- Учителю
- Сабақ жоспары 'Аққу Шортан һәм Шаян' (4 сынып)
Сабақ жоспары 'Аққу Шортан һәм Шаян' (4 сынып)
4 « Б » сыныбына арналған әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Мұғалімнің аты-жөні
Ахметбекова Зауре Габдиманаповна
Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп
Күні:
Сыныбы 4 «Б»
2- сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы
Аққу , Шортан һәм Шаян.
Сілтеме
Орта мерзімді жоспарлауЗ.МуфтибековаП.Қ.Жаманқұл оқулығы Алматы кітап баспасы 2011ж
Жалпы білім беретін 11 жылдық орта мектептің 4- сыныбына арналған оқулық
Жалпы мақсаттар
Оқушылар мысал арқылы ынтымақ, бірлік туралы мағлұмат алады;
Мысалдан сыни ойлау арқылы қорытынды шығарады.
Оқыту нәтижесі
А.Сыни тұрғыдан ойлау,болған жайды жан-жақты бағалай біледі,баға беруге үйренеді.
В. Тапсырманы талдап қорытынды жасайды.
С. Бірлік ,ынтымақ туралы өз ойларын дәлелді түрде қорғайды. Шығармашылық пен жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар
Бірлік, ынтымақ болмай іс оңбайтынын өмірде жадына тоқу.
Оқыту тәсілдері
Сын тұрғысынан ойлау , топпен жұмыс, АКТ,диалог,сұрақ-жауап,Дарынды,талантты, жас ерекшелігіне байланысты тап.
Көрнекілігі:Акт, смайликтер , бағалау парағы, постер , Микрафон, слайд, жіп,
Кейінгі тапсырмалар
Өлеңді жаттау. «Бірлік түбі-тірлік» тақырыбына эссе жазу.
Уа
қыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
2мин
3мин
3 мин
10 мин
2мин
2 мин
5мин
2 мин
3мин
3 мин
1 мин
1 мин
3 мин
2 мин
3 мин
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа сабақ
Бір оқушы тренинг өткізеді.
Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке» . Көңіл күйіміз жақсы ма? Олай болса от шашу жасап жіберейік.
Топқа бөлу: Күйіз үй макетіне салынған суреттер бойынша топқа бөлу.( Аққу,Шортан,Шаян) Мақсаты: Сабақтың мазмұнына орай бөлу.
Үй тапсырмасы: Сауалнама ( Акт )
Білу. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ жасыру.
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып. (Аққу )
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.(Шортан )
Бір мақұлық мойны жуан,тірегі ұзын,
Тікпесе өзі етік сақтар бізін.
Тағыда іске ыңғайлы қайшысы бар.
Іс тігіп көрген де емес еш қызығып. (Шаян ).
-
Олай болса бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?
-Аққу ,Шортан һәм Шаян.
-Бұл құс,балық,шаян туралы не айтар едіңдер?
«Ой қозғау»
1-топ: Аққу неліктен киелі құс деп аталады?
- Аққу - сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған.
2-топ: Шортанның басқа балықтан айырмашылығы бар ма,неліктен?
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.
3-топ:Қытай халқы шаян етін неге жейді?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000-нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.
-Олай болса бүгінгі сабағымыз «Аққу ,Шортан һәм Шаян»
Түсіну. Мағыныны тану. Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Иван Андреевич Крылов (1769-1844) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. Крыловтың көптеген мысалдарымен таныстық. Атап айтсақ: Түлкі мен қарға,Әншілер,Піл мен Қанден,шегіртке мен құмырсқа т.б. Байтұрсынұлы Ахмет ( , қазіргі , - , ) - қазақтың , әдебиет зерттеуші ғалым, , публицист, , аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, , қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Алдарыңыздағы компьютерлеріңізге зер салыңыздар. Не көріп тұрмыз балалар? ( Акт пайд. )
-
Суреттер, өлең шумақтары.
Олай болса оқушылар ,суретке қарай отырып өлең жолдары мен сәйкестендіріңдер. Сонымен
-Өлең мазмұнына орай қандай қорытынды ой шығаруға болады?
Қолдану.( Әр топқа тапсырма беру. ) ( Дарынды, талантты )
1-топ
Өлең мазмұнына орай эссе жазу.
2-топ
Өлең мазмұнына орай сурет салу.
3-топ
ТВ ШОУ ( Журналистер )
Яғни ,басты кейіпкердің ролін сомдай отырып өмірмен байланыстыру.(Әрқайсысы топтарға барып сұрақтар қояды)
Топтық жұмыс: ( Жас ерекшелігіне қарай тапсырма )
1-Топ: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2-топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3-топқа: Мысал бізді неге шақырады?
Сергіту сәті: « Таңғы жаттығу»
Топқа бөлу: Сынып оқушыларын екі түс арқылы топқа бөлу.( Әңгіме дебат )
Талдау.
Сыныпты екі топқа бөле отырып «Екі жақты пікір» стратегиясын пайдалану. Кейіпкерлердің іс әрекетін ақ топ - жақтайды,қара топ - даттайды.
Жинақтау.
Өрмекші торын пайдаланып оқушылар сабақтың мазмұнына орай бір-біріне сұрақтар қояды .1Мысалды қалай түсінесің?
2. Сен осылардың орнында болсаң қандай әрекетке барасың?
3.Мысал өлеңде бізді неге жақырып отыр деп ойлайсыңдар?
Ой тастау: Өлеңді әрі қарай жалғастыруға болама?
Бағалау: Сабақтың мазмұнына орай бағалау. Мысал өлеңде адамдарды неге шақырды?
Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау. «Бірлік түбі-тірлік» тақырыбына эссе жазу.
Кері байланыс: ( Оқу үшін,оқыту үшін бағалау )
1. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
2. Топты бағалайды.( Смайлик арқылы )
3. Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер»
-
Бүгінгі сабақта менің түсінгенім...
-
Мен үшін белгісіз және жаңалық болғаны…
Көңіл күйлерін білдіре отырып тілек айту.
Қалаған суреттерін алады.
Әр оқушы актевойт құралын пайдаланып жауап береді.
Жұмбақтың шешуін табады
Постер қорғау
Оқушылар өз ойларын айтады
Әңгіме ,пікірталас.
Әр топқа сұрақтар қояды.
Жұптасып жұмыс жүргізеді.
Топқа бөлінеді.
Пікір алмасу.
Тор құру.
Мысал өлеңге баға беру.
Смайлик арқылы.
Аяқталмаған сөйледі аяқтау.
Екі топ өз пікірлерін айтып жеткізеді
Жинақтай отырып сұрақтарға жауап беру
Оқушылар өлеңді өздері жалғастырады
Эссе жазып келу
Әр оқушы өздерін бағалап ,топтар бір-бірін смайлик арқылы бағалайды,пікірлерін тыңдайды