7


  • Учителю
  • Тақырыбы: 'Елтаңба мен Ту туралы жыр' /сабақ жоспары/

Тақырыбы: 'Елтаңба мен Ту туралы жыр' /сабақ жоспары/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Елтаңба мен Ту туралы жыр


Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан Республикасы туралы білімді тиянақтау,

Отанды сүюге, рәміздер туралы, авторлары туралы

білімді тиянақтау, ел тарихын білу, елін, туған жерін

құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, суреттер, нақыл сөздер, тақпақ, мақал-

мәтелдер.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген тақырыптарды қайталау, пысықтау. «Мен нені үйрендім?» тест сұрақтарына жауап беру.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.


«Мен не білемін» сызбамен жұмыс.


Елтаңба, ту, әнұран және оның авторларын атау, пысықтау.

Елтаңба авторы - Шота - Аман - Ыдырысұлы Уалиханов.

Тудың авторы - Шәкен Ниязбеков.

Әнұран авторлары: әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.


Әнұранды орындау.


ІҮ. Жаңа сабақ.


Бәрімізге белгілі 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеті Тәуелсіздік туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының заңы қабылданды. Осыған орай Қазақстан Республикасының рәміздеріне өзгерістер енгізілді.

1992 жылы алғаш рет Мемлекеттік рәміздер бекітілді.

Қазақстан Республикасы - батыстан шығысқа қарай - 3000км-ге, оңтүстіктен - солтүстікке -1600км-ге созылып жатыр. Жер аумағы - 2724,9 мың шаршы км. Қазақстан халқы - 15 млн-нан астам. Оның 9 млн-ны қазақтар. Яғни 60% қазақтар тұрады.

Республикамызда 131 ұлт өкілдері тұрады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы адамдар рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге міндетті.

2) «Елтаңба мен ту туралы жыр» мәтінін жазған Кеңес Оразбекұлы. Оның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.


3) Кітаппен жұмыс.


«Елтаңба мен ту туралы жыр» мәтінін оқып, оның мазмұнын түсіндіру.


4) Рөлдерге бөліп сахналастыру.


5) Сергіту жаттығуын орындау.


ІҮ. Өтілгенді пысықтау.


Мәтінге сүйеніп, мақалдар мен қанатты сөздерді аяқтап жазу:


1.Ат ердің - ...


2. Бергеннің қолынан,

Бермегеннің ...


3. Ел аралаған .... болар.


4. Отан - оттан да ...


5. Өз елім - өлең ...


6. Әркімнің өз жері ...


7. Туған жер - ...

Туған ел - ...


8. Кісі елінде ...

Өз елінде ...


9. Төртеу түгел болса,

Төбедегі .... .


10. Ынтымақ түбі ...


а) Отан, туған ел, туған жер туралы тақпақтар білесіңдер ме?


Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені, онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.


б) Дәптермен жұмыс.


Мақалдар мен қанатты сөздерді аяқтап, дәптерлеріне жазып алу.


д) Сұрақ - жауап арқылы өтілгенді пысықтау.


г) Тізбектеп оқыту.


Ү. Үйге тапсырма.


Мәтінді оқып, мазмұнын айтып келуге дайындық.


Мақал-мәтел, нақыл сөздерді жаттау.

ҮІ. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал