7


  • Учителю
  • Ана - өмір шырағы тәрбие сағаты

Ана - өмір шырағы тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Абдрахманова Алмагуль Магметоллаевна.

Павлодар қаласы, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебі

Тақырыбы: Ана - өмір шырағы

Мақсаты: 1. Оқушыларға өмірдегі ең қымбат адам ананың ұлылығын кең көлемде ұғындыру. 2. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойын ашық айта білуге дағдыландыру. 3. Ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: тақырып, бөлім аттары жазылған плакаттар, топ аттары.

Барысыі:

Мұғалім: Наурыз күні, Ана күні, әлем күні Әлемде тебірентер ана үні Анасыз жан туған жоқ жер бетінде, демекші адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, ең қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастапөзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол - 8 Наурыз мерекесі. Құрметті қонақтар, бүгінгі Аналар мерекесіне арналған «Аяулы біздің аналар» атты шағын концертімізді бастаймыз!

Нұрбек: Ақәділ, неге көңілсіз жүрсің?

Ақәділ: Е-е, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Нұрбек: -Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт……

Ақәділ:-Жо-о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Нұрбек:-Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Балалар да дайындалып жүрген.

Сахнаға Айбол шығады. Қолында кострюл және касығымен, үсті ұн ұн, басында повор шапкасын киіп:

Торт пісіру-оңай ғой

Тек батыл болу керек

7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек

3 ас қасық бұрыш

Жоқ әлде олай емес пе

Олай емес қой

Мен тіптен шатасып кеттім

Мұнда бұрыш салмайды ғой

3 сағат болды осылай жүргеніме

Крем жасадым, қолымның бәрін күйдірдім

Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш

Мүлдем тортқа ұқсамайды. Күнімен алысып, әкемен торт пісірмекшіміз, қолдан түк келмейді. Енді не істейміз?

Нұрбек: ( Басын ұстап) торт жоқ, аналарымызға не сыйлаймыз?

Ақәділ:-Сен қызықсың, тақпақ айтамыз. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік. (Барлығы жапырлап шығады)

Нурбек: ( Басын ұстап) Бәрің тақпақ айтуға шықтыңдар ма?

Балалар: -Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Нурбек: -Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты 8 наурыз туралы айтатын балалар айтсын, сосын тағы көре жатармыз. Сондықтан ең бірінші мен, Әлішер, Амирхан, Султан, Айбол, Ерасыл, Тамерлан қалсын, қалғандарыңды сосын шақырамыз.

Нурбек:

Армысыздар, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірімімен нұр табар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар.

Әлішер:

Бүгін - наурыздың сегізі

Анасыз жоқ бір үнің,

Сұлулықтың негізі!

Әжесіз жоқ бір күнің,

Әдемі сөз -

Ұсынамыз бүгін

Адамның Анаға айтар лебізі.

Амирхан:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де

Султан:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші Наурызбен.

Айбол:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген - бәйтерегі өмірдің.

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

Ерасыл:

Ана деген - асыл жандар болаттай

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Тамерлан:

Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

-Ана, ана, ана!

Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.

Нурбек: Құрметті аналар, оқушылардың ән-шашуын қабыл алыңыздар.

Хор «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен»

Әлішер: Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.

Нурбек: -Дұрыс айтасың, Әлішер. Ана ең жақын, ең ыстық адам. Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады. Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады. Әр бала анасын жақсы көреді.

Сабина:

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай,

Үмітіңдей көзіме

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал