- Учителю
- Зат есім тақырыбы бойынша ақпараттық құзыреттілікті анықтауға бағытталған тапсырма 2 сынып
Зат есім тақырыбы бойынша ақпараттық құзыреттілікті анықтауға бағытталған тапсырма 2 сынып
Ақпараттық құзыреттілікті анықтауға арналған құзыреттілік бағытындағы тапсырма
Сынып: 2
Тарау: Сөз таптары
Тақырып: Зат есім, оның мағынасы, сұрақтары.
Аспект: зат есім, оның мағынасы, сұрақтарымен таныстыру.
Ынталандыру: егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң чемпион атанасың.
Тапсырма № 1
Мақалдарды оқып шығу. Қарамен жазылған сөздердің түбірімен қосымшасын табу. Қандай айырмашылығы бар?
Ағаның үйі -ақ жайлау.
Ағаны көріп іні өсер.
Бұл сөздегі қосылған қосымша қай түрі?
1 тапсырма дұрыс талданса 1 ұпай.
Тапсырма № 2
Берілген сөздердің түбірі мен жалғауын тауып, белгіле.
Тоғайда, жұлдыздар, алманы, сәбізде, ағаштың, арыстанмен.
2 тапсырма дұрыс талданса 2 ұпай.
Тапсырма № 3
Сөздерге тиісті жалғауларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
-
Айгүл, іні, мектеп, бар.
-
Гүлшат, аға, жарыс, қатыс.
-
Болат, әке, Астана, кел.
3 тапсырма дұрыс талданса 3ұпай.
Тапсырма № 4
Берілген сөздерге жалғаулар және жұрнақтар жалғап жаз. 2-3 сөйлем құрастыр.
Ас, сурет, кітап, жұлдыз, теңіз, дәрі.
˄ ˄
Үлгі: асқа, аспаз
˄ ˄
суретке, суретші. т.с.с.
4 тапсырма дұрыс талданса 5 ұпай.
Өз-өзіңді бағала ұпай санын санап, ұпай санына сай смайликті белгіле.
Жарайсың!!! (11-10 ұпай). Жақсы!! (7-9 ұпай). Дайындалу керек! (6-3 ұпай).
Ақпараттық құзыреттілікті анықтауға арналған құзыреттілік бағытындағы тапсырма
Сынып: 2
Тарау: 0-100 -ге дейінгі сандарды ауызша қосу және азайту тәсілі.
Тақырып: Шаршы. Шаршының периметрі.
Аспект:0-100 -ге дейінгі сандарды ауызша қосу және азайту. Шаршының периметрін табу.
Ынталандыру: егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң бүгінгі сабақтың чемпионы атанасың.
Тапсырма № 1
Барлық қабырғалары 3 см болатын шаршы сыз. Шаршының периметрін тап.
1 тапсырма дұрыс талданса 1 ұпай.
Тапсырма № 2
Түсіндіре отырып есепте.
58+31 89-65 32+42
˄ ˄ ˄ ˄ ˄ ˄
41+36 85-51 75-32
˄ ˄ ˄ ˄ ˄ ˄
2 тапсырма дұрыс талданса 2 ұпай.
Тапсырма № 3
Теңдеулерді шеш:
25+х = 30+45 90-у=45+15
3 тапсырма дұрыс талданса 3ұпай.
Тапсырма № 4
Есепті шығар:
а) Қорада 45 ақ қой, олардан 13-ке кем қара қой бар. Қорада неше қара қой бар?
ә) Екі амалмен орындлатындай есептің сұрағын өзгерт. Есепті шығар.
4 тапсырма дұрыс талданса 5 ұпай.
Өз-өзіңді бағала ұпай санын санап, ұпай санына сай смайликті белгіле.
Жарайсың!!! (11-10 ұпай). Жақсы!! (7-9 ұпай). Дайындалу керек! (6-3 ұпай).