліп жүреді,

Ақ көңіл ашық мінезді.

Сыныптың әсем бишісі.

Еркеміз біздің Диана

7-оқушы Али

Ашық, жарқын қабағы,

Әр кез күліп жүреді

Шынар деген құрбымыз,

Ортамызда сыйлымыз!

8-оқушы Азамат

Құлпырып өсіп келеді,

Нәзіктігі гүлмен тең.

Разияш біздің көңілді-

Үнемі күліп жүреді

Ән: Аслан.Т

Би: Флешмоб(ұлдардың орындауында)

Ойын:

1.«Ананың алақанын сыйпап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орнын ауыстырып, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

2.«Жылы сөздер» Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.

Би:Вальс

Ән: Анашым.Орындайтын:Медина

Мұғалім:Балалар бүгін бізге қонаққа Гүлшат мұғалім келіп отыр,

(құттықтау сөз) келесі ән шашуымыз сізге арналады.

1-жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

2-жүргізуші:

Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз Ән:Анашым Би: Үнді биі

1-жүргізуші:

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

1-жүргізуші:

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз-дей отырып,біздің сыныптың ер жігіттері қыздарға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етсін.Ал,енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген сыйлықтарынт тапсырады.

Қорытынды:

Мұғалім:

Жарқыраған қызыл гүлдей

Болсын әсем өмірлеріңіз

Сәуле шашқан әсем күндей

Көтерілсің көңілдеріңіз

Ардақты аналар,әжелер мен қыздар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.Еңбектеріңіз табысты болып,шаңырақтарыңызға құт-береке дарысын! Аспанымыз ашық,мемлекетіміздің іргесі берік болсын.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал