- Учителю
- КОНСПЕКТЫ
КОНСПЕКТЫ
Баланың жалпы психикалық даму деңгейін анықтау.
Адам мүсінінің суретін салу.
Материал: Бір парақ қағаз, жұмсақ қарындаш.
Балаға өзінің шамасы келгенше ер кісінің суретін салуға тапсырма беріңіз. /Ешқандай түсіндірме берілмеуі тиіс./
Нәтижелерін бағалау: 1 ұпай - суреті салынған мүсіннің басы, денесі, аяқ қолдары болу керек. Басы мен денесінің арасындағы мойын пропорциясының денесіне сәйкестігі болуы тиіс. Басында шаштары /қалпақ/ құлақтары болу керек. Бетінде - көздері,мұрны,ауызы.Қолдарының әрқайсысында - бес саусақ. Ер кісіге тән киімі болу керек.
2 ұпай - 1 ұпаймен бағаланатын талаптардың толық орындалуы. Үш мүшесі салынбаған болуы мүмкін. /мысалға, мойыны, шаштары, бір саусағы/, бірақ бетінің барлық бөліктері салынуы керек.
3 ұпай - мүсіннің басы,денесі,аяқ-қолдары бар. Аяқ-қолдары бір сызықтап салынған. Мойыны, құлақтары, шаштары, киімі, қолындағы саусақтары жоқ.
4 ұпай - басы мен аяқ-қолдары бар қарапайым сурет. Аяқ-қолдарын /бір-бірден салса да жеткілікті./ бір сызықтап салынған.
5 ұпай - денесі мен аяқ-қолдарының кескіні бұлыңғыр.
Нормативтер:
Жоғары даму деңгейі - 1 ұпай;
Орташадан жоғары деңгей - 2 ұпай;
Орташа деңгей - 3 ұпай;
Орташадан төмен деңгей - 4 ұпай;
Төменгі даму деңгейі - 5 ұпай;