- Учителю
- Математикадан ашық сабақтың жоспары. Тақырыбы: '8 санын қосу және азайту' (2 сынып)
Математикадан ашық сабақтың жоспары. Тақырыбы: '8 санын қосу және азайту' (2 сынып)
ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна
Пән: Математика Сынып: 2 «Ә» Уақыты: 16.11.2015жыл Өткізілген орын: Мультимедия кабинеті Тақырыбы: 8 санын қосу және азайтуды қайталау
Мақсаты:
Білімділік: 8-ге қосу мен азайтуды қайталай отырып, қосу, азайту әдістерін бекіту. Тірек білімдерін пысықтау. Берілген тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық: Ой-өрістерін, жылдам ойлауға, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа,бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, слайд, смайликтер, сигналдық карта
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік, топпен жұмыс, «Иә, жоқ» ойыны, эстафеталық ойыны ««Кім шапшаң?» ойыны,ойын-тренажер
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық 3-слайд
Математика сабағын,
Мен меңгеріп аламын.
Қазір есеп шығарып,
Ата-анамды қуантып, Бестік баға аламын
Балалар,біз бүгінгі сабағымызды топтық сайыс түрінде өтеміз. 1топ «Бірліктер», 2-топ «Ондықтар»
«Менің көңіл күйім»
Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін сигналдық карта арқылы көрсетеді.
-Бәріміздің көңіл-күйлеріміз керемет екен, мен өте қуаныштымын!- деп сабағымызды бастаймыз. Сабаққа қатысқан оқушыларға смайликтер тарату.Сабақ соңында смайликтер арқылы бағалау
ІІ. Өткенді пысықтау. «Иә, жоқ» ойыны 4-слайд 8+5=13-иә 1сағ10мин=80мин-жоқ 5+а әріпті өрнек -иә Жақша ішіндегі амал екінші орындалады-жоқ
Қосу мен азайту- өзара кері амалдар. -иә
1дм = 10см-иә
а + 4 = 7 Бұл- әріпті өрнек.-жоқ
1дм + 7см = 8см.-жоқ
1 аптада 7 күн бар.-иә
Сыйымдылықты метрмен өлшейді.-жоқ
85=8онд.5бірл-иә
Азайтуды қосумен тексеруге болады.-иә
III. Үй тапсырмасын тексеру. 5-слайд Дәптер алмастыру. Көркем жазу минуты. Математикалық диктант
IV. Жаңа сабақ: 8- дің құрамын еске түсіру. Эстафеталық ойын. 6-слайд
Ал, достарым, келіңдер
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Амалды орындап көріңдер. №1 Қосындының және айырманың мәндерін табу:
1-топ:8 + 8 =16 2-топ: 17 - 8=9
16 - 8 = 8 8+9=17
9 + 8=17 17-9=8
№ 2 .Теңдеу шешу. Өзіндік жұмыс 7-слайд
х+8=17 17-х=8 х-8=9
х=17-8 х=17-8 х=9+8
х=9 х=9 х=17
9+8=17 17-9=8 17-8=9
17=17 8=8 9=9
Сергіту сәті.8-слайд
Есептедік, шаршадық, орнымыздан тұрайық
Қимылдатып аяқты, шапалақты ұрайық-деп бейнебаяннан сергіту сәтін жасау
№3. Есепті шығар. «Кім шапшаң?» ойыны 9-слайд
1-топ: Мақсаттың 3 қояны, 4 үйрегі бар. Оның қояндары мен үйректері қанша болса, сонша тауығы бар.Мақсаттың неше тауығы бар?
Ш: Қоян-3
Үйрек -4
қоян +үйрек =? сонша тауық
Шешуі: 3+4=7
Жауабы: 7 тауық.
2-топ: Ерболаттың үйінде 4 қаз, сонша үйрек және 20тауық бар. Ерболаттың үйінде барлығы неше құс бар?
Ш. Қаз-4 Үйрек-сонша ? құс Тауық-20
Шешуі:4+4+20=28 Жауабы: 28 құс
№ 5. Есепті ауызша шығару 10-слайд
1-топ. Өрісте 4 сиыр және 3 бұзау жайылып жүр. Сиыр мен бұзау қанша болса, сонша жылқы жайылып жүр. Өрісте неше жылқы жайылып жүр?
2-топ.Қайрат 3бұзау, сонша қозы және 4 лақты күтуге көмектеседі. Қайрат барлығы неше төлді күтуге көмектесті?
№ 6.Фигуралар сызу, салыстыру.Не ортақ?11-слайд
-төртбұрыш (тік төртбұрыш та, шаршы да емес) -тік төртбұрыш (шаршы емес) -шаршы
Шығармашылық тапсырма: 12-слайд
2 таяқшаны алып тастау арқылы 7 шаршы шығару.
V. Қорытынды: 8-ге 8-ді қалай қосамыз? 13-слайд
VІ. Үйге тапсырма: № 4 , 80 бет. 14-слайд
VII.Бағалау: Оқушылардың жұмысын талдай отырып бағалау.
Кемпірқосақ түстерін пайдалану; Жасыл-сабақ қатты ұнады, бәрін түсіндім; Сары-ұнады,бірақ түсінбегендерім бар; Қызғылт -ұнамады,түсінбедім;
Әркім өзіне лайықты стикерлерді кемпірқосақ бетіне орналастырады.