7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Оригами Бейнелеу өнері, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оригами Бейнелеу өнері, 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Барақ батыр ауылы

Барақ батыр негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Сауле Маратовна

</<font face="Times New Roman, serif">Бейнелеу өнері, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Оригами

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың оригами жайлы білімдерін кеңейту, шаршыны бүктеу әдісі арқылы әртүрлі бейнелер жасатып үйрету. Қағаздан бүктеу арқылы балық бейнесін жасау тәсілін меңгерту.

  2. Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту, қол икемділіктерін, жүйелі ойлау дағдыларын қалыптастыру.

  3. Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, байқампаздыққа баулу. Табиғатқа қамқорлық жасауға, балықтарды қорғауға өз үлестерін қосуға білуге, өзара жолдастық көмекке тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, өздік жжұмыс,

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, тіл дамыту.

Көрнекілік: буклет, слайд, алтын балық, стикер, гүлдер.

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру:

  1. Оқушыларды сабаққа дайындау

  2. Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлу. 1-топ «Жас шеберлер», 2-топ «Балғын суретшілер».

Өткенді қайталау: Ұяшықтар таңдап, сұрақтарға жауап береді.

  1. Оригами деген не?

  2. Оригами ең алғаш қай елде шықты?

  3. Жетінші ғасырда оригами қай елге келді?

  4. Оригами әдісімен қандай бейнелер жасап үйрендік?

  5. Оригами адам бойында қандай қасиеттер қалыптастырады?

  6. Жұмбақты шеш:

Тарпаң,тарпаң, тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. (Бақа)

Сабақтың мақсатын хабарлау: бүгінгі сабақта оригами әдісімен әртүрлі бейнелер жасап үйренуді жалғастырамыз. Ол үшін бізге қағаз, қайшы және желім керек. Енді жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп алайық.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз:

1. Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.

2. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.

3. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.

4. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.

5. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу.

Ой қозғау:

Су астында балықтар,

Сазан, шортан, бекіре.

Неше түрлі балық бар,

Шошытасың секірме.

Мына өлең не туралы? Ендеше, біз бүгін ненің бейнесін жасаймыз деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ:

Балалар, бүгінгі сабақта біз алдымызға мынадай міндеттер қоямыз :

  1. Оригами тәсілімен балық бейнесін жасаймыз.

  2. Шаршыны бүктеу тәсілдерін үйренеміз.

  3. Балықтың суретін саламыз.

-Ал, енді қағаздан балықтың жасалу жолына қарайық. (Слайдтар арқылы балықтың жасалу жолын түсіндіру).

Топпен жұмыс:

1-топ «Жас шеберлер»: мұғалімнің жетекшілігімен балық бейнесін жасайды. Шаршыдан бүктеу арқылы балық жасау. Балықты түрлі-түсті қағаздармен безендіру.

2-топ «Балғын суретшілер»: берілген суретке қарап отырып, балықтың суретін салады. Өзіндік жұмыс.

Сергіту сәті:

Көп балықтар жүзіп жүр,

Мөлдір, таза суларда.

Бірде иіледі, бірде жазылады,

Дем алады жағада.

Екі топ тапсырмаларымен ауысады.

1-топ: берілген суретке қарап отырып, балықтың суретін салады. Өзіндік жұмыс.

2-топ: мұғалімнің жетекшілігімен балық бейнесін жасайды.

Бекіту:

  1. Балықтың қандай пайдасы бар? (Балықтың майында Д дәрумені бар. Ол баланың ағзасы дамуы үшін қажет. Кальций, калий, магний дәрумендері бар. Диеталық тағам.)

  2. Балықты не үшін қорғау керек?

  3. Балық туралы қандай ертегі білесіңдер?

Қорытындылау:

-Балалардың біздің сабағымызға алтын балықтың өзі келіпті. Бұл балық сендердің тілектеріңді орындау дайын. Ендеше өз тілектеріңді қолдарыңдағы стикерлерге жазып, оны алтын балыққа жапсырайық. Ал, сендердің жасаған балықтарың сабағымыздың қонақтарының тілектерін орындасын деген ниетпен жасаған балықтарыңды қонақтарға сыйлайық. Менің де сендерге дайындап келген сыйлығым бар. Ол көктемнің көрікті нәзік гүлі жауқазын. (Оқушыларға қызыл және сары жауқазындарды таратып беру).

Үйге тапсырма:

-Балалар, сендерге жауқазын гүлі ұнады ма? Ендеше үйден осы гүлдің жасалуына қарап отырып, өз беттеріңмен гүл жасап келесіңдер.

Бағалау:

-Балалар, бүгінгі сабаққа барлығың өте белсенді қатыстыңдар. Мен сендерге қызыл және сары гүлдер таратып бердім. Қызыл гүл берген оқушылар сабақта белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп және де қағаздан бейне жасауда алғырлық танытты. Оларға бес деген баға қойылады.

Сары гүл төрт деген баға.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал