7


  • Учителю
  • Дидактический материал для 5-7 классов 'Отбасы'

Дидактический материал для 5-7 классов 'Отбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: "Отбасы" тақырыбына арналған дидактикалық материалдар 5-7 орыс сыныбына арналған. Бұнда отбасы тақырыбына әр түрлі мәтіндер бар. Әр мәтін бойынша сөздік берілген. Сонымен қатар жаттығулар берілген. Жаттығулар көбінесе грамматикалық тақырыптар бойынша құрастырылып жина
предварительный просмотр материала

ОТБАСЫ МОДУЛЬІНЕ АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


Отбасы

Отбасы әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Отбасында ұл баллаларға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. Қыз балаға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады. Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін маңызды. Әрбір қазақ отбасы балаларына қамқор болып, оларды жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады. Біз де өз отбасымызда жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысамыз. Отбасымызда туған күн әрдайым тойланады. Ата - анамыз үйге қонақ шақырып, қазақ дастарханын даярлауды бізге үйретіп отырады. Сыйластық сақтау отбасымызда дәстүрге айналған. Демалыс күндерін бәріміз бірге өткіземіз. Саяжайда бақша егіп, саяхатқа шыққанды ұнатамыз. Сенбі күні кешке отбасылық сұхбат құрып, теледидардан соңғы жаңалықты тыңдаймыз. Алыс жақтағы туыстарымызбен хабарласамыз. Жақсы дәстүр отбасының шаңыраққа айналуына тірек болады.


1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңдар.

Отбасы әр адамның _______________. Отбасы ұрпақтарға _____________________ қалыптастыруда _________________ алады. Қазақ отбасында ______________________

________________ тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Отбасында ұл баллаларға үйдің __________________________ үйретеді. Қыз балаға ______________________ дағдыларын қалыптастырады. Отбасында белгілі ______________________қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін маңызды. Әрбір қазақ отбасы ______________ қамқор болып, оларды _____________________________ күш салады. Біз де өз отбасымызда жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысамыз. Отбасымызда ________________ әрдайым тойланады. Ата - анамыз үйге ___________ шақырып, қазақ _______________________ даярлауды бізге үйретіп отырады. Сыйластық сақтау отбасымызда _________________ айналған. Демалыс күндерін бәріміз бірге өткіземіз. Саяжайда бақша егіп, саяхатқа шыққанды ұнатамыз. Сенбі күні кешке ______________________ құрып, теледидардан соңғы _______________ тыңдаймыз. Алыс жақтағы ________________ хабарласамыз. Жақсы дәстүр отбасының ________________ айналуына тірек болады.

2 - тапсырма. Проблемалық жағдаятты туғызу.

1 топ.

  • Қазіргі заманда, XXI ғасырда, осындай пікірмен келісесіңдер ме?

  • Үйде кім не жұмыспен айналысуға тиіс деп ойлайсыз?

Сөйлеу үлгілері:

Бұл негізінен дұрыс, себебі ... .

Бұл дұрыс емес , себебі ... .

... деген пікірге қосыламын /қосылмаймын , өйткені ... .

Меніңше, ... деп ойлаймын.

Ер адам ... керек. Әйел адам ... керек .


2-топ

Отбасы мүшелері үйде қандай міндеттер атқаруы тиіс екені туралы басқа топтың оқушыларының пікірін сұраңыз. Олармен пікірталас ұйымдастырыңыз.

Сөйлеу үлгілері:

... білейін деп едім, ...?

... сен қалай ойлайсың, ...?

Пікірің дұрыс, ...

Бұған қосылмаймын, ... .

Бұған қосыламын, ... .

3-тапсырма.

Отбасында ер адам қандай болуы керек? Әйел адам туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды айтыңыз.

Сөйлеу үлгілері:

Ер адам отбасында басты тұлға, сондықтан да ... . Әйел адам ... болуы керек. Сіздікі дұрыс, себебі ... .

( Жоқ, олай емес, ... басты міндеті ... )

4-тапсырма.

«Анашым - ақылшым» және «әкешім - тірегім» деген тақырыптарда ой толғау.

5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. «Менің отбасым».

6-тапсырма. Сөз тіркестерін кұрастырыңдар:

Зат есім+зат есім

Сын есім + зат есім

Зат есім + етістік

Есімдік +зат есім


Менің жанұям

Менің аты-жөнім Асқар Омарұлы, жасым отыз екіде. Менің жанұям үлкен. Жанұямда жеті адам бар. Менің әкем, шешем, әйелім, ұлым, екі қызым бар. Менің әкем алпыс бесте, шешем елу жетіде. Әйелімнің есімі Алма. Жасы жиырма сегізде. Ұлымның аты Болат. Ол 7 жаста. Ол бірінші сыныпта оқиды. Қызымның аты Сәуле, ол 4 жаста. Сәуле балалар бақшасына барады. Кіші қызым бір жаста. Оның аты Айнұр.


Сөздік


Ұл - мальчик

Қыз - дочь

Оқушы, шәкірт - ученик

Күйеу - муж

Әйел - женщина


1-тапсырма. Аударыңыз.

Мой дом, мой родной язык, мой дед, моя бабушка, мой брат, моя сестра, ваш дом, его дом.

2-тапсырма.

А. Жуан түбірлі сөздерді теріп жазыңдар.

Мектеп, оқушы, ұстаз, мұғалім, шәкірт, бала, қыз, үлгілі, тәртіпті, дарынды, сауатты.

Б. Жіңішке түбірлі сөздерді теріп жазыңдар.

Отан, ел, мемлекет, тәуелсіз, асатана, әдемі, сұлу, халқы, ұлты, қорғайды, сүйеді.

4-тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңдар.

Тыныштық, шәкірт, дәптер.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал