7


  • Учителю
  • Презентация по самопознанию:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 1 сынып

Презентация по самопознанию:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ең үздік бастауыш сынып ашық сабағы

Омарова Дарига Сулейменовна

№58 жалпы білім беретін орта мектеп КММ

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

1 «А»

«Өзін-өзі тану пәні ана тілі пәнімен ықпалдастыруы.

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қамқорлық,қайырымдылық,адалдық.Сабақ мақсаты :Оқушыларға жақсы және жаман әдеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасау құндылықтарын дамыту.

Міндеттері:

1. Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету

2.Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту

3. Жақсыны бойға сіңіру, жаманнан аулақ болуға, басқаларға адал болып,қамқорлық, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу



Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Слайдтар

Бейнематериалдар

Маркер

Ватмандар



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.





Сұрақтары:

1.Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

2.Қандай сезімде болдыңдар?

Қорытынды:Олай болса әркімге,әрқашанда жақсылық тілеп жүрейік.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

З. Мейiрханованың «Маржан мен жауқазын»әңгімесін оқу.

Маржан бала кезiнен табиғатты және оның байлықтарын сүйiп өстi. Ата-бабасынан берiлген қасиет шығар, атасы Есқалиды ауылдастары Мичуриннiң iзбасары дейтiн. Бiрде Маржан серуендеп жүрiп, бiр жылаған дауысқа құлағын түрдi. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естiледi. Барлық күш-жiгерiн салып, тасты көтерiп едi, тастың астында қылтиып өсiп келе жатқан жауқазын гүлi, жапырақтары бүрiсiп қалыпты, күлтесi де мыжылған. Маржан тасты көтерiп қалған сәтте-ақ, жауқазын "ух!" деп тыныстады:

- Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы?

Жауқазын әлсiз де нәзiк даусымен мән-жайды түсiндiре бастады.

- Күз айының аяқ кезiнде мына тас маған пана болам деп уәде берiп едi. Мiне, аяғы қандай жағдайға душар болдым.

Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрiсiп қалған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.

- Жауқазын, сен налыма, менiң жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, - дедi.

Сұрақтар:

1. Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

2. Тас пен Маржанның іс-әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

Қорытынды:Балалар, адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы. Олай болса, балалар, табиғатқа қамқорлығымызды көрсетіп, жаман әдеттерден аулақ болып,тек жақсы істер жасауға тырысайық.



3.Жағымды ой-пікір.Дәйексөз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» (Халық даналығы)

Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - дейді. Мен де сендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де өз достарыңның, сыныптастырыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар.

2-3 баладан жатқа сұрау.

Сұрақтары:

1.Осы халық даналығын қалай түсіндіңдер?

2.Сендер қандай жақсылық жасадыңдар?

Қорытынды:

Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға қайырымды болып, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Ойткені жасаған жақсылық ешқашанда ұмытылмайды.





4.Оқиға айту. (Мұғалімнің сыйы).

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Сұрақ:

1 Әңгіме не туралы айтылған

2.Балалар, кімнің әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар?

3.Сен баланың орнында болсаң не істер едің?

4.Сендерде осындай оқиға болды ма?

Қорытынды: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.Олай болса,қолдан келгенінше айналамызға тек жақсылық жасауымыз керек.



5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тапсырма:

2 топқа төмендегідей тапсырма беру.

1-топқа:Адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазу.

2-топқа:Адам бойындағы жаман әдеттерді жазу.

Дәптермен жұмыс:

Күннің орнында болсаңдар, жан-жағыңа қандай жылылық сыйлар едіңдер, ойларыңды жазыңдар.

Қорытынды: Балалар, күн сен үлкен-сен кішкентай,сен жақсы-сен жаман деп алаламай, барлығымызға нұрын шашып тұр.Олай болса, күн сияқты жан-жағымызға тек жақсылық тілеп, жақсы істер ғана жасауымыз керек.



6.Топпен ән айту.

Ән "Жақсы адамдар». Сөзі С.Қалықовтікі.

1) Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі,

Пенделіктен өресі аспағандар.

Қайырмасы

Жақсы көрем сондықтан мен сендерді,

Менде бір сәт көтеріп еңсемді енді.

Сендер салған адамдық ардың жолы,

Болашаққа көрсетіп берсем болды.



2) Жақсы көрем сендерді мен неліктен?

Мінезіңмен мызғымас ерге біткен.

Адамдықтың алдында аласарып,

Биік тұрған қашанда пенделіктен.

Сұрақ:

  1. Ән не жайында?

  2. Сендер қандай адамды жақсы көресіңдер?

Қорытынды: Ендеше, жақсы адамдар қатарынан табыла білейік.



7.Үй тапсырмасы.

«Қайырымдылық» мәтінін оқу.





8. Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Көз алдымызға бүгінгі сабақтан алған құндылықтарымызды, жақсы қасиеттерімізді елестетеміз, жүрегімізге сақтап аламыз.

Қорытындылау: Әрқашан, тек дұрыс жолмен жүріп, дұрыс әрекет жасап, жақсы оқушы атанайық,балалар!





Қолданылған әдебиеттер:

1.Өзін -өзі тану. Оқулық. А.Сейтақов, Ұ. Әбдіғапбарова. «Бөбек»

2.Өзін -өзі тану. Оқушы дәптері. А.Сейтақов, Ұ. Әбдіғапбарова. «Бөбек»

3. «Самопознание» журналы №3 2012









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал