7


  • Учителю
  • 'Менің Отаным - Қазақстан. Астана. Алматы. '

'Менің Отаным - Қазақстан. Астана. Алматы. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Астана. Алматы.

Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ болайын деп тұр, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап

  • Қала көліктерін атаңдар. (трамвай, автобус, көлік, троллейбус т.б.)

  • Ауыл көліктерін атаңдар. (велосипед, трактор, ат арба, жүк көлігі)

  • Көліктің қандай түрлері бар? Көліктің жерде, ауда, суда жүретін түрлері бар.

  • Қаланың көшелері қандай? Қаланың көшелері кең.

  • Олар қалай бөлінеді? Жаяу жүретін жол және машина жүретін жол.

  • Көшелердің қиылысқан жерін не деп атайды? Көше қиылысы деп атайды.

  • Көше қиылысында қалада не болады? Бағдаршам.

  • Ауылды жерде көліктер көп бало ма аз бола ма? Аз болады.

  • Аылда асфальттанбаған жолдар бар. Оларды не деп атайды? Қара жол.

  • Ауылда жаяу жүретін жол бар ма? Жоқ. Сондықтан біз жолдың шетімен жүруіміз керек.

  • Денені қалай шынықтыруға болады? Шомылуға, күнге күюге, саяхатқа шығуға болады.

  • Спортпен айналысқан пайдалы ма зиян ба? Пайдалы.

  • Спорт киімді не үшін киеді? Ол жеңіл, ыңғайлы әрі жылы болады.

Жарайсыңдар балалар, үй тапсырмасын жақсы оқып келіпсіңдер.
- Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.
ІІ. Жаңа сабақ.

Отан - адамның туып-өскен және тұратын жері (слайд №1). Адам ауылда, қалада дүниеге келуі мүмкін. Ата-анаңның үйі - сенің өмірге келіп, ержеткен үйің. Отан - отбасынан басталады. Ал сенің ең үлкен Отаның - Қазақстан (слайд №2). Ол - Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отаны. Қазақстан - үлкен ел. Мұнда өзен, көл, орман, жазықтар, таулар бар. (слайд №3-10)

Қазақстанда ауылдар мен қалалар көп. Кең байтақ жерімізде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан (Ғарышкерлерді көрсету тақтадан). Қазақстан өсімдіктер мен жануарларға бай. Бұл байлықтардың бәрін халық пайдаланады. Тауларда қарағайлар мен шыршалар, жеміс-жидектер өседі. Онда барыс, арқар, аю сияқты түрлі аңдар тіршілік етеді. Орманда емен, үйеңкі, қайың, қарағаш, терек ағаштары бар. Жазық далада қызғалдақ, көкнәр, қоңыраугүл, беде, жалбыз, селеу және басқа да өсімдіктер өседі. Ал жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық тәрізді аңдар жүреді. (Жануарлар тақтада).

Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. Оны қорғай білуіміз керек.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - ел,

Қазақстан - туған ел.

Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?

  1. Отан отбасынан басталады.

  2. Туған жердей жер болмас,
    Туған елдей ел болмас.

  3. Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.

  4. Отан оттан да ыстық.

  5. Отан үшін отқа түс күймейсің. (слайд №11-15)

  • Жарайсыңдар! Балалар, Біздің Отанымыз Қазақстанның елордасы не?

  • Біздің елордамыз - Астана.

  • Иә, дұрыс айтасыңдар! Қазақстанның елордасы - Астана қаласы (слайд №16). Астана - әдемі жас қала. Онда кең көшелер, аллеялар мен саябақтар бар. Қала Есіл өзенінің екі жағын ала орналасқан (слайд №17). Ол күннен-күнге көркейіп келеді. Мұнда үкіметтік мекемелер бар. Олар - Президент резиденциясы, Парламент үйі, Үкімет үйі. Қаланы орталықтар, ғимараттары көріктендіре түседі. Жастар үйі, Спорт сарайы, балалар мен жасөспірімдер үйі, цирк өте әдемі. Қалада институттар, университеттер, балабақшалар мен мектептер бар. Астанада ескерткіштер көп. Қазақстанның астанасын тамашалауға әр елден қонақтар көптеп келеді. (слайд №18)

Астана - арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрад ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана туралы видеоролик. (3 мин)

Бұрын Қазақстан астанасы - Алматы болған, кейін Республиканың бас қаласы - Астанаға көшірілді. (Слайд №19)

Алматы - Қазақстанның ең үлкен, әрі әдемі қаласы. Ол Іле Алатаудың байрауында орналасқан. Алматы - Қазақстанның мәдени орталығы. Мұнда көптеген университеттер, институттар, академиялар, театрлар, музейлер, мектептер, балабақшалар мен кітапханалар бар. Алматыда атақты адамдарға орнатылған ескерткіштер көп. Қалада Абайдың, Жамбылдың, Ш.Уалихановтың және басқа да белгілі адамдардың ескерткіштері бар. (слайд №20). Мереке күндері алматылықтар және қонақтар алаңға жиналады. Ол жерде неше түрлі ойын-сауықтар өтеді. Спорт сарайында спорттық ойындар бойынша жарыстар болады.

Ай астында әдемі,

Алматыдай қала жоқ!

Аялаған бар елі

Бақытты мендей бала жоқ.

Сергіту сәті. (1 мин)

Енді, балалар, алдарыңда қызыл хатқалта бар. Сендер оны алып жұптасып құрастыруларың керек.

Қайда орналасқанын айту. (слайд №21)

Жарайсыңдар! Сендерде мынадай суреттер шығу керек. Бұлар Астана қаласында орналасқан.

«Адасқан әріптер» ойыны.

Әріптер арасынан біздің Қазақстанда мекендейтін жануарларды табу. ҚАСҚЫР, ҚАРАҚҰЙРЫҚ, ТҮЛКІ, КИІК, ҚҰЛАН, ҚОЯН, АЮ, БАРЫС, АРҚАР, ТИІН, КІРПІ

Сендердің алдарыңда смайликтер бар. Сабақта қызықты мәліметтер алдым деп ойласаңдар күліп тұрған смайликтерді жапсырыңдар.

Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
- дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен сабағымыз аяқталды.

Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал