7


  • Учителю
  • Научный проект на тему 'Киелі жануар-киік'

Научный проект на тему 'Киелі жануар-киік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы

« Белоградов орта мектебі » КММ.







Тақырыбы:

«Қазақстандағы ғажайып жануар-киік»






Дайындаған: 4 «а» сынып оқушысы

Нурхадилқызы Фарида.


Ғылыми жоба жетекшісі:

бастауыш сынып мұғалімі Тенсел Марта.








2014 жыл


Мазмұны


І.Кіріспе.

ІІ Негізгі бөлім

2.1.Киікті неліктен «Сайғақ» деп атаған?

2.2.Киіктің дене бітімі мен құрылысы.

2.3.Ерекше тұмсық.

2.4.Миграция.

2.5.Киіктер немен қоректенеді

2.6.Киіктер шөлін қалай қандырады?

2.7.Қауіптер, аурулар, жаулар.

2.8.Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!

2.9.Жергілікті деңгейде қандай жұмыстар атқаруға болады?

ІІІ Қорытынды

ІҮ Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе



Жобаның өзектілігі:

Қазақ даласындағы киіктердің санының азаюы,қорғау іс-шараларының жүргізілуі, сақтап қалу үшін қандай да болмасын жүргізіліп жатқан жұмыстарды анықтау.


Зерттеу мақсаты:киік санының азаю себебін анықтау, киіктер туралы жан-жақты мағлұмат жинау, адам өміріндегі киіктің маңызын анықтап оларды сақтап қалудың жолдарын қарастыру.

Міндеті:

Киіктерді қорғау мен сақтап қалу жолдарын ұсыну.

Зерттеу тәсілдері:

  • газет-журналдардан, кітаптардан деректер алу;

  • ақпараттар талдап, қажетті фактілерді іріктеу;

  • ғаламтор жүйесін қарау;

  • ата -аналардан, таныстардан сұрау;

Жиналған мәліметтерді саралау,талдау,жинақтау.қорытынды жасау.


Зерттеудің болжамды нәтижесі:

Киіктер туралы мәліметтерді жинақтай отырып, оларды қорғау мақсатында парақшалар жасау және тарату.Дүниетану пәнінде оқушыларға қосымша білім көзі ретінде ұсынылады.


Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы -қырлы панасы бар,

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп - өнген

Жәндіктің киік деген баласы бар...

С. Сейфуллин.

Киік немесе ақбөкен - қазақ даласының мақтанышы, сәні. Мақтанышы болатыны киік - мамонттың замандасы. Осы заманға дейін дене құрылысы өзгеріссіз жеткен деуге болады. Кең жазира қазақ даласындағы ертедегі адамдар салған тастағы жануарлар суреттерінің ( петроглифтер) ішінде танауы торсиған киік те бар.

Мақтанышы болатыны - осыдан 30-40 жыл бұрын ғана 20-шы ғасырдың 60-70 жылдары біздің елдегі киіктің саны 1. 2 млн. болған, оны аулау жүргізілетін...

Сәні дейтініміз - кең даланы кезген киіксіз бұл экожүйені көзіне елестету мүмкін емес. Ертеден табиғатпен етене өмір сүрген қазақ халқының жан - жануар, табиғат жөніндегі сазды әуендерінің ішінде «Ақсақ киік» атты күй, «Жез киік» атты ән, «Киік қашқан » поэмасы бар.

20- ғасырдың соңында Кеңес үкіметі тараған соң экономикалық қиын кезеңде ақбөкен еті мен мүйізіне сұраныс көбейіп оны аулаудың шамадан тыс артуына байланысты саны күрт азайды. Сөйтіп, 1970 -80 жылдарындағы 2 млн. шамасындағы киік 2003 жылы небәрі 21200 данаға дейін азайды. 2005 жылы жабайы тұяқты жануарлар және киікті сақтап қалу және қайта қалпына келтіру жөнінде Мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарламаны жүзеге асырушы ҚР Ауылшаруашылық министрінің орман және аң шаруашылығы комитеті. Осы шараның орындалуына байланысты киіктің саны өсе бастады. 2009 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 80000 бас ақбөкен мекендейді, оның 49000-ы Бетпақдала популяциясының үлесінде. Осы келтірілген ақбөкен саны қатты жұт болып, бір - екі жыл қатар қолайсыз ауа райы тұрса қырылып, саны ойсырап қалатыны сөзсіз. Осыған қазіргі таңдағы броконьерлікті есепке қоссақ жағдай мүлде қиын екені көрінеді. Бүгінгі күні броконьерлер киікті қайта қалпына келтіру үлкен кедергі келтіріп отыр. Жол таңдамайтын әлді автокөліктер, қарда жүретін шана, түрлі қару - жарақ олардың күшін еселей түсуде.

Сондықтан да мен осы киіктер туралы зерттеу жұмысын жүргізе отырып, осы жануарларға сәл болса да көмегім тисе екен деген мақсатпен жазып отырмын.


Киік неліктен «Сайғақ» деп аталған?

Киік сөзінің төркіні татар тілінен алынған. 1769 жылы орыс ғалымы Петр - Симон Паллас тұяқтыларға ресми түрде осы атауды берді. Ол Орынбор губернияларына саяхат жасап жүрген кезде «жабайы ешкілерді» кездестіреді. Жергілікті тұрғындар - татарлар оларды «сайға» деп атаған. Бетпақдала тұрғынының латын тіліндегі ғылыми атауы - Saiga tatarica.

Киік қазіргі уақытта төрт мемлекеттің аумағында: Қазақстанда, Ресейде, Қалмақ елінде, Өзбекстанда, Моңғолияда , сонымен бірге бұрын Түрікменстан территориясында да кездесетін. Әр халықтың бұл аңға берген өз атауы бар. Қазақтар - ақ бөкен, бөкен, киік. Өзбектер- сайғақ. Түрікмендер- кейик. Түріктер - ақ құйрық. Қалмақтар - бухин, моңғолдар - бухэн деп атайды.

Киіктің дене бітімі мен құрылысы.

Сыртқы бітіміне қарағанда ірі қойға ұқсайды. Көзі үлкен. Аяғы жіңішке, басын тыныштық кезде жерге көлбеу ұстайды, қатты мазасызданып қозған кезде биік көтеріп жоғары ұстайды. Аталығы мүйізді. Құйрығы мен құлағы қысқа. Жазды күні түсі сарғыш - қызыл, ал қыста ақшыл, бұл бейімдеушілік. Түгі жазда қысқа - 1-2 см, қыста - 10 см. дейін жетеді. Ересектеу ірілерінің салмағы 60 кг дейін жетеді. Аталықтарының орташа салмағы 40-50 кг, аналықтары 30-35 кг, денелерінің ұзындығы 100-150 см. Аталықтары 4-5 жыл өмір сүреді, аналықтары ұзағырақ 8-9 жылдай өмір сүреді.

Аса шапшаң жүгіреді, қысқа қашықтықтарда сағатына 70-80 шақырым жылдамдық көрсете алады. Осындай жылдамдық көрсету оның жүрегінің ерекшелігіне де байланысты. Қазақстан жеріндегі барлық тұяқты аңдар ішінде ең жүрегі үлкені - осы ақбөкен.


Ерекше тұмсық. Тұмсығы қоңқиған, пілдің тұмсығындай өте ерекше көрінеді. Жай тұрған уақытта , әсіресе ересектерінде төмен қарай салбырап тұрады. Жүгірген кезде маятник тәрізді екі жаққа шайқалады. Мұрын қуысында талшықтар өте көп, ол сүзгі қызметін атқарады. Суық кезде ауаны жылытып, ыстық кезінде ауаны салқындатады. Лағын иісі арқылы табады. Жеуге жарамды өсімдікті иісінен анықтайды, жақындаған жауын да иісінен сезеді.

Миграция.

Миграция дегеніміз - жаппай орын ауыстыру.

Киіктер өмір бойы көшіп жүреді. Үнемі жайылымын айырбастап, жылжып отырады. Жүздеген шақырымдарға созылған тобыр болып жүреді. Жыл бойына және миграция кезінде үйірді бастайтын көсем - аналық болып табылады. Күзде, қыста оңтүстікке қарай көшеді, көктемде және жазда орталыққа, солтүстікке қарай көшеді. Күніне шамамаен қалыпты жағдайда 10- 20 шақырымдай, ал қолайсыз суық кездері 40 -45 шақырымдай жүріп кетеді.


Киіктер немен қоректенеді?

Орталық Қазақстан киіктердің «дастархан мәзірі» мезгіл сайын ауысып отырады. Қыста олар шөптердің бірнеше түрімен қоректенеді: баялыш, қылша, изен, бұйырған, жусан сияқты шөптер. Көктемде «қорекке» талғампаз болып келеді, жусан, арпабас, рауғаш, ақ сасыр, сораң, бидаяқ сияқты шөптермен қоректенеді. Жазда «киіктердің үстелі» едәуір байып шөптердің 58 түріне дейін жетеді. Күзде шөптердің көбісі қатқылданғанда киік ылғалы бар жусан, сораң, қылша, мая шөптерін қорек етеді.

Киіктер шөлін қалай қандырады?

Киіктер өте төзімді, шыдамды жануарлар. Қыста олар шөлдерін қураған шөптерді жұла отырып, қармен қандырады. Көктемде және жазда олар көпке дейін су ішпей - ақ, ылғалды жасыл шөптермен бірге алады. Дегенмен, олар сусыз тіршілік ете алмайды, сондықтан су жоқ жерлерде көпке дейін жүре алмайды. Суат бойы киіктерге қауіпті болғандықтан, олар суға ақырындап келеді. Суға біраз жер қалғанда олар топтап жан - жақтарына қарап барып таянады. Табынды ересек ұрғашы бастап келеді. Егер қауіп болмаса, олар суға келеді. Табанның саны көп болғанда топ - топ болып алмасып отырады. Бірінші келгендер жағадан іше береді. Су ластанған сайын киіктер жағадан алыстап, кейде жүзе жүріп бастарын көлденең ұстай, астыңғы ерінін түсіре отырып су ішеді. Бір, бес - төрт минут шөлдерін қандырады.

Қауіптер, аурулар, жаулар.

Киіктердің өмірі қауіп - қатерге толы. Адамнан басқа киіктерге ауа райы жағдайлары да өзінің теріс әсерін тигізуі мүмкін жұт кезінде мыңдаған табындар жойылды. Жұт дегеніміз - ауа райының қолайсыздығынан табынның қырылып қалуы: қардың өте қалың және тығыз болуы, көк тайғақ ,созылмалы борандар, бораннан кейін болатын аса қатты желдер. Тұяқтылардың өте көп шоғырланған жерлерінде олардың аурулардан да өлімге ұшырауы байқалды. Әсіресе аурудан көбінесе жаңа туған әлсіз жас лақтар көп шығынға ұшырайды. Ауа райының қолайлы жағдайларың өзінде жас киіктердің төрттен бір бөлігі қаза тапса, аусыл,сарып, пастереллез сияқты індеттерде тең жартысы қырылып қалады.

Бұлардан басқа, киіктердің нағыз қас жаулары да бар. Олар - жауыз қасқыр мен қу түлкі, алғыр үй иті мен қыран , дала бүркіті. Бұлардың ішіндегі ең қауіптісі - қасқыр. Қасқырлардың үлкен емес үйірлерінің өзі - киік табынына көп шығын әкеледі.

Адам -өміріндегі киіктің маңызы.

Киік - бағалы жануар. 50- ші жылдардың басында Қазақстанда киік мәселесі өзінің оң шешімін таба бастағанда, екінші бір мәселе туындады. Мыңдаған табындар ауыл шаруашылығына көп шығын әкелді: егінді жеп -құртып, таптап дегендей. Содан ғалым - биологтар олардың санын реттеу үшін киіктің етін, мүйізін, терісін сататын мемлекеттік аңшылық мекемелерін ашуды ұсынды.

Одан түскен экономикалық табыс ойлағаннан да жоғары болды. Киіктің еті Францияның мейрамханалық нарығында жоғары бағаланды, киіктің мүйізі Қытайға сатылып, одан шығыс медицинасы үшін пайдаланылды, ал терісі өте жоғары сапалы былғары жасауда пайдаланылды. Мұнан біз киіктің нарықтық бағасы барлық кәсіпшілік жануарлардың бағасынан асып түскенін байқаймыз.



Адамның ғажап іс - әрекеті.

1919 жылы жарық көрген заң киіктерді аулауға қатаң тыйым салды.

40 - жылдардың соңында киіктердің саны кәсіпшілік деңгейге ғана жетті. Осы жылдары киікті зерттеп, үйрену бойынша кең түрдегі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оны тиімді пайдаланудың ғылыми негіздері әзірленді.

1951 жылдан Төменгі Поволжьеде, 1954 жылы Қазақстанда киік кәсіпшілігіне рұқсат берілді. Ондағы киіктің санй орта есеппен 1 млн. басқа жетті. Бұл көрсеткіш 100 жыл бұрынғы олардың санына тура келді. 20- ғасырдың 80- жылдарына дейін киіктердің саны 1,5 - 2 млн. басты көрсетіп отырды. Кең байтақ даланы мекендейтін тұяқты жануарлардың көп санды табындарының түрлері оларды көрген адамды таң қалдырды. Бір табынды қызықтап үлгермей, оның орнына басқасы келіп, өздерінің сұлулығымен көздің жауын аларлықтай болды. Міне, осындай керемет жағдай 3-4 күнге дейін өзінің жалғасын тапты. Киік санының азиялық бөлікте де айтарлықтай байқалды. Сондықтан Германияның жабайы жануарларды қорғау ұйымының энтузиасты Бернгард Гржимектің бастамасымен киіктің қайта көбеюін адам қолы жасаған керемет деп атай бастады.

Алайда өткен ғасырдың соңыңа қарай ғалымдар қайта дабыл қаға бастады. Киік саны жыл өткен сайын азая берді ...

Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!

Иә, мен осы бір ғажайып аң - киіктер туралы көп мағлұмат алдым. Олардың шығу тарихын, ағзаларының ерекшеліктерін, өмір сүру ерекшеліктерін білдім. Осы бір жануардың түрінен түсетін экономикалық табысты қарастыра отырып, оны сақтап қалу қажеттілігін түсіндім. Менің ең негізгі мақсатым - киіктердің табынын көбейтіп, сақтап қалу, оларды тірідей көру мүмкіндігінен айырылып қалмау және олар туралы әлі де ақпарат жинау.

Бұдан мынадай сұрақ туындап отыр: «Жануардың бұл түрін әлі де сақтап қалуға мүмкіндік болып тұрғанда біз не істеуіміз керек?»

Дүниежүзінде не жасалып жатыр?

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары киіктің жоғалып кетуі жайында 1-ші болып дабыл қаға бастады.

1995 жылы СИТЕС 2-ші Конвенциясының (сирек жануарлардың сатылуын реттейтін халықаралық келісім - шарт) қосымшасына киік енгізілді. 2001 жылы СИТЕС ел - қатысушылары (Қазақстан- 2000 жылдан бері СИТЕС-ке қатысады) киіктің жоғалып кетуі қаупі бар болғандықтан Ресей мен Қазақстаннан киіктердің мүйізін импорттауға тыйым салуды ұсынды.

1996 жылы бұл түр Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының «Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер тізіміне» енгізілді.

2004 жылы ХТҚО Жердегі биологиялық сан алуандылықты сақтап қалу мәселесі ішіндегілердің ең маңыздысы осы киік мәселесі деп жарияланды.

Киіктерді қорғау мәселелерімен айналысатын бүкіл әлем бойынша 45 -тен астам ұйымдар институттар және табиғат қорғау қорлар жиналып келесі жылдары киіктерді жоғалып кетуден сақтауға не істеу керегін талқылады.

Қазақстанда киік зерттеу мен қорғау саласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы, Білім және ғылым министірлігінің Қазақ зоологиялық институты, Сеймар әлеуметтік қоры тәрізді мемлекетттік және мемлекеттік емес ұйымдар,институттар мен қорлар қызмет етуде.


Қорытынды.

Жергілікті деңгейде қандай жұмыстар атқаруға болады?

Броконьерлермен күресуді жүргізу ғана емес, сонымен қатар осындай кәсіппен айналысуға мәжбүр ететін жергілікті тұрғындардың нашар экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын қарастыруымыз керек.

Тұрғындарды қазіргі киіктердің шын мәніндегі жағдайлары жайында олардың жоғалып кеткен жағдайда не болатыны туралы ақпараттандыру керек. Киіктердің тағдыры біздің өзіміздің қолымызда - міне осының мәнін халықтың жете түсінуі қажет. Браконьерлерді тек айыппұлмен ғана қорқытпай, оларға өздерін қоршаған адамдардың, яғни туыстарының, достарының оларға кінә артуы айыппұлдан көбірек әсер етеді. Бірақ, осы жерде ескере кететін жәйт - егер жергілікті тұрғындардың бұдан басқа кәсібі, өмір сүруге қаражаты болмаса, бұдан түсетін пайдамыз аз- ақ, жағдайды ауқымды түрде өзгерте аламыз деп айта алмаймын. Сондықтан бүгінгі күннің осындай мәселесін шешу

үшін аумақтардың экономикалық даму бағдарламаларын жасау керек.


Мына сөздермен аяқтағым келіп тұр.

Сен де табиғатты қорғауға атсалыса аласың және киіктерді сақтап қалу үшін күресе аласың.


Келешек ұрпақ үшін киіктерді сақтап қалайық!

Зерттеу нәтижесі.

Зерттеу нәтижесінде киіктің басқа тілдерде аталуымен,

Олардың мекендейтін ортасымен, дене құрылысымен, адам өміріндегі маңыздылығын білдім.

Киіктер туралы жаңылтпаш, мақал - мәтелдер, өлеңдер, аңыздар жинақтадым.

Пайдаланған әдебиеттер:


1.Балаларға дала экожүйесі туралы. Мырзабаев А.Б.


2.Живые сокровища Казахстана. Сост. Бычкова Э.А. Алма - Ата:Казахстан. 1979ж.


3.Возрождение сайгака. Цаплюк О.Э. Алма -Ата:Наука, 1982г.


4.Еуразия даласының таңғажайып жануары. Бушман Л.Н, Темірғалы Р.А,

О.К. Шаймұханбетов.


5.Алтын дала. Т. Брагина.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал