7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары 'Денелер. Заттар. ҚұБылыстар'. 3- сынып

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары 'Денелер. Заттар. ҚұБылыстар'. 3- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

82 «Дарын» мамандандырылған лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Токумбаева А.А

3 сынып - дүниетану пәнінен сабақ жоспары



Күні: 16.10.2012

12- сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Денелер.Заттар. Құбылыстар тарауы. Денелер

Сілтеме:

Дүниетану 3 сынып, Әдістемелік құрал, интернет беттері:

,

Жалпы мақсаты:

  • Табиғат, өлі және тірі табиғат туралы білімдерін еске түсіру

  • Жаңа материалды топта бірлесе отырып қайталап, қорытындылау;

Оқу нәтижесі:

  • Табиғаттағы кез келген нәрсенің дене екенін біледі.

  • Дененің түрлерін (табиғи, жасанды) ажыратып, салыстыра біледі.

  • Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы, алған білімдерін өмірде қолданады.

Түйінді идеялар:

Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады

Табиғаттағы кез келген нәрсе - дене

Тапсырма көздері:

Оқулық; Әдістемелік құрал; Ізденіс материалдары

Интернет:

Оқуға арналған тапсырмалар:

Балалар энциклопедиясы мен Оқушы анықтамалығы

САБАҚ ЖҮРІСІ

Тренинг: Оқушыларды бірі-бірімен өзгеше түрде амандастыру (құшақтасып, құлақпен, аяқпен, иықпен, мұрынмен) (1 мин)

Рефлексия: (оқушылардың өткен сабақта жазған кері байланыс парақтарын оқып беру) (2 мин)

Психологиялық дайындық (2 мин)

  • Оқушылардың назарын аудару мақсатында музыкалық слайд (слайд 2,3)

  • Жұмыс жадынамасын еске түсіру (слайд 4)

Топқа бөлу: (1 мин) (оқушылар ұнатқан түстерін таңдап алады, қызыл, жасыл, көк, сары)

1-тапсырма: (2 мин)

Бұл түсті неге таңдадыңдар? Ерекшелігі неде?(бір сөз немесе сөйлем, я болмаса сурет сал)

2-тапсырма: (6 мин)

Табиғат тарауын бекітуге арналған тест (слайд1)

3-тапсырма: (2 мин)

  • Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған орта - табиғат.Ал табиғат дегенде көз алдарыңызға нені елестете аласыздар?

  • Енді аталғандарды салыстырыңыздар?Айырмашылығы неде?

  • Ендеше,табиғатта белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе дене деп аталады.

4-тапсырма: (16 мин)

  • Оқулық - 30-31 бетті оқып шығады

  • Оқушылар топта табиғи, жасанды, қатты, сұйық, газ тәріздес денелердің суретін салады. Таныстарады, қорғайды

Қорытындылау (3 мин)

Оқушылардың ойларын қорытындылау ретінде слайд (6,7) көрсетіледі.

Тренинг: «Теңіз толқиды» ойыны (3 мин)

Бекіту: (2 мин)

5-тапсырма:Берілген денелер қалай аталады? (слайд 8 )

6-тапсырма: Өзіңді тексер: Жасанды денелерді тап (слайд 9)

Үйге тапсырма: (1 мин)

30-32 бет, 32 бет ТАПСЫРМАны дәптерге орындау

Бағалау: Өзін-өзі бағалау және топты бағалау (3 мин)

Рефлексия: (2 мин)


Табиғат тақырыбына тест


  1. Табиғат дегеніміз не?

А) Бізді қоршаған ортаның бәрі

Ә) Адамның қолымен жасалған дүниенің бәрі

Б) Адамнан тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған орта

  1. Табиғат қандай болады?

А) Тірі және өлі табиғат

Ә) Тек қана тірі табиғат болады

Б) Тек қана өлі табиғат болады

  1. Өлі табиғатқа не жатады?

А) Тоқылдақ

Ә) Парта

Б) Жаңбыр

  1. Қайсысы тірі табиғатқа жатпайды?

А) Саңырауқұлақтар

Ә) Тастар

Б) Бактериялар

  1. Термометр дегеніміз не?

А) Заттың массасын анықтауға арналған құрал

Ә) Уақыт бірлігін анықтайтын құрал

Б) температураны анықтауға арналған құрал


Сіз қандай жаңа білім алдыңыз?(өзін-өзі бағалау)


Мен білдім


Мен енді білетін болдым


Маған қызықты болды


Менің енді білуім керек,


Топты бағалау парағы

Топтың №

1

2

3

4

Топтағы ынтымақтастық (топ мүшелерінің міндеттерді бөлісуі)

Тәртібі (басқа топтарға кедергі келтірмеу,алаңдамау, айқайламау)

Берілген тақырыптың ашылуы

(әдемі, көркем, ерекше)

Басқа топтардың презентациясын тыңдай білу, сұрақ қоя алу, қосымша мәлімет айту

Уақытты үнемдеу

Қорытынды :




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал