- Учителю
- Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет атты бастауышпен қоштасу мерекелік кеші
Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет атты бастауышпен қоштасу мерекелік кеші
Тақырыбы: "Болашаққа тұратын нұр себелеп,
Бастауышым балғын шағым сен керемет"
Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын ерекше мән беру.
Бастауыш сыныпта алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы
үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу. Білімді болуға шақыру,
мектепте ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер,
шарлар.
Сабақтың барысы:
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен. - деп жырлай отырып, тарыдай болып
кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды
айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің бастауыш сыныпты аяқтау
мерекесіне қош келдіңіздер!
Қымбатты оқушылар, ата-аналар, әріптестер! Бүгінгі күн осында
отырған бәріміз үшін ерекше күн. Себебі, осыдан 4 жыл бұрын мектеп
табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып, білім алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты
да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, "Болашаққа тұратын нұр себелеп,
Бастауыш балғын шағым сен керемет" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар,
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Енді бастуыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.
( музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға шығады)
1-жүргізуші:
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі оқушыларымыз, біреуі анасымен, біреуі
әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын
аттап еді.
2- жүргізуші:
Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай
отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.
1-жүргізуші:
Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті танып, 1-ден
100-ге дейінгі , 1000-ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге
жетті.
2-жүргізуші:
Содан бергі 4-жыл ішінде талай нәрсені бойыңа сіңіріп үйренді.
Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш мектеппен және бізді
білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отыр.
Дания:
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сезім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Адият:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Махабек:
Армысың сен алтын ұя мектебім.
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Жасұлан:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ән: Мектебім
1-жүргізуші:
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз, ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арналған ән жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің ?
2-жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. "Мұғалім мектептің жүрегі" деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-жүргізуші:
Дұрыс айтасың , ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі -бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2-жүргізуші:
Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз "Болашақтың басшысы да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді" деген екен. Олай болса, келесі жырларымыз ұстаздарымызға арналады.
Адият:
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылым бізге жиып, мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Махабек:
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Жасұлан:
Жарық күннен жылы жүзің елестер
Құлағымда өзің берген кеңестер
Жанарымда алыс тартқан қара жол
Көз жұмсап та, көретұғын белестер..
Дания:
Мұғалім Ұстазысың балалардың.
Болашақ ғылымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орныңа,
Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.
Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.
ән: Ұстазым
1-жүргізуші:
Бүгін біз бәріміз қуанып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз ұстаздар дедік.Дұрыс айтасыңдар. Бірақ соның ішінде өзіміздің сынып жетекшіміз, алғашқы ұстазымыздың атын неге айтпасқа. Жұпар мұғалімге арнаған жүректен шыққан арнауымызды айтайық.
Дания:
Шуағын шашқан ақ апай,
Рахымың сенің рахат-ай!
Аяулы, асыл анасың,
Парқың аппақ парақтай.
Ажыраймыз сізден амалсыз,
Тауысып әттең тағаттай. (гүл шоғы беріледі)
Би: лизгинка
1-жүргізуші:
4 жыл бұрын, 6 жастағы сәби балалар сөмкелерің зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған еді.
2-жүргізуші:
Енді міне сауаттарің ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұр.
1-жүргізуші:
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше бастауыш сынып туралы неге айтпасқа.
Жасұлан:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз
Әр бетін әліппесін күле ашқанбыз
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Махабек:
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Адият:
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.
Дания:
Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым.
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Әрбір пәннің өзіндік әр сыры бар,
Әрбір пәннің өзіне айтар жыры бар.
Сол пәндердің құпиясын жеткізген
Әр ұстаздың жадымызда үні бар.
Дания:
Бұл тілдің сан қырларын бағындырған
Сабақтары біздерді сағындырған
Сандуғаш апай сөйлеп кетсе
Орысыңның өзінде жаңылдырған
Махабек:
Әсемгүл апай саналады жеке дара
Мектепте онсыз өтпес онсыз шара
Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз
Әніңізді жаттаған әрбір бала
Адият:
Кім білмейді мектепте Сапар ағайды
Спорт десе жоқтан ол бар жасайды
Қашанда спорт залдан табылатын
Сыйлаймыз біз шынықтырушы
Жасұлан:
Монитор, пернетақта сөздің басы
Өрмелейді компьютермен өрге тасың
Бүгінде жаҺандану заманында
Жүзім апайымның зор ғой бізге «бәсі»
Дания:
Үйренеміз жалықпай,
Өзін-өзі тану пәнін шарықтай.
Шаттанамыз қалықтай,
Ақжарқын апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.
ұлдардың әні: Ұстазым, менін Ұстазым
1-жүргізуші:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
2-жүргізуші:
Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Ұстаз сөзін ұғатын
Сенімдерден шығатын
Үлгіліміз, талаптымыз
Жақсы оқимыз сабақты біз.
Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Келесі кезек пәндерге арналады.
Махабек:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл білім үйреткен
Ана тілін оқыдық
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз
Құрметпен бас иеміз.
Ана тілімен қоштасамыз
Әдебиетпен достасамыз.
Адият:
Ойланып есеп шығартып
Төрт таңбаны білдірген
Ғылымдардың патшасы
Математика данасы.
Жасұлан:
Қазақ тілі пәнінен
Білім алды балалар.
Сөйлемді сөз таптарын
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар,
Ережесін жаттадым.
Би: Дания
1-жүргізуші:
Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.
2-жүргізуші:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Көрініс:
1-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкіттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден - дей келе қонақтары бүгінгі
ертеңгілігімізді қорытындылау үшін мектебіміздің директоры
Осумханова Балжан Молдағалиқызына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
1-жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүреді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.
Ұстаз:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне
Сенімдердің айналыңдар серперіне
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін
Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе - дей отырып, бір саты жоғары сыныптың баспалдағын сүрінбей биікке шығуларыңа мен шын жүректен тілектеспін.
Би топпен
1-жүргізуші:
Қанаттарың қатайды,
Биікке енді самғаңдар.
Білім жолы - сара жол,
Ізденіңдер талмаңдар!
- дей отырып қоштасу әнін тыңдаңыздар.
Хор: "Бастауышпен қоштасу"
2-жүргізуші:
Алдарыңда ұзақ жолдарың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,- деп "Болашаққа тұратын нұр себелеп, Бастауышым балғын шағым сен керемет" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз!
Лебяжі ауданының Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп
Тақырыбы:
Орындаған: 4 сынып жетекшісі Тасимова Т.
</<font face="Times New Roman, serif">2014-2015 оқу жылы