7


  • Учителю
  • 'Байлық пен ақыл' 2-сынып әдебиеттік оқу

'Байлық пен ақыл' 2-сынып әдебиеттік оқу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Байлық пен ақыл»

Мақсаты: 1. Оқушыларды «Байлық пен ақыл» ертегісімен таныстыру. Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғыну арқылы мазмұнын меңгерту.

2. Байлық пен ақыл туралы білімдерін толықтыру. Ой қозғау страгетиясын қолдана отырып, оқушыларды жан-жақты ойлауға баулу. Өз ойларын дәлелді айта білуге үйрету.

3. Тиянақсыз, жеңілтек, мақтаншақ, тұрақсыз сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, батылдылыққа, ақылдылыққа, тұрақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ

Қолданылған страгетиялар: ой шақыру, рефлексия, ассоциация

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, тіреук сфызба, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: ертегі мазмұнына сай сюжетті сурет, жүзік, белбеу.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ Мотивацияны ояту кезеңі:

Байлық



(ақша, үй, көп мал, машина, Кафе, қымбат киім, дүкен)

  • Ал байлық тек ақшамен ғана өлшенуі мүмкін бе?

  • Одан басқа қандай байлық түрлерін білеміз?

(білім, ақыл, өнер)

  • Ендеше, біз оны рухани байлық деп атаймыз. Ал ақыл деген не екен? Ақыл сөзін 3 тілде айтып көрейікші. Ақыл - ум - mind





Ақыл




(диплом, білім, көп оқу, жақсы оқу, алтын белгі)



Ал енді ақыл мен байлық сөздерін байланыстырып көрейікші...

Егер адам ақылды болса, ол бай болады, себебі ...

Байлық пен ақыл туралы қандай мақал-мәтел білеміз?



ІІІ Жаңа сабақ. Бүгін біз «Байлық пен ақыл» деп аталатын ертегімен танысамыз. Ертегіден біз өз халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Онда шыншыл оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.

  • Ал ертегілер қалай басталады?

Мәтінмен жұмыс:

  1. Мұғалім оқиды.

  2. Оқушылар іштен оқыту

  3. Оқушыларға тізбектеп оқыту

  4. Рөлге бөліп оқыту.

(Ертегіні оқу барысында әрі қарай не болатынын, оқушылардың ойын сұрап отыру қажет)

Сөздік жұмысы: әшекей - өрнек, сәнді ою

Мұрагер - әке орнын басушы

Сергіту сәті

ІҮ. Бекіту кезеңі: Осы ертегіні оқи отырып көңілімізге не түйдік?

Оны қазір біз «Бәйге» ойыны арқылы білеміз.

30 40 20

20 50 30

10 60 10

10-Ертегі кім туралы? Кейіпкерлерін ата.

10-әкесі ұлдарына қандай тапсырма берді?

20-Мәтіннен екінші ұлының сөзін тауып оқып бер.

20-Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген жоқ. .. Қай ұлының сөзі?

30-Қай ұлының жауабы ұнады? Неге?

30-Қарт мұрагерін дұрыс таңдай алды ма?

40-Шалдың ұлдарына мінездеме бер

50-Егер сен қарттың орнында болсаң не істер едің? Неге?

60-Егер сен осы ұлдардың бірі болсаң не айтар едің?

Әр оқушының алған ұпай санын анықтау.

-Енді қандай қорытындыға келдік, бай болған жақсы сма, әлде ақылды болған жақсы ма?

Дәптермен жұмыс:

Кітапты жастан оқы,

Оқымай білім болмас.

Білімсізден өнер шықпас

Өнерсіз байлық болмас.

Эссе жазу. Оқушылар сабақ бойынша шағын жэссе жазады.

Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабағымыздан не білдік?

- Не есімізде қалды?

- Осы ертегіден халықтың қандай әдет-ғұрпын байқадық?

Үй тапсырмасы: ертегі сюжеті бойынша диафильм құрастыру

Бағалау: оқушыларды бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал