7


Наурыз жыл басы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Наурыз жыл басыМақсаты: Наурыз мейрамы жайлы түсінік беріп, халқымыздың салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, дөңгелек үстелде ақтан жасалған тағамдар. Барысы:*Ортаға ақ көйлек киген әже шығып: Шашу шашу шашайық, Ән думанға баса
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Наурыз жыл басы


Мақсаты: Наурыз мейрамы жайлы түсінік беріп, халқымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, дөңгелек үстелде ақтан жасалған тағамдар.

Барысы:

*Ортаға ақ көйлек киген әже шығып:

Шашу шашу шашайық,

Ән думанға басайық.

Наурыз келді далама,

Жаңа жыл келді қалама - деп шашу шашады.

*Екі оқушы шығып өлең жолдарын айтады:


1 - оқушы: Дилназ

Көктем келді алақай,

Тұрма қарап балақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Қане достар тұрмайық.

2-оқушы: Балжан

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс ақ болсын,

Ақ мол болсын.


Мұғалім сөзі: Құрметті ата -аналар, оқушылар жаңа жылдарыныз құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Төрімізге келіп кеткен наурыз тойы құтты болсын. Балалар жаңа жылды әр халық әр уақытта өзінің салт- дәстүріне байланысты қарсы алады екен. Біз қазақ халқы «Наурыз» айының 22 - күні қарсы алады екенбіз. Бұл күн мен түн теңеліп, даланы Қыдыр баба аралайды екен деген сөз бар.

*Батам, батам батпасын, батам жерге жатпасын» деп апамызды ортаға шақырайық. (ортаға апа шығып батасын береді)

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсан жол болсын,

Ұлыс бақты болсын,

Төрт-түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын.

Қайғы - уайым жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын.

Әумин!!!


*Би «Қамажай» (Қыздардың орындауында)


3-оқушы: Айым

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

4-оқушы: Элмира

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

Қуанышта ел енді,

Наурыз келді жүр енді.

5-оқушы: Ернұр

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта ағы бар.

Ішетіннің, жейтіннің,

Бұл көжеде бәрі бар.

6-оқушы: Айсбек

Жарқыра, жайна наурызым,

Қабағы жаудан түйілсін.

Береке байлық дәм - тұзым,

Халқыма мәңгі бұйырсын.

7-оқушы: Алимжан

Тыным болсын даламыз,

Батыр болсын балаңыз.

Уайым қайғы жоқ болсын,

Ақ дегенін көп болсын.

8-оқушы: Ажар

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз кетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын - Наурыз.

9-оқушы: Гүлім

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсан жол болсын.

10-оқушы: Дәулет

Ұлыс бақты болсын,

Төот - түлік ақты болсын.

11-оқушы: Рабйға

Ұлыс береке берсін,

Бәле - жала жерге енсің.

12-оқушы: Диас

Балдай тәтті баламыз,

Ақылдымыз, данамыз.

13-оқушы: Сабина

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

14-оқушы: Аяулым

Ұлы халқым тоқ болсын

15-оқушы: Аслан

Қайғы уайым жоқ болсын.

16-оқушы: Гүлнұр

Ағайындар, бауырлар,

Наурыз келді, алақай.

Көже пісті әр үйде,

Бір тоямыз алақай.

17-оқушы: Нариман

Көжесі көп, қыры көк,

Қандай жақсы наурыз.

18-оқушы: Сымбат

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

19-оқушы: Парасат

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар.

20-оқушы: Нұрай

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.


*Сөз кезегі ата - аналарға беріледі.


Қорытынды: Сіздердің барлықтарыныздың отбасыларынызға аманндық, татулық, жақсылық, тілеймін. Әр қашанда осындай береке бірліктен ажыратпасын. Балаларыныздың қызығын көріп, қуанышына бөлене берініздер «Наурыз құтты болсын».





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал