7


Конспект на тему 'Жеке адам'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жеке адам - қоғамдық дамудың нәтижесі, нақтылды тарихи жағдайлармен байланысты еңбек, қарым - қатынас және таным субъектісі.

Жеке адам ұғымын индивидпен адамның ерекшілігі жөніндегі ұғымдарды ажырата білу қажет. Индивид ұғымы кімнің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырғандағы физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріін, тке өзіне тән қасиеттерін білдіреді.

Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды.Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адам қоғам дамуының нәтижесі, қоғамдық қатынастардың субъектісі, әлеуметтік коллективтің бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады. К.Маркс тұңғыш жеке адам мәселесін нақтылы тарихи жағдаймен байланысты зерттеп, антагонистік қоғам мен жеке адамның арасындағы қарама қарсылық сол қоғамның әлеуметтік қайшылықтарының көрінісі екенін дәлелдеп берді. Қоғамнан тыс жеке адамның өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан оның еркіндігі мен көркеюі халықты бостандыққа жеткізу ісімен тікелей байланысты деп көрсетті.

Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат - мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым - қатынасқа түседі

Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қауымдағы ру бірлігінен ажыратып, коллективпен бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болды. Жеке адамның ең басты белгісі - оның әлеуметтік қызметінде.

К.Маркс « Жеке адамның мәні - оның сақалында, қанында, не дерексіз бір физикалық жаратылысында емес, әлеуметтік сапасында» деп жазған. Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Сондықтан да К.Маркс былай деп жазды: «... адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Өзінің шындығында келгенде ол - барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы.» Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелсіз. Капитализм тұсында жеке адам бір жақты дамуға душар болды. Тек социализм мен коммунизм ғана жеке адамның жан - жақты жарасымды дамуын қамтамасыз етеді. Коммунистік қоғам жеке адамды әлеуметтік ортаның бүгінгі ықпалына түсіріп, жоқ қылып жіберуді көздемейді, қайта әрбір адамды өзіндік ерекшеліктері мен әлеуметтік қасиеттердің үйлесімді дамуына жағдай жасайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал