7


  • Учителю
  • Урок по самопознанию 'Менің сыныбым-менің ұжымым'

Урок по самопознанию 'Менің сыныбым-менің ұжымым'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану 4 сынып

Тақырыбы: «Менің сыныбым»

Мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылықтары туралы түсінініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара татулық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- бірлікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, техникалық құралдар проектор.

Шаттық шеңбері:

«Дос болайық, бәріміз!» әнін бірге шырқаймыз.

-Міне, әнде айтылғандай-ақ біз бәріміз әрқашан біргеміз, доспыз. Біздің сыныбымызды ұжымымыз деп айтуға болады. Өйткені ұжым- мақсаты бір, бірімен бірі тең құқықты, сыйлы, сыйласымды адамдардың бірлестігі. Бүгін біз осы айтылғандар туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу :

-Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіндер?

-Өз сыныбың несімен ұнайды?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым -қатынас туралы түсінік беру мақсатында әңгіме оқу ұйымдастырылады. М.Гумеров «Күмән»

-Әңгімедегі оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттеррің көруге болады?

-Олардың бойынан қандай жағымсыз қасиеттерді байқадыңдар?Одан қалай арылуға болады? Сендер не істеген болар едіндер?

-«Сенімге кіру үшін оған қанша уақыт қажет болады?» дегенді қалай түсінесіндер?

Дәйексөз «Ұжымда болу -бақыт»Ә. Табылдиев

Жаңа ақпарат: «Оқушылар бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылданса, бір-біріне көмектессе ұжымда бірлік, сыйластық болады. Оларды біріктіретін ортақ мақсат, ол-білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну»

«Күн нұрындағы менің портретім» атты жаттығу

Әрбір оқушыға парақ қағаз беріледі. Ортасында дөңгеленіп «Менің қолымнан келеді» деген жазу жазылған. Әр бала күннің шапағын сала отырып жанына біреу үшін не істей алатынын жазады , артынан барлығы оқылады.

- Осы істер арқылы біздің сынып оқушылары өте тату, ұйымшыл және болашақта жақсы азамат болатынына сенімдімін.

Дәптермен жұмыс

- Бос жолдарға өз сыныбыңның үлгі етерлік жақтарын жазындар.

Қорытындылау

-Бүгінгі сабақта сыныптастар арасында өзара сыйластық, достық, түсіністік, кешірімділік болуы тиістігін ұғындық. Біз бір ұжым екенімізді сезіндік.

Жүректен жүрекке /балалар кезектесіп сыныптастарына тілек айтады/

Кайрбеков Марат Кабденович

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал