7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Туған-туысқандар.Отбасындағы құқықтық нормалар

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Туған-туысқандар.Отбасындағы құқықтық нормалар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Дүниетану

Сынып: 4"Б"

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы

Практикант: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: «Туған-туысқандар.Отбасындағы құқықтық нормалар»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға отбасы деген ұғымның мағынасын терең түсіндіру,

отбасыдағы сыйластық, туған - туыстарға деген құрмет қасиеттерін

қалыптастыру. Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету

Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезіміне әсер ете отырып олардың отбасы, туысқан туралы ұғымын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа кішіпейілдікке

сыйластыққа тәрбиелеу. Олардың өз өмірінде қандай рөл атқаратынын санасына қалыптастыру.



Көрнекіліктер: отбасының, туысқандардың суреті,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме,балалар! Отырыңыздар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін.Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл-күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

а) Психологиялық дайындық

-Балалар сабақты бастамас бұрын бойымызды біраз сергітіп,көнілімізді көтеріп алайық.Ол үшін орнымыздан тұрып, менімен бірге өлеңді, іс-қимылдарды қайталаймыз.

Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық - екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та - үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

-Жарайсыңдар! Орындарыңызға отыра қойыңыздар!

II.Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? (Отбасы -шағын мемлекет)

-Жақсы

-Үйге қандай тапсырма берілді? (мазмұндау)

-Ендеше үйге берілген «Отбасы - шағын мемлекет» тақырыбының мазмұнын кім айтып береді?

-Сонымен, отбасын неге «шағын мемлекет» дейді?

-Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?

-Туыстармен қарым - қатынасты кім реттейді?

-Өзің отбасыңа қандай көмек бересің?

-Жақсы ,жарайсыңдар!

- Балалар, мына мақалдардың жасырын сөзін тауып көрейікші:

... тату болса - ат көп, (ағайын)

... тату болса - ас көп. (абысын)

... - туырлығым, (туғаным)

... - қазынам. (қарындасым)



III. Жаңа сабақ

Енді тақтаға назар аударайық .( Тақтаға отбасы мүшелерімен туысқандарды бір-бірлеп ілемін,оқушылар кімдер екенін табулары керек)

- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз «Туған - туысқандар.Отбасындағы құқықтық нормалар» - мен танысамыз!

-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

-«Отбасының басшысы » кім болады

-Өзіңнің отбасың жайлы айтып бер.

-Отбасындағы құқықтық нормаларды білесіңдер ме?

-Отбасыңда қандай ережелер бар? (Оқушылар өз бетімен әңгімелейді)

-Балалар, енді туыс деп кімдерді атайды?

-Оларды не үшін туыс деп атайды?

Отбасы дегеніміз- отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата -әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.



-Қазақта жігіттің үш жұрты бар болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты - өзіңнің ата, әжесі, әке - шешесі, аға - жеңгесі, әпкесі, іні - қарындастары, т. б. аталас туыстары жатады. Нағашы жұрт - өзіңнің анаңның туыстары, яғни, төркіні. Анаңның туыстары саған - нағашы, ал сен оларға - жиен боласың. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген мақал да бар, ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салынады. Жігітке ең жақын жұрт - нағашысы.

IV.Дәптермен жұмыс

- Оқушылар дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.

Отбасы, отан, жанұя,туған-туысқа байланысты білетін мақал-мәтелдерімізді есімізге түсіріп, дәптерімізге жазып алайық.

  • Көп ақымақтың ағасы болғанша, көп ақылдының інісі бол.

  • Ағайында өкпе бар да, кек жоқ.

  • Ағайын - ағайынның айнасы.

  • Қарындасың - қарлығашың.

  • Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар.

  • Отан -отбасынан басталады.

-Жарайсыңдар мақалға жүйрік екендеріңді дәлелдедіңдер.



V. Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



VI.Тақтамен жұмыс

-Балалар тақтаға назар аударсақ, мына жерде «отбасы мүшелері» және «туысқандар» деп жазылған жазуды көріп тұрмыз, енді осы сөздердің астында араласып тұрған сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.

Отбасы мүшелері Туысқандар

Ата,әпке,бауыр Нағашы аға, нағашы әпке,

әке,ана Жиен, бөле, жезде,

Аға,апа, Нағашы ата,

Іні-сіңілі, қарындас балдыз











VII.Бекіту

Логикалық ойын

- Менің әпкемнің күйеуі, маған кім болады? (жездем)

- Менің әкемнің әйелі, маған кім болады? (анам)

- Менің әпкемнің баласы, менің балама қандай туыс? (бөлем)

- Сенің анаңның әпкесі, саған кім болады? (

-



VIII .Қорытынды

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Отбасы дегеніміз не?

-Отбасы мен туысқандардың айырмашылығы?

-Жігіттің неше жұрты болады?

-Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

-Сабақ ұнады ма?

IX.Үйге тапсырма

  • Үйде «Менің жақындарым» тақырыбында шағын эссе жазып келеміз.

X.Бағалау

-Тамаша балалар, сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Белсене қатысып отырған балаларды бағалаймын.Сау болыңыздар!



</<br>





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал