- Учителю
- Сабақ жоспары әліппе пәнінен
Сабақ жоспары әліппе пәнінен
Күні: 18.11.2014 жыл
Мектеп: №8 мектеп
Сыныбы: 1"А" сынып
Мұғалім: Бакирова А.Ә.
Әдіскер: Жахметова Б.К.
Машықкер: Қуанышбекова Гүлсая
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үү дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Үү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ұқыптылыққ, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек сызба, кеспе әріптер, суретті әліппе, суреттер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Отырыңдар!
ә) Танысу:
- Бүгінгі әліппе сабағынан сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім - Қуанышбекова Гүлсая Жеңісқызы
-Қазір қай сабақ?
-Сабақ құралдарымызды дайынба?
-Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
Ойнап, күліп аламыз,
Оқып, білім аламыз.
Әріптермен танысып,
Сауаттанып шыығамыз.
Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақта өткен Ө әріпін бір қайталап өтейік.
Жаңа сабақ.
-Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады: Үйрек десе - бірінші,
Бүйрек десе - екінші.
Бұл қай әріп екенін,
Біреу айтып берсінші. (Ү)
-Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
-Балалар енді сөзжұмбақ шешіп көрейік.
Енді мына суретке қараңдаршы (суретпен жұмыс)
- Мынау не? - Үкі
- Үкі - түн құсы. Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү - кі. (екі буын).
- Үкі, үйрек, Үміт, үш, үйрек деген сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ү - ү - ү (хормен айту)
- Ү - қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Ү - жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Қызыл түспен белгілейміз.
Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің жаңа сөздерді оқушыларға оқып беруі, оқушылардың хормен қайталауы;
2. Мұғалімнің мәтінді оқушыларға мәнерлеп оқып беруі.
Кітаптағы үйрек пен үкінің суреттері бойынша балалардың құстар туралы ойларын сұрау.
-Балалар кітапты берілген жұмбақты шешейік.
Сергіту сәті:
Көжектерім тұршы,
Қолыңды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Бойыңды жазшы,
Айналаңа қарашы.
Аяғыңды басшы,
Орыныңды тапшы.
Көркем жазу
- Енді, балалар, орынымызға дұрыстап жайғасып, «Ү» дыбысының әріптік таңбасын жазып үйренейік. «Ү» дыбысын әріптік таңбасын дәптерімізге жазбас бұрын, ауада жазып үйренейік. Әдемі, таза жазуларын қадағалау.Ү - дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Үйрек сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау. Үйрек - үй - рек..-...
Тірек - сызба бойынша затты сипаттау:
Гүл (қандай?) - әдемі, хош иісті, қызыл
Түлкі (қандай?) - қу, қызыл, айлакер
Қорытынды:
- Балалар, біз бүгін қандай дыбысты өттік? (ү дыбысын)
- Ү дыбысы кездесетін қандай сөздерді білдік? (үйрек,үкі,үйшік,күріш,күміс,күшік,түлкі,күлкі,түйме,дүрек,жүзік,күрек т.б.)
- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі екен? (Ү дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі, соңында кездеспейді)
- Ү қандай дыбыс? (дауысты)
Ойлан тап ойынын ойнайық. Суретте не көрсетілгенін тауып тиісті дыбыстық талдауын табу қажет.
-Балалар осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Сабаққа белсене қатысқандарыңа көп рақмет!Сау болыңдар!
Үйге тапсырма: 91-92 беттердегі сөздерді,мәтінды оқып келу.
Бағалау.
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға: