7


  • Учителю
  • Конспкет урока на тему:Төрт түлік

Конспкет урока на тему:Төрт түлік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты: Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту; Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: үй жануарларының суреті, дидактикалық ойынға қажетті құрал-жабдықтар

Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жүмыс, ойын, әңгімелеу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің байланысы: қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, сурет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ашық сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіңдер ме,балалар! Көңіл күйлерің қалай? Олай болса алдарыңдағы кез келген шарларды алып тілектеріңді айтып бір-біріне сыйлаңдар. Алған шарларыңмен енді топқа бөлініп отыра қалайық.Қызыл,сары шарлар бойынша сынып екі топқа бөлінеді





Үй тапсырмасын сұрау

«Көл» өлеңінен ұнаған шумағын жатқа сұрау

Картадан Алакөл,Балқаш,Зайсан,Марқакөл көлдерін көрсету





ІІІ. Қызығушылықты ояту

Конспкет урока на тему:Төрт түлік

-Балалар,мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Қайсылары артық екен? (доп,балапан,тышқан,пингвин,қоян,түлкі)

-Сонда мына бір-біріне қай суреттерді жақын дер едің?

-Иә,оларды біріктіріп қалай атауға болады? (үй жануарлары)

Мағынаны тану

Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Осылардың барлығы төрт түлік малға жатады.

Конспкет урока на тему:Төрт түлік

Төрт түлік - түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе - сордан (сотаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы - желден (желден жүйрік), сиыр - судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой - пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі- тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылыпты.Суретке қарап әр малдың өз төлдерін тауып айтады

Конспкет урока на тему:Төрт түлік

Оқулықтағы мәтінмен танысу.

-Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің 1-ші шумағын мұғалім оқиды,қалған 4 шумақты 2-топ өздері оқиды

-Балалар,түсінбеген сөздерді түртіп алып отырыңдар,сосын сөздерге түсінік жасаймыз

Сөздік жұмысы.

Жүген-

Көген- төлдің мойнына байлайтын жіп

Ноқта-

Бұйда-

Құрық-

Күнұзын-

-Балалар,келесі тапсырма топтарға беріледі

1-топ Қой-ешкі мен түйенің пайдасын айтады

Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін - шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі - Ойсылқара.

Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Қойдың пірі - Шопан ата.

Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі - Сексек ата.



2-топ Жылқы мен сиырдың пайдасын айтады

Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі - Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.

Жылқының төлі құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін - қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі - Қамбар ата.

Сергіту сәті: «Дұрыс па,бұрыс па?» ойынын ойнайық

Мен төрт-түлік малға қатысты сөздер айтсам шапалақтаймыз, басқа сөздер айтсам шапалақтамайсындар

Мысалы: Қой-шапалақ, түлкі-шапалатамайды,т.б.



Мұғалім: Балалар,мына белгі нені білдіреді? (ойлануға берілген тапсырма)

-Дұрыс, «Ел құты-төрт түлік мал» дегенді қалай түсінесіңдер?

1-топ: Төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер тауып жазады

  1. Малды бастан ұрма.

  2. Малға теріс мінбе.

  3. Малды теппе, төкпе.





2-топ: Төрт түлік малға байланысты мақал-мәтелдер айтады

Мұғалім: -Балалар,төрт түліктің жаңа туған кезіндегі атауларын жаз.Сол төлдер келесі жылы қалай атаатыны туралы кестені толтыр

Ойтолғаныс:

  • Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не туралы өттік?

  • Үй жануарларына нелер жатады екен?

  • Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?

  • Жануарлар қалай дыбыстайды?

  • Балалар, үйымдастырлған оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңызға рахмет, мадақталады.

Үйге тапсырма: өлеңнен кез келген шумақты жаттау, ұнаған төрт-түлік малдың суретін салып келу

БағалауСабақ басында таратылып отырған жұлдызшалардың санына қарай бағалау











































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал