- Учителю
- Конспект по начальный классе на тему 'Әбіш ата мақтанышымыз'
Конспект по начальный классе на тему 'Әбіш ата мақтанышымыз'
Әбіш ата- мақтанышымыз
(бастауыш сыныптарға арналған ертеңгіліктің сенарий)
Кештің мақсаты: Қазақстанның халық жазушысы,Қазақстан Республикасының сенат депутаты,Маңғыстау облысының ардақты азаматы,академик,заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевты балаларға кеңінен таныстыру
Тәрбиелілігі: жазущының тәлім тәрбиелік ойларын,жарық көрген роман,повесть,өлеңдерін балаларға айтып түсіндіру.
Көрнекілігі: жазушыға арналған бұрыш,Әбіш атамыздың суреті,кітап көрмесі,өмірінен сыр шертетін қабырға стенді,буклеттер,слайдтар және қаламгер замандастарының лебіздері.
Мұғалім: Қүрметті балалар! Сыныбымызда өткелі отырған жерлесіміз бәріміздің атамыз ҚР ның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 75 жылдығына арналған ертеңгілік кешімізге қош келдіңіздер!
Әбіш Кекілбаев атамыз 1939 жылы қыстың қыраулы Желтоқсанында Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген.Әбіш атамыз өздерің сыяқты мектеп қабырғасында білім алып жүріп жастайынан әдебиетке деген қызығушылығы артқан.Мектепті бітіріп,Қазақ Мемлекеттік Университетін тамамдап қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған.Енді балалар,біз Әбіш атамыздың өмір баянымен және елімізге сіңірген қызметімен және жазушының шығармаларымен танысайық
1 оқушы: Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді,елімізге көптеген еңбектері сіңді 1962-1963 жылдар «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкері,1962-1963 жылдары «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі 1965-1968 жылдары Қазақ КСР -ның мәдениет министірлігінің мүшесі болды.
2 оқушы: 1968-70 жылдары әскер қатарында қызмет атқарған,әскерден соң 5 жыл «Қазақфильм»киностудиясының бас редакторы қызметін атқарған.1984-86 жылдары Мәдениет министірінің орынбасары болды.
3 оқушы:1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып жұмыс істедіСодан кейін Қазақ тарихы және ескерткіштерді қорғау қоғамының бастығы қызметін атқарды.
4 оқушы:1989-90 жылдары Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Ұлтаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі болды.
5 оқушы: 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы 1993 жылы қаңтардан бастап 1994 наурызына дейін мемлекет басшысының кеңесшісі болды.
Мұғалім: Сонымен бірге жазушы Әбіш Кекілбаев қамқорлық кеңесінің төрағасы болып жұмыс жасады,кітапхананың қамхорлық кеңесі ҚР ұлттық кітапханасы мен әлеуметтік инициатива бойынша құрылды.кеңестің басты мақсаты-кітапхананың стратегиялық дамуын,оның қалыптасу кезеңін айқындау.ҚР ның ақпараттық ресурстар жүйесінің маңызды буын ретінде кітапхана функциясының тиімділігі үшін жағдай жасау.
Атақ марапаттары:
1-оқушы Жазушы «Қүрмет белгісі» орденінің иегері
2-оқушы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері
3-оқушы Елбасының Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері
4-оқушы Қазақстан Халық жазушысы
5-оқушы Маңғыстау облысының құрметті азаматы және академик атағы берілді.
Мұғалім: Ия балалар,елімізде Әбіш атамыздың 75 жылға толу мерей тойы барлық жерлерде тойланып жатыр,себебі осындай ел абыройы үшін еңбек еткен азаматтар әр қашанда елеусіз ескерусіз қалмайды,муннан қортынды шығарсақ «болмасаңда ұқсап бақ бір ғалымды коргесін» демекші сендерде көп оқып көп еңбектенсеңдер осындай елі ,ері сүйетін ұлағатты азамат болып өсесіңдер.Енді балалар сендер Әбіш атамыздың қандай шығармаларын білесіңдер солар жайында әңгіме өрбітсек,қәнекей кім айьтады?
Әбіш ата-жазушы
Әбіш ата-саясаттанушы
Әбіш ата-әдебиеттанушы
Әбіщ ата-философ
Әбіш ата-публицист
Әбіш ата-кітапхана
Әбіш ата-академик
Әбіш ата-шежіре
Қортынды.
Мұғалім: Жазушы сонымен қатар болгар , чех,немес,француз жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.Мінекеі балалар Әбіш атамыз жайында біраз мағлуматтар алдық.
Осымен бүгінгі Әбіш атамыздың туған күніне орай өткізген ертеңгілігімізді жабық деп жарялаймыз назарларыңызға рахмет!
Маңғыстау Облысы,Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тапалова Жанар