7


  • Учителю
  • Президент күніне арналған шара

Президент күніне арналған шара

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

29.11.14.

Бекітемін. ТІЖО. А.А. Улмесекова.


СЫНЫПТАН ТЫС ШАРА. 1-4 сыныптар.


Тақырыбы: « Елін сүйген, Елі сүйген ЕЛБАСЫ» .


Мақсаты: а) 1-желтоқсан Президент күні екенін ұғындыра отырып,

елбасының өмір жолынан мағлұмат беру.

б) қызығушылықтарын, сөздік қорларын, таным-түсініктерін,

ой - өрістерін дамыту.

в) адамгершілікке, тұлғадан үлгі алуға, елін-жерін сүюге

тәрбиелеу.


Түрі: тағылым өнеге сағаты.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, топтық

жұмыстар.

Көрнекілігі: слайдтар, кітаптар көрмесі.


Барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

ҚР-ның Мемлекттік Әнұраны ойналады.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Кіріспе: Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу.

2.Слайтармен жұмыс.

3.1-2-сыныптардың өнері.

4.3-4-сыныптардың өнері.

5.Топтық жұмыстар (сұрақ-жауап түрінде тапсырмалар орындау)

6.Қорытынды.

Кіріспе:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті

Шырақ етіп өмір нұрын

Алыс тартты алдағы жол

Ел намысын, елдің жүгін

Арқалаған ардағым ол.

Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу:

  • Нұрсұлтан Назарбаев -

  • қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.


  • 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,

  • 1967 жылы металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын,

  • 1976 жылы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

  • Еңбек жолын жылы қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.


  • ж. тұңғыш рет жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  • ж. жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі ж. дейін ұзартылды.

  • ж. өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, болып қайта сайланды.

  • ж. сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, болып қайта сайланды.


  • Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:


  • Қазақстандық жол- Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихымыз, талай қиын- қыстаудан өткен тарих жолы туралы айтылады.

  • Ғасырлар тоғысында(А., 1996), - ХХІ ғасырға өтер шақтағы ой толғау.

  • Бейбітшілік кіндігі (А., 2002), - Семей полигонының жабылуы, ядролық қарудан бас тарту-тәуелсіз Қазақстан халқының еркі, ядролық қарусыз болашаққа жол ашу туралы жазылған.

  • Тарих толқынында- өткенімізді білмей келешек жоқ, тарихымыз туралы ой толғау.

  • Сындарлы он жыл (А., 2002), - Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған 10 жыл ішіндегі жеткен жетістіктер туралы.

  • Президент және Парламент -1996 жылдың 30 қаңтарынан бастап, 1 желтоқсан 1999 жыл аралығындағы Елбасының әр түрлі отырыстарда сөйлеген сөздері.

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Президенті күні. Бұл күнді - мереке ретінде Қазақстанның барлық халықтары тойлауда.

Біз де бүгін Елбасымыздың өмір жолымен, еңбек жолымен

танысып, өзімізге үлгі алуымыз, өнеге алуымыз қажет.

2. Көрнекіліктермен жұмыс. (Слайдтармен жұмыс).

2.Слайдтар арқылы жұмыс:

1.«Балалық шағымның аспаны» фильмі туралы.

2.Н.Ә.Назарбаевтың отбасы туралы.

3. «Бала Сұлтан», «Оқушы-Сұлтан», «Жұмысшы-Нұрсұлтан» -елбасы өмір жолына тоқталу.

4.Азамат. Тұлға. Елбасы.

5.Әлем саясаткерлері-Елбасы туралы.

6. «Біз білетін Н.Назарбаев.» -топтастыру.

7. «Елбасыны тағы қандай қырынан танимыз?» - топтастыру.

3.Әр сыныптың өнер көрсетуі:

1-2сыныптар Елбасы туралы тақпақтары мен өлеңдерін оқиды .

ӘН «----------------------------------------»

4.3-4 сыныптардың көріністері.

3-сынып «-----------------------------------»


4-сынып: КӨРІНІС: «ӘЖЕ КӨРГЕН ТҮС-АЯН»

Әжесі: Сұлтан, Сұлтан, ботам, құлыным, қайдасың? Келші қасыма, келші қасыма, құшып сүйейін.

Нұрсұлтан: - Әже мен мұндамын, мені сағындың ба? Міне, келдім не айтасыз?

Әжесі: - Отыршы қасыма сені берген құдайға тәубә (Құшақтап, бетінен сүйеді). Бүгін таң ата Алла маған аян берді, түс көрдім. Түсімді айтайын, ол сенің болашағың жаным.

Нұрсұлтан: Ол қандай түс, аян деген не айтшы, әже?

Әжесі: Түсімде зеңгір көкте, шуағын шашып жарқыраған күнді, өркеш-өркеш ақ бұйра бұлтты көрдім. Сәлден кейін бұлт арасынан ақбоз атқа мініп, күннің алтын сәулесімен шағылысып биік (көгілдір) аспанда ұшып жүрсің. Оянсам түсім екен. Бойыма ерекше қуат алғандай сыртқа шығып, аспанға қарап, Аллаға тәуба келтіріп жалбарындым. Құлыньм, Алла маған сенің болашағыңды түс аркылы болжатқан ғажайып тылсым күш қой.

Нұрсұлтан: Әже, мен ақбоз атқа мініп аспанға қалай шығам, күннің ыстығынан қатты терлеп шөлдеймін ғой. Ол ғажайыпқа мен қалай жетем? Оның сыры неде, соны айтшы?

Әжесі: Тыңда, Сұлтаным! Онын сыры мынау: бойыңды таза ұста, бар ыңтамен еңбек ет, білімді бол, көп-көп оқы, ғьлымды игер, мейірімді бол, адал да әділ бол! Сонда қалың елге даңқыңды жаятын үлкен беделді адам боласың. Өзіңді, еліңді әлем танитын болады. Көрген түсімді, айтқанымды жүрегіңде сақта, зерделі бол құлыным.

Нұрсұлтан: Әже көрген түсің, тілеген тілегің қабыл болсын! Мен сіз ойлағандай азамат боламын, халқымның тірегі болам деп уәде беремін!

Әжесі: Ақылыңнан айналдым, берген уәдеңнен айналдым, Тілегімді жаратушы ием қабыл етсін. Мен сенің болашағыңа сенемін. Осы көрген түсімді өңімде болдыр деп, Алладан тілеймін. Тәуба, тәуба. Ал, ботам, қырға шығып бұзауыңды қарайық...

5. Топтық тапсырмалар. 1.Сұрақтар екі топқа кезекпен беріледі.

  1. Н.Ә.Назарбаев қай жерде дүниеге келді?(1940ж. 6-шілде)

  2. Нұрсұлтанның әжесінің, әкесінің,анасының аты кім?

(Әжесі-Керімбала, әкесі-Әбіш, анасы-Әлжан)

  1. Елбасы жұмыс жолын қашан бастады?

( жылы қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында)

  1. Ол Президент болып қашан сайланды?

( ж. тұңғыш рет жалпы халықтық сайлауы өтті.)

  1. Елбасы туралы түсірілген кино?

(«Балалық шағымның аспаны»)

  1. Елбасының жұмыс резиденциясы қайда, қалай аталады?

(Астана қаласындағы Ақорда)

  1. Қазақстанның астанасы қай жылы Астана қаласына көшірілді?

(1997жыл.)

  1. Соңғы Президент сайлауы қашан болды?

(2011ж. 3- сәуір)

2-тапсырма: "Көшбасшы" сөзіне кластер құру

  • К - кемеңгер

  • Ө - өжет

  • Ш - шынайы

  • Б - білікті

  • А - адал

  • С - сабырлы

  • Ш - шешім қабылдағыш

  • Ы - ынталы


3-тапсырма: "Елбасы" сөзіне 5 жолды өлең құру.

  • 1. Елбасы

  • 2. Білімді, ұлтжанды

  • 3. Елін сүйеді, басқарады, шешім қабылдайды

  • 4. Елбасы- біздің тыныштығымызды сақтайды

Мейірімді ата5. Көшбасшы

Ұлағатты әке

Ұлтжанды азаматҮІ. Қорытынды: слайд арқылы қорытындылау:





Ақын(Сарыарқа, Үшқоңыр, Елім менің)

Өнер иесі

Нұрсұлтан Әбішұлы




Жазушы "Ғасырлар тоғысында", "Эпицентр мира" т.б.








ӘН «Елім менің»



СОҢЫ.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал