7


Урок на тему 'Өзен және көл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзен және көл.

Максаты: Өзен және көл туралы түсіндіру, айырмашылығын ұғындыру.

Ой-өрісін,тіл байлығын ,жүйелеп мазмұндау дағдысын қалыптастыру.

Өз Отанына деген сүйіспеншілікке, өзен көл жағасында тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер,диск.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

«Жер асты сулары» тақырыбын мазмұндату

Дәптерлерін тексеру..

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

-Терек бір жазда қанша литр суды буландырады екен?

Минералды су қайдан пайда болады?

Демалыс орындары әсіресе қандай жерлерге салынады екен?

Жер асты суының қандай пайдасы бар?

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабалау.

Өзен және көл.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кіріспе: адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар? Өзендер -құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.Ірі өзендер жоғаарғы ,орта, төменгі ағысқа бөлінеді.Тікелей мұхиттарға ,теңіздерге, көлдерге құятын немесе құм ,батпаққа сіңетін өзендер-негізгі , ал бұларға келіп қосылатын олардың салалары деп аталады.

Қазақстанда 85 мың өзен бар.Ұзындығын ескерсек,төртеуі ғана 1мың шақырымнан асады.Олар: Ертіс,ұз1698км., Сырдария,ұз.1692км.Есіл ұз. 1607км.,Жайық ,ұз1084км өзендері.Ұз 1000км асатын Тобыл,Іле,Шу сияқты тағы 3 өзен бар.

Өзендер-желмен жарысар,

Өршіл де асау ағыстар.

Өзенді ластап,лайласаң,

Өзіңе дерт боп жабысар.

Ішуге жарамды судың тағы бір көзі -осы өзен сулары. Өзендер тек ішуге ғана емес, қатынас жолы да,су күші және электр қуатын өндіруге де пайдалы. Өзендерді жағалай елді мекендер орналасқан, себебі өзен суы адам баласы үшін маңызды.Көл де пайдалы ,кейбір ақпалы көлдердің суын ішуге болады. Ағынсыз көл суы тұзды болады. Теңіз деп аталатын үлкен көлдер де бар. Каспий-көлдердің ең үлкені.

Дүние жүзіндегі ең терең көл---Ресей жеріндегі Байкал көлі. Арал теңізі бұрынғы аумағы бойынша дүние жүзінде 3- орын алатын. Аралдан кейінгі іріі көл-Балқаш. Оның бір жағы тұщы, бір жағы тұзды болып келеді.

Дискіден өзендер мен көлдер туралы мәлімет беру.

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін, ауа райын жазу.

Картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп. теріп жазу.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

-Қандай көл суын ішуге болады?

-Көлдің буланған суының орнын қалай толтырады?

- Арал теңізі үшін сен болашақта қандай жұмыс жүргізетін едің?

Өзен суын ішуден басқа не үшін пайдаланамыз?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

Картадан өзендер мен көлдерді тауып, көлдерге қандай өзендер құятынын табу.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі:61,62- беттерді оқу,мазмұны..Дәптерге үш қатарға үш өзен, көл атауларын беріп, солар туралы мәлімет жинақтап жазуға.

Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал