- Учителю
- Бастауыш сыныпқа арналған сабақ
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ
«Өкпеті» орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Искакова Райгүл
Сабақ тақырыбы: А.Құнанбаев. Қыс өлеңі
Сабақ мақсаты: Білімділік; Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туралы білгендерін кеңейту. Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.
Дамытушылық; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік; табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауларына ықпал жасау.
Сабақ түрі: жаңа білім беру, зерттеу сабағы
Сабақтың әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекіліктермен жұмыс, шығармашылық жұмыстар.
Көрнекіліктер; Абай суреті, қыс тақырыбы суреті, тірек сөздер, таратпа карточкалар, электронды оқулықтан Абай мұражайына саяхат
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасы өтілген тарауды қайталау негізінде жүргізіледі. «Өткен өмірден» тарауы қайталанады. Карточка сұрақтары:
1-карточка
Жау тигенде жарағым
Алыстан асып дау келсе
Түрулі тұрған құлағым,- деп қай батырға сипат берген?
2-карточка Жауға қарсы ақбозымен оқ бойы алға шыққан батырды Абылай қалай атап еді? (Дарабоз)
3-карточка Бұл кім туралы айтылған?
Қиядан қиқу төгілсе
Аттың басын тартпаған
Қисапсыз қол көрінсе
Қорқып жаудан қайтпаған (Бөгенбай)
4-карточка Кенесарының құрдасы,әрі оның бірінші әскери кеңесшісі болған батыр Ұлытау өңіріндегі Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген. Ол кім еді? (Ағыбай батыр)
5-карточка Жақия кім еді, мінездеме бер.
3. Көңілашар сәті. Бүгін ауа райы өте тамаша екен. Мен өте көңілдімін. Бүгінгі көңілашар сұрағын балаларға емес, бүгінгі қонақтардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алдым,яғни қонақтарға мынандай сұрақ қоямын: Оқыту үрдісіндегі басты тұлға кім? деген сұраққа жауап берсеңіздер.
- Дұрыс айтасыздар басты тұлға оқушы екен.Алдымызда ел ертеңін, ақпараттық қоғамның толықққанды мүшесін қалыптастыру мақсаты тұр. Осы мақсатқа жету үшін ұлтымыздың ұлы адамдарын ұлықтап танып білу біздің парызымыз. «Іс тапсырмас бұрын үйрету құмарлығын оятып алу керек»
4. «Қызығушылықты ояту» Тақтадағы суретке назар аудартамын. Осы суретке қарап отырып қыс мезгілі туралы білетіндігімізді ортаға салайық.
-Балалар, қыс тақырыбын жақсы аштыңдар. Енді біз осы қыс тақырыбын зерттейікші.
5. Өзіндік жұмыс Тақтада 3 түрлі тапсырма берілген.
1-тапсырма. Сурет беріледі, сол бойынша әңгіме құрастыру.
2-тапсырма. Бірнеше тірек сөздер берілген , тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрау.
3-тапсырма. Мәтін берілген , сурет салу тапсырылады. Оқушыларға қай тапсырманы орындаса да еркіндік беріледі.
6. «Мағынаны тану» кезеңі.
А) А. Құнанбаевтың өмірімен таныстыру
Б) 1-2 сыныпта өткен Абай шығармаларына шолу «Ой қозғау»
«Адам болам десеңіз», «Ғылым таппай мақтанба», «Желсіз түнде жарық ай»
7.Карточкамен жұмыс. Карточкалар таратылады.Әр карточкада қыс тақырыбында өлеңдер берілген. (Бүкіл сыныпта оқу процесі жүреді)
8.Салыстыру. Электронды оқулықтан Абайдың «Қыс өлеңі оқылады. Оқушыларға өлеңді қоса оқу тапсырылады.
-Қане, балалар, осы тыңдаған өлеңдеріңді қолдарыңдағы карточкадағы өлең жолдарымен салыстырыңдар. Венн диаграммасы арқылы салыстырады.Электронды оқулықтан Абай мұражайы көрсетіледі.
9. Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі бала қолдарындағы карточкаларын салыстырады
10. Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқу минуты. Бейнелік сөздерді тауып, дәптерлеріне жазғызамын.
Қайталау сұрақтары қойылады.
-
Ақын қысты кімге теңейді?
-
Қыстың күшін қай сөздерден көруге болады?
-
Өлеңде балалар жайында не айтылған?
-
Малшы жайында не айтылған?
11.Қорытынды. Иә, біз Абай атамыз туралы тереңірек білдік. Абай- дара, Абай - дана, себебі ел- жұрттың болашағын ойлап оқуға, білімге шақырған. Адам бойындағы жаман қасиеттерін көрсетіп, одан арылудың жолын іздейді. (1-кесте) Ал «дара» дейтініміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерген қазақ халқының арасында жалғыз болуы.
12. Біз не үйрендік? Сызбамен не үйренгеніміз қорытындыланады.
«Сабақ оқушы көзімен» Дөңгелекшелер таратылып боялады
13. Бағаланып, үйге тапсырма беріледі.
1-кесте
жалқаулық
жамандық
надандық
өсек ,
ұрлық
өтірік мақтаншақтық
еріншектік
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы