- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сабақтың мақсаты: Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі
1 сынып
Ана тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылардың заттың атын, қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.Табиғатты аялау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу.Ананың еңбегін бағалап, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Суреттері. Бүктемелер. «Жыл мезгілдері», «Көктем» тақырыбындағы суреттер
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Өлеңді, әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
116-жаттығу.
1. Өлеңді түсініп оқыңдар.
2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.
Көкорайға қонғанда,
Қозылар ойнар дүркіреп.
Жаздың күні болғанда,
Жаңбыр жауар күркіреп.
Шәкәрім
Керекті сөздер: ойнақтады, жауды.
117-жаттығу.
1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.. Аю ақ...рды. Қорадағы мал үр...кті.
Оқулықпен жұмыс.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сергіту сәті. Жұмбақты шешу
1. Өлеңді түсініп оқыңдар. «Бұл қай кезде болады?»
2. Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер.
жаз
Көктем
Жыл мезгілдері
қыс
күз
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінік айту.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.