- Учителю
- ҚЫсқа мерзімді жоспар 'Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп'
ҚЫсқа мерзімді жоспар 'Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп'
№2 сабақ бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы 2 «Д» пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:
Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп
Сабақтың мақсаты:
Гиннес кітабына кірген қазақ кім екені туралы түсіндіру.Т.Әубәкіров туралы мағлұмат беру.Ғарышкерлер туралы айту.
Көрнекі құралдар:
Оқулық,ғарышкерлердің суреті,АКТ,зымыранның суреті,стикер,А4 парағы.
Негізгі идеялар:
Сабаққа қызығушылығы артады,білім деңгейі жоғарылайды.
Күттілетін нәтиже:
Жаңа сөздерді меңгереді,жаңа сөздерді байланыстыра отырып,мәтін құрастыра алады.Ойларын нақты жеткізеді,бірлесіп жұмыс жасай алады.
Уақыты
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылар сәлемдеседі.
2 минут
Психологиялық дайындық
Оқушыларды топтарға бөліп,сабаққа дайындау.
1.Қыран 2.Зымыран
3.Ұшақ 4.Тікұшақ
деп топқа бөлінеді.
5 минут
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма берілді.
С.Мұқановтың «Батырлық»әңгімесінен эссе,реферат жазу,буклет жасап келгендерін сұрау.
6 минут
Жаңа сабақ
Гиннес кітабына кірген қазақ Нұртөре Жүсіп
Осы бетті ашып дайындалады.
5 минут
«Ой қозғау»
1.Гиннес кітабына кірген қазақ деп кімді айтамыз.
2.Рекорд деген не?
Оқушылар өз білгендерін айтады.
6 минут
Мағынаны тану
1.Нұртөре Жүсіп кім?
2.Білетін ғарышкерлеріңді ата?
Ю.Гагарин,Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев
15 минут
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді әр топқа бөліп беремін.
Әр топ өзінің берілген жерін оқып,қорғайды.
2 минут
Қорытындылау
Тақтада «Зымыран»суреті ілінген.
Әр оқушы өінің білгенін стикерге жазып іледі.
1 минут
Бағалау
Кері байланыс алу.Топтардың бірін-бірі бағалауы,мұғалімнің бағалауы.
Не білдім?Кері байланыс жазады.Бағдаршамдар арқылы бағалауы.
1 минут
Үйге
Әр ғарышкерге эссе,реферат жазу.
Оқушылар өз беттерінше ізденеді.