7


  • Учителю
  • Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

«Қызылжар орта мектебі» ММ





















Оспанов Фархад

3 «А» сынып



«Төрт түлік мал- ырысым»

6-секция биология, химия, экология

























Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсембекова Клара Ерназаровна













































Көкшетау 2016 жыл

Аннотация





Бұл жобада төрт түліктің пайдасы туралы кеңінен мәлімет беріледі. Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін білген.

Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген еңбекшіл де епті халқымыз мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдана білетіні туралы қарастырылды.





Аннотация

В этом проекте рассматривается польза черырех видов домашнего скота. Казахский народ издревне занимался скотоводством. Имея богатый опыт укоренившийся веками, они знали природу жизни и ценности скота.

Детально рассмотрены тонкости животноводства, также владение животноводческой продукции с применением в бытовой сфере.





















































































Жобаның маңыздылығы:

Біздің халқымыздың өмірі ата кәсібімен байланысты екенін дәлелдеу және жеткізу. Кейінгі жастарымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу мақсатында, олардың бәрі бірдей малды бақпас, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшіліктерін жадында сақтау үшін зерттеу, танып- білу жұмыстарын жүргізу.

Қазақ этномәдениетін сипаттайтын өзекті арқаудың бірі - мал шаруашылығының ішінде қазақ жерінде жылқы малына байланысты. Жылқының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау.





Жобаның мақсаты:

А. Қазақ халқымыздың төрт түлікке байланысты қадір-тұтқан көне және мәдени ерекшеліктерімен танысу;

Б. Мал өнімдерін тұрмыстық салада қолдану тәсілдері. Төрт түлікке орай ұлттық тәрбие, өнеге үлгілері жайлы танып білу.





Міндеті:

  • Әдебиеттерді іріктеу және реттеу .

  • Мал шаруашылғына байланысты әдеби деректер жинау;

  • Көне әдебиеттерден мал шаруашылығының шығу тарихы туралы мәліметтерді іздеу.

  • Мал шаруашылығы: төрт түлік малға қатысты еңбектерді оқу.





Зерттеуді керек қылатын келелі мәселе:

Төрт түлік малдың адамға берер пайдасы.





Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық саласын дамыту, малды асылдандыру..





Зерттеу тақырыбы: Мал шаруашылығы





Зерттеу әдісі: Дереккөздерді іздеу, бақылау.





Кіріспе:

Қазақ халқының көшпелі тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы - ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.





Негізгі бөлім.

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы - ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Құлын- биенің жас төлі. Өте әдемі келеді. Сондықтан тілімізде «құлын мүше» деген фразеологизм қалыптасқан. Жаңа туған құлынды «құлан мүшелі құлын», «арғымақ денелі құлын», «қаз мойын» деп атаған. Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»





Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.

Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.

Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Қой жүні - қой терісінде өсетін түк, түбіт, қылшық. Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын, қойдан қырқып алынатын ең маңызды өнім. Қойдан басқа да жүн, түбіт, қыл-қылшық беретін малдар болғанымен, олардан алынатын өнім қой жүнімен салыстырылғанда өте аз түседі. Төрт түліктен алынатын барлық жүн мөлшерін салыстыра қарағанда, бүкіл өнімнің 80-90 пайызын қойдан алады. Өндірілетін барлық жүн түрінің 10-15 пайызы ғана түйе, ешкі, жылқы түлігінің үлесіне тиеді. Мұның өзі қазақ жерінде көне замандардан бері қой өсірудің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.

Қой жүні басқа мал түрлерінің жүнінен өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

- қой жүні мейлінше мықты; оның мықтылығын өзінің жіңішкелігіндей сымтемірдің беріктігімен салыстыруға болады;

- жіңішкелігі дәл өзіндей заттардың бәрінен қой жүні жеңіл;

- қой жүні жылуды жақсы сақтайды;

- қой жүні созылғыш; қой жүнінен жасалған киімнің және т.б. бұйымдардың (тоқым, алаша, кілем, дорба) су мен дымқылдан иленбейтіні соған байланысты;

қой жүні бояуды жақсы сіңіреді, ұзақ уақыт бойы бояуын жоғалтпайды.

Қой жүні түліктің жас ерекшеліктеріне, қойдың дене мүшесіне (қой денесінің қай жеріне өскеніне), жыл маусымына, жүннің сапасы мен құрамына қарай ажыратылады.

Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Төрт түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың өз малына салатын таңбасы болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған.

Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар - жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.





Бұлқыншақ Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Бұлқыншақ - сусын құюға арналған тері ыдыс. Оны жасау үшін жылқының сан терісін шашасына дейін бітеу сойып алады да саба әзірлегендей жолдардан өткізеді. Сан жағына сопақшалау етіп тері тігеді, ол пайдаланғанда астынғы жағына келеді. Аузына ағаштан, тоздан тығын жасалады.

Бұлқыншақ ердің қасына,кереге басына ілуге, жаяудың иығына асуға ыңғайлы ыдыс.





Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»





Қазақ халқы мал терісін шаруашылықтың әр саласында қолдана білді. Жылқы терісін илеп сәнді ер-тоқымды, ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп өріп жасады. Теріні тулақ етіп, төсеніш жасады.













Сүт өнімдеріҒылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

















Мал сүтінен жасалатын тағам түрлері өте көп. Шұбат, қымыз - денсаулыққа аса пайдалы шипалы сусындар. Сиыр мен қой сүтінген айран, қатық, қаймақ, май, сүзбе, ірімшік, құрт, ежігей тағы басқа көптеген ұлттық тағамдар жасалады. Қазақ халқы бұл тағамдарды ыстық күнде қарапайым жағдайда тамақты бұзбай қалай сақтау керектігін білген. Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Сүт және қышқыл сүт өнімдерінің түрлері. Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне мыналар жатады: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ.

Сүт - бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.

Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»Қымыз - бұл бие сүтінен немесе басқа да ауыл шаруашылығы малдарының майы алынған сүттерінен жасалатын қышқыл сүтті диеталық сусын. Егер қымызды сиыр сүтінен жасаса, онда қаймағы алынбаған және қаймағы алынған сүт қоспасын, сүт іріткісін және қантты (2,5%) зарарсыздандырады, суытады, сосын қышқыл сүт пен спирттен тұратын аралас ашытуды қамтамасыз ететін арнайы ашытқыда ашытады, бұл антибиотикалық (туберкулезге қарсы) заттың қалыптасуына себеп болады.

Шұбатты түйе сүтінен жасайды. Ол қымызға қарағанда қоюрақ және майлылырақ болады, жақсы сақталады, өзінің емдік қасиетін ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды.

Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»Құрт - бұл қарапайым тұздалып, кептірілген ірімшік. Сүтті ашыту керек, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату керек. Сүзіп, тұздап, алақанмен пішінін келтіріп, таза ауада кептіру қажет. Бұл - ең қарапайым тәсіл.

Айран - бұл Қазақстанда кеңінен тараған қышқыл сүтті сусын. Айранды дайындау үшін бір литр сүтке жарты стақаннан 3/4 -іне дейін ашытқы құю керек. Ашытқы ретінде қатық, айран немесе қаймақты пайдалануға болады. Сүтті әбден қайнатып, бөлме температурасына дейін салқындату қажет, дайындалған ашытқыны қосып араластыру, сосын шыны ыдысқа немесе керамикалық ыдысқа құю керек, содан кейін әбден ұюы үшін бесалты сағатқа қою қажет.

Қаймақ зарарсыздандырылған кілегейден алынады, қышқыл сүт бактерияларының таза дақылдарынан ашытылып, дайын болуы үшін біраз уақытқа қойылады. Кілегей 18-20° С температурада 3 сағат бойы ашытылады, мұндайда қаймақтың қышқылдығы көтеріледі. Алынған қаймақ бір тәулікке 2-6° С температураға қойылады. Ақуыздың бөрту процесі мен май түйіршіктерінің қатуы нәтижесінде қаймақ таза консистенцияға ие болады, хош иісті заттар мен қышқылдықты бойына жинайды.



Қазақша ет (Бесбармақ)Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»





Қазақша ет асу үшін жылқы етін салқын су қуюға қазанға тұтас салынады да отты басынқырап қойып бабымен қайнатылады. Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі - ауық -ауық сапырып қойылады.Сонда көбігі тарайды. Еттің маңызы сол көбігінде болады. Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

Етке қамыр дайындалады. Иленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздап су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып қамыр иленеді де, күлше қалпына келітіріліп жазып төрт бұрыштап кесіледі.

Ешкінің, қойдың қылынан , түбітінен де бағалы бұйымдар тоқылады. Сәнді бөкебай, күртеше, қолғап, шұлық ешкі түбітінен тоқылады. Бұл- әрі бағалы, әрі сәнді, әрі жылы киім.Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»

















Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»











Ғылыми жоба «Төрт түлік мал- ырысым»



















Қорытынды:

«Малым- жаным садағасы, жаным- арым садағасы» деген ата- бабамыз мал атаулының қадір- қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған. Қазақстан жерін малсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазақ- ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Осының бәрі қазақ халқы баяғы заманның өзінде-ақ әр түліктің қасиеттерін, өзіне тән ерекшеліктерін сондай жақсы айыра білгендігін дәлелдейді.Төрт түлік малды әрқашанда қадір тұтып, құрметтеп жүрейік!

Төрт түлік малды асылдандыру, көбейту мақсатында жұмыс істейік.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақтың дарқан дастарқаны» Кенжеахметұлы Сейіт. «Алматы кітап» Жамбыл көшесі-111.

  2. «Салтынды сақта, дәсүрінді дәріпте» Қайыржан Макин. Алматы қаласы, Абай даңғылығы, 143.

  3. «Балдырған журналы» 2003. №8. 2004 №4. 2005. №2. 2006 №10 жылдардағы басылымдар.

  4. Қазақ әдебиеті жураналы» № 3 2008 жыл

  5. Әдебиет оқу кітаптары: 5,6,7,8,9- сыныптар оқулықтары.

















16



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал