7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 9 мамыр Жеңіс күні

Тәрбие сағаты: 9 мамыр Жеңіс күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 мамыр Жеңіс күні

Құрметті қонақтар!Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

Енді мектеп меңгерушісіне сөз беріледі:

Баймурунова Ұмсын Хасанқызына

Ән: Әлия

1-оқушы:

Жеңіс,жеңіс естіледі жалынды!

Жеңіс,жеңіс қоңыраулар қағылды,

Күн парақтар кып-қызыл боп ашылды

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.

Домбырада саусақтары жаралы

Жеңіс,жеңіс атам әнге салады

Шаршағанда ансағанда жас шағым

Жеңіс деген сөзден ләззат алады

2-оқушы:

Ағайлардан,апайлардан,інімнен

Жеңіс сөзін көп естідім бүгін мен

Сәл күбірлеп жеңіс жеңіс деп едім

Жазылғандай әжем белі бүгілген

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын

Жаңарлардан алтын шуақ шашылған









3-оқушы:

Соғыс бұлты төнгенде,

Серік болып ерлерге.

Жаудың бетін тойтарған,

Елдің кегін қайтарған.

Армиямыз айбынды,

Армиямыз қаһарман.

Күзетеді ай нұрлы,

Күн сәулеті Отанды.





4-оқушы:

Шекарада күзетте,

Қас қақпайды ағалар.

Балбыраймыз төсекте,

Біз алаңсыз балалар.

Қыр қызы орындады берген антын,

Халқына адал болу ердің салты.

Ел үшін қасық қанын аямаған,

Жүректе мәңгі өшпейді Әлия, Мәншүк аты.





5-оқушы:

Бейбіт күні орнасын,

Елімізде әрқашан.

Тыныш өмір сүрейік,

Достығымыз жарасқан.

Ақ көгершін, көгершін,

Шарла барлық әлемді.

Бейбітшілік үнімен,

Ән саламыз әдемі.



6-оқушы:

Алтын таулар желмен ойнап,

Қуанышты ұлғайтамыз.

Жеңіс күнін жылда тойлап,

Жеңіс әнін жылда айтамыз.

Бабалардың айбынды үнін,

Тыңдаймыз біз мақтанышпен.

Тоғызыншы майдың күні-

Тойдың күні тоқаш піскен.

Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың



Бұл жеңісті алып келген.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды

Ән: Ақ көгершін

Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!





























































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал