7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары математика 1-класс

Сабақ жоспары математика 1-класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Класы: 1«Ә»

Уақыты:

Пәні: математика

Пән мұғалімі: Мурынова А.О.



Сабақтың тақырыбы: Заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар



Мақсаты:1.Балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

2.Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

3. Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың әдістері: сөздік, практикалық

Қажетті құралдар: зымыран, аспан денелері геометриялық фигуралар АКТ

Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Сабақтың барысы:

1.Алғашқы ұ йымдастыру кезеңі

Қызығушылығын ояту. Бір дегенім бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім елім

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім үміт

Үміт артар жігіт.

Деп бүгін мен де сендерге үлкен үміт артып, білімді болуға талпынады деп ойлаймын.



2. Жаңа материалды игеруге дайындық кезеңі

-Балалар біздер бүгінгі сабақта «Жұлдызды қалашық» әлеміне саяхатқа барамыз, онда бару үшін бізге не керек? - зымыран.

- Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.



Құрастыру.

-Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық?

- Үшбұрыш - төбесі, кеудесі - төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш -деп балалар жауап береді.

- Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен.

bilimland.kz/index.php/kz «Билимленд» оқыту платформасының мектепке дайындық курсындағы геометриялық фигуралар тапсырмаларын орындау

(дайындық топтарында өткен білімдерін еске түсіре отырып, балаларды қызғушылықпен жұмыс істеуге талпындырады. Сондай-ақ фигуралар санын санауға , фигуралар құрастыруға, фигуралардан түрлі бейнелер құрастыру ойындары арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға әсер етеді)



2. Жаңа материалды игеру кезеңі

  • Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік!

  • Жолда бос отырмай мына фильмді тамашаласақ

imektep.kz/figuralar-pan «Билимленд» оқыту платформасының «Аймектеп» бағдарламасындағы математика курсындағы геометриялық фигуралар фильмін тамашалау

(фильмді қарай отырып, мұғалімнің жай сөзінен гөрі фильм арқылы фигуралар оны салу жолдары туралы қосымша мәлімет алады)



  • Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар.

  • Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.

Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.

Күн: Фильм не туралы екенін көрсетіңіз.

-фигуралар туралы

-суреттер туралы

-он көлеміндегі сандар

-қосу және азайту амалдары туралы

Жер: Фигураларды табыңыз.

-нүкте, қосу, азайту

-үшбұрыш, қосылғыш, азайту

-кесінді, нүкте, төртбұрыш

-дөңгелек, кітап, есік

Ай: Үшбұрыш қабырғаларының саны:

-6

-4

-2

-3

Шолпан: Екі нүктенің арасын түзу сызықпен қосқанда шығатын фигура:

-төртбұрыш

-ұшбұрыш

-кесінді

-дөңгелек

Марс: Төрт қабырғасы бар фигура:

-дөңгелек

-төртбұрыш

-үшбұрыш

-нүкте

Сатурн: Төртбұрыш салу үшін кеңістікте белгіленетін нүктелер саны:

-3

-6

-4

-2

Нептун: Шаршы мен жалпы төртбұрыштың айырмашылығы:

-екі фигура да бірдей

-айырмашылық жоқ

-шаршының төрт қабырғасы тең болады

-шаршы үлкен, төртбұрыш кішкентай

Плутон: Кесінді сызбай салынатын фигураны көрсетіңіз.

-үшбұрыш

-дөңгелек

-төртбұрыш

-кесінді

Уран: Терезе, есік, кітаптың пішіні сәйкес келетін фигура:

-үшбұрыш

-кесінді

-төртбұрыш

-шаршы

-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік.



3. Жаңа материалды игеру кезеңі

Жұлдыздар құрастыру.

Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек. Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?

  • Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап , жаттығу жұмысын жасап көрелік. Күшімізді жинап келдік, қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.

-Олай болса сандарды жұбымен қойып шығайық. Балалар сандарды жұбымен қояды.



Дидактикалық ойын:«Не жетіспейді».

  • Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді сыныбымызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады) Балалар сыныбына жетеді.



Сергіту сәті

bilimland.kz/index.php/kz/ «Билимленд» оқыту платформасының мектепке дайындық курсындағы логоритмика материалдарын пайдалану



4. Бекіту кезеңі

Оқулықпен жұмыс. 1 тапсырма суреттегі заттардың қай пішінде екенін аңғару

3 тапсырма Көліктерге сәйкес дөңгелектерді табу bilimland.kz/index.php/kz/</</u> «Билимленд» оқыту платформасының бастауыш математика курсындағы 1-сыныптың 1.04.3 3саны - кіріспе тапсырмаларын орындау

Басып шығарып беру

(Фигуралар арқылы салынған бейнелерді қолдарын алмай, салуға, әрі үлгіні көшіре білуге үйренеді. Оқуышларды сондай-ақ қол маторикасы мен көзбен қабылдауы да дами түседі)



5. Сабақты қорытындылау.

Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.

Балаларды мадақтау,







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал