7


  • Учителю
  • Математика ашық сабақ 9 санын қосу және азайту

Математика ашық сабақ 9 санын қосу және азайту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 санын қосу және азайту

</ Математика ашық сабақ 9 санын қосу және азайтуМухамедиева Марал Мырзағалиқызы

Алматы облысы, Ақсу ауданы,

Жансүгіров ауылы Есмұрат Сиқымов

атындағы орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санға 9- ды қосу кестесін еске түсіре отырып, есептер шығару.

Дамытушылық: Сабақ барысында логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Есептер шығару арқылы сауатты жазуға, тез есептеуге, шапшаң қимылдауға және математикалық амалдарды дұрыс оқуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер, жылжымалы тақта.

Әдісі: сұрақ - жауап арқылы түсіндіру, өздік жұмыстарын орындату.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу - құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару. Оқушылар бір - біріне сәттілік тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: № 6 - тапсырма.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: «Сапарға шыққан достар»

№ 1 - тапсырма:

9 + 9 18 - 9 9 + 8 17 - 9 9 + 7 16 - 9

№ 2 - тапсырма: «Мысыққа көмектесейік»

(9 + 2) - 2 = 9 18 - (7 + 2) = 9 9 + ( 18 + 9) = 9

ІҮ. Қайталау :

№ 1 - тапсырма: Қарлығаш құсы қонақта

Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)

Теңдеулерді шеш:

І - қатар: ІІ - қатар: ІІІ - қатар:

х + 9 = 18 18 - х = 9 х - 9 = 9

№ 2 - тапсырма: Тырна құсы қонақта

Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей. (Тырна)

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

9 саны мен а - ның қосындысы а = 80; 9

а мен 9 сандарының айырмасы а = 89, 18.

Ү. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

№ 3 - тапсырма: Қарға құсы қонақта

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)

Есепті салыстыр. Оларды шағыр.

А) Электр желісін жөндеушілер 18 м сым әкелген еді. Алдымен олар 7 м, сонан соң тағы сонша метр сым қиып алды. Неше метр сым қалды?

Ә) Электр желісін жөндеушілер 18 м сым әкелген еді. Олар 7 метр сымды қиып алды. Неше метр сым қалды?

ҮІ. Жаңа материалды бекіту:

№ 4 - тапсырма: Жапалақ құсы қонақта

Шұнтиып қос құлағы,

Түнде көрер қырағы. (Жапалақ)

Өрнектерді салыстыр:

4 + 7 * 13 - 6 6 + 7 * 8 + 8

5 + 6 * 14 - 8 15 - 9 * 11 - 7

18 - 9 * 14 - 5 12 - 6 * 8 + 4

ҮІІ. Үйге тапсырма: 85 - бет, № 4 - тапсырма: Есепті салыстыр. Оларды шағыр.

ҮІІІ.Бағалау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал