- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер тобы, мүшелері, маңызы.
Сабақтың мақсаты: 1.Тақырып бойынша сипаттаманы бақылау тәсілі арқылы
жүргізіп үйрену.
2.Өсімдіктердің айырмашылық бөліктерін табу, оларды
топтастырып адамға, табиғатқа маңызын анықтау.
3.Ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Жұппен жұмыс, бақылау әдісі
Көрнекі құралы:Ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктердің суреттері, бүршігі, үлкен
бұтақтар, кептірілген жапырақтар, гербарилер.
Сабақтың барысы: Мұғалім суреттерді тақтаға іледі де, «әрбіреуіне сипаттама
беріңдер» дейді.
Оқушылар толық сипаттамасын бере алмайды.Мұғалім бір қатарға -ағаштардың түрлерінің суретін, 2-бұтаның суреттерін, ал 3 қатарға -шөптің суреттерін беріп сұрақтар қояды:
1.Бұларға сипаттама беру үшін не істеуіміз керек?
1.Бақылау схемасын сызып көрейік.
І іздену, көзбен көру.
ІІ кітаптан оқу.
? І ІІ !
І) Біздің өсімдік ағашы , ол биік.
ІІ) Бұта (аласа)
ІІІ) Шөп ( өте аласа) (аттарын мектепке дейінгі дайындау бағдарламасынан біледі)
2.Бақылау жоспарын жасайық.
Мұғалім: Оны қалай жасаймыз?
Оқушы: 1.Пішінін анықтау.
2.құрылыс ерекшеліктерін олардың бір-бір бірінен айырмашылығын
табу.
Пішіні қандай?-олар бір-біріне ұқсас.
Қай жерлері ұқсас?-Ағашы бар.
Мұғалім:Ағашы деп атала ма? Оны біліп алу үшін біз кітапқа қарайық
( схемаға кітаптың суретін саламыз)
Кітаппен жұмыс:27 бетті ашып 3 сұрақты оқиық
Оқушы: Ағашы деп аталмайды- не деп аталады? Ағашта сабақ біреу. Бұта да көп.
Мұғалім:Төмендегі көк әріптермен жазылған сөздерді оқы.
Оқушы: ағаштың сабағын «дің » деп атайды..
Мұғалім: Бұтаның да сабағын дің дейді. Ал шөптікін сабағы деп атайды.
Ағаштың, бұтаның басындағы бұтақтарын «бөрікбасы» деп, шөптікін
тек «шөпбасы» дейді.
Мұғалім: Енді толығымен сипаттаңдар (жұптасып жұмыс істейді)
Оқушы: 1 қатар:Ағашқа: биік, діңі жуан, үлкен бөрікбасы бар.
2 қатар: Бұтаға: ағашқа қарағанда аласа, көп жіңішке діңдері бар, діңдер
басында бөрікбастары бар.
3 қатар: Шөпке: аласа, сабағы жіңішке, нәзік, бастарында шөпбасы бар,
кейде гүлдері бар болады.
Мұғалім: Үш қатар өз бақылаған өсімдіктеріне байланысты 1-қандай ағаштарды білесіңдер?
2- бұталарды атаңдар.
3- шөптерді атаңдар (оқушылар ағаш пен бұталардың атын айтады, шөптерді кейде гүлдер дейді)Қателерін түзетіп, мұғалім бұтақтарды таратады.
Тапсырма: Кітаптарыңның 28 бетін ашыңдар, өсімдіктердің тағы қандай
мүшелері бар екен?
Оқушы: Бұтақ, бүршік, жеміс, гүл. Жапырақтан
тұратынын айтады.
Мұғалім: Енді алдарыңдағы бұтақтың бүршігінің құрылысын қараңдар.Ол
үшін
оны жарып көріңдер.
Оқушы:Бүршіктің ішінде жабысқақ кішкентай жапырақ бар екен.Жаз шыққанда
Олар үлкен жапырақ болып өседі.
Мұғалім: Сонымен:
1.Бүршік не үшін қажет?
2.Дің не үшін қажет?
3.Бұтақ не үшін қажет?
4.Гүлдің қандай қызметін айта аласыңдар?
Мұғалім:Кептірілген жапырақтарды салыстырыңдар.Қандай айырмашылығы
бар?
Оқушы: Олардың пішіні, түсі, мөлшері әр түрлі екенін айтады.
Мұғалім: Жапырақтың өсімдікке қандай пайдасы бар.
Оқушы: Ағаштарды , бұталарды ажырату үшін.
Гербариймен жұмыс: (мүшелер жазылған)
Мұғалім:Өсімдіктің тағы қандай мүшесін атамай кеттік?
Оқушы:Олардың тамыры бар.
Мұғалім:Олардың өсімдікке қандай пайдасы бар?
Оқушы:Құлап қалмау үшін, жерге бекіну үшін.Олардың пішіні әр түрлі
болады.Желайдардың тамыры ұзын болады.
Рефлексия: Оқушылар таблица толтырады.
Жемісі
Ағаш
+
бір, биік,жуан, көп
+
+
+
+
+
Бұта
+
аласа,жіңішке
+
+
+
+
+
Шөп
+
біреу-екеу өте аласа нәзік
+
+
+
+
+
Мұғалім:
1.Бұлардың барлығын қалай айтады?
2.Оларды қалай ажыратуға болады?
3.Адам өміріндегі маңызын ата?
Үйге тапсырма:І деңгей: 28-30 бетті оқу.
ІІ деңгей: таңдаған өсімдіктің суретін салып, мүшелерінің атын
жаз