- Учителю
- Ана тили Сен уйыктап жатканда 3 класс
Ана тили Сен уйыктап жатканда 3 класс
Ана тілі Күні:30.10.13 3 сынып
Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда
Мақсаты:1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;. Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;. Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі:Аралас
Әдістер:СТО әдістері
Көрнекілігі: Жылжымалы тақта.суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік. «Жүректен - жүрекке»
«Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар.
Бір-біріңе қарап, жымиыңдар».
Күнге қолымды созамын
Күн жылуын аламын
Жүрегіме басамын
Айналама шашамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді жатқа айту. «Туған ел»
Ақын туған даласын кімге теңейді?
С.Сейфуллин кім? Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.
ІІІ. Өткенді қорыту.
Неге Табиғат - ана деп айтамыз?
IV. Жаңа сабаққа дайындық.
Жемістер арқылы топқа бөлу
Кинофильмнен үзінді «Менің атым Қожа»
Ой қозғау. Осы фильм туралы өз ойларын білу. «Менің атым Қожа»фильмін түсіруге негіз болған, осы повесті жазған кім?
5. Сұрақтар мен тапсырмалар
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.
а) Арнаулы тұрақ;
Көліктердің арнаулы тұрағы
б) Баспахана; Газет-журналдар шығаратын орын.
ә) «Жедел жәрдем»; Дәрігерлердің көмегі
в) Байланыс бөлімдері. Алыс жақын хабарларды жылдам жеткізеді
г) Дәптермен жұмыс. Жоспарды жазу
Сергіту сәті «Цыпленок»
Постер қорғау: Әр топ өз салған суреттерін қорғайды
ҮІІ. Бекіту.
Суретпен жұмыс:
Суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген?
Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.
Завод, егіншілер, құрылысшы, кеншілер
Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтар туралы не білесіңдер?
Бүгінгі сабақта:Рефлексия жазу
Үйге тапсырма: Түсініп оқу «Кім болам?» тақырыбында шығарма жазып келу.