7


  • Учителю
  • Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Жолда жүру ережесін сақтаймыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сыныбы: 4 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесін таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру. Жол қауіпсіздігін еске сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер,

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесін сақтаймыз» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

2 жүргізуші:

1 жүргізуші: Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: үлгілі, тәртіпті бала.

Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Мирамгүл

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңызда

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

2 жүргізуші: Бағдаршамның шығу тарихы

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме?

Ал, ендеше тыңдап көрелік.

Зарина. Тарихқа көз жүгіртсек Алғашқы бағдаршам жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысында ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдынна бағдаршам орнатты.

Айгерім. Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болды да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк тағы басқа қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1914 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Аяулым. Жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған. 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

1 жүргізуші: Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Тақпақтар

Сезім, Назерке, Қаракөз, Жаннұр.

2 жүргізуші: Ал,енді жол белгілеріне сөз берейік.

Айман:Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.алғы

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.



Дилназ: Есігінен артқы

Көлікке сен мінгін.

Енді есіктен алғы

Түсеріңді білгін.



Сақтандыру белгісі

Міндеттеу белгісі

Нұсқау белгісі

Сахналық көрніс: Инспектор мен Зуылбек

Әй жолда неғып иіріліп тұрсыңдар? Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер?

Инспектор: Велосипед болғаны өте жақсы. Ендеше біздің жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызға қош келдің. Оларды білу саған да қажет. Атың кім өзіңнің?



Атым-Зуылбек. Велосипедпен зуылдап жүремін. Сондықтан ауылдағылар осылай атап кетті. Ал мынандай белгілер көшеде де қаптап тұр. Оларды біліп қайтем. Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатамын.

Кенет зуылбектің көзі қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті дөңгелек белгідегі велосипедке түсті.

-Әй, мынау мен үшін жасалған белгі ғой.

Инсп:Иә, сен үшін, Бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»

Зуылбек:-Жүрмейді? Тапқан екенсің! Зуылбектің велосипедті жүрмейтін жер жоқ,білдің бе?

Мен үшін көше, аула, бақ бәрі ашық. (кекетіп)

Сендерше айтқанда, қалай еді, әлгі жасыл жарық.

Балалардың қасына жақындайды.

-Мұны да белгі дейді ау. Әй, көшеге пәтер ішінде тұратын жылу батериясы не үшін керек?

Бәрі күледі. Инсп: Зуылбек-ау, бұл саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңнан «Шлагбауны бар темір жол өткелі бар» деген сөз. Ұқтың ба?

А-а... (қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас. Салдырап-гүрілдеп пойыз жеткенше, зу етіп те үлгеремін.

Адам белгісі салынған нұсқау белгісінің жанына барып тоқтап

-(басын шайқап) төртбұрыш, ақ үшбұрыш, қара адам?!

Инсп: Жаяулар өтпесі

-Зуылбек: велигім тұрғанда мұны қайтем.

Велосипедін келген жаққа бұрады.

-Қой мен зуылдайын. Бұл белгілерді түгендеймін деп жолымнан қалармын.

Сау болыңдар ережелер!

-Шынында да жол жүру ережесін білген дұрыс екен.

Балалар: Дұрыс, кел қатарымызға қосыл.

Инсп: Көрдіңдер ме, балалар, жолда жүрі ережесін сақтамаған Зуылбек жазым болуға аз ғана қалда. Енді ол жол белгілерін үйренетін болды.

1 жүргізуші: «Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.

Диас, Мирас, Сағыныш, Анаргүл, Райымбек, Айда, Айсұлу, Ғалым, Альмира

2 жүргізуші: Жұмбақтар шешіп көрейік.

1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы түзеткен. (жол сақшысы)

2.Көше бойын аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

3.Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (машина)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6.Өзі сөйлеу білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

1 жүргізуші: Сахналық көрніс: «Маймақ аюдың достары»

Лаура: Ирек-ирек көшелер

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

2 жүргізуші: Балалар, Жолда жүру ережесін сақтаймыз! атты тәрбие сабағымызда біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік қорыта келе деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман-есен жүрелік.



















Жолда жүру ережесін сақтаймыз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал