7


  • Учителю
  • Открытый урок по познанию мира

Открытый урок по познанию мира

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: "Дұрыс тамақтанудың пайдасы"

Сабақтың мақсаты: Тамақтың негізгі құрамымен танысу.Тиімді және пайдалы тамақ дегенді түсіне білу. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: сызба кесте, қағидалар жазылған плакат, мақал -мәтәелдер.

Сабақтың барысы: Дұрыс тамақтану, пайдалы және қажетті тамақтармен тамақтану тәртібін сақтап тиімді тамақтану адамды түрлі аурудан сақтайды, дұрыс өсіп дамуына көмектеседі.

1.Ми шабуылы. 3 топқа сұрақ қойылады. Қай топ жауап берсе, сол топ жаңғаққа ие болады. 1. Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінеміз?2. Тамақты не үшін ішеміз? 3. Тағамдағы негізгі қоректік заттардан басқа тамақта тағы не болуы керек? 4. Негізгі қоректік заттардан басқа тамақта тағы не болуы керек? 5.Авитаминоз деген не? 6. Тамақ ішу мәдениеті дегеніміз не?

2.Жаңа сабақты түсіндіру. Таблицалар арқылы түсіндіріледі.



Кенеулі заттар

Алынатын өнім

Бір тәулік мөлшері

Маңызы

Ақуыз

Сүт, ет, балық, құс еті, жұмыртқа, нан, жарма, күріш, ірімшік т.б.

80-100 гр.

Ағзаның "құрылыс материалыә энергия көзі, қорғаныш қозғалыс қызметіне өсу, даму процесінде қатысуы, т.б.

Май

Күнбағыс, жүгері, сары май, қаймақ, қыша, жаңғақ т.б.

80-100 гр.

Қуат береді, энергия көзі, зат алмасуға қатысады, А,Д және Е дәруменің негізгі көзі, жүйке жүйесі мен ми жұмысына пайдалы.

Көмірсу

Жүзім, нан, макарон, қант, картоп, конфет, торт, т.б. ұннан жасалған тағамдар.

400 -500 гр.

Энергия қоры, күш қуаты бұлшық ет жұмысын жақсартады, ағзадағы зиянды заттардың шығуына көмектеседі, ас қорытуды қалыпқа келтіреді.



3. Біз дұрыс тамақтана аламыз ба?

Тапсырма:күнделікті ішетін тағамымыздың тізімін жасаңыздар.

4. Тиімді тағам кестесі. Плакатта салынған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды аныңтау.

Плакатта берілген тағамдардың тізімі: алма, йогурт, жаңғақтар, тәтті нан, ірімшік, қуырылған картоп, кока - кола, жұмыртқа, балмұздақ, тәтті кәмпит.

5. Топтық жұмыс. Тоназытқыш сөрелеріне тамақтарды дұрыс орналастыра аламыз ба? Сендердің алдырыңда тоңазытқыштың суреті, жанында тағам түрлері берілген. Олар: сүт, сәбіз, ет, пияз, айран, томат, май сарымсақ, жұмыртқа, алма, майонез, қызанақ, алмұрт, ірімшік т.б. Қай тағамды қай сөреге орналастыру керек?



6.Сергіту сәті: пайдалы, пайдасыз тағамдарды ажырата білу. Ет, қант, сүт, кәмпит, шұжық, ірімшік, тосап, балық, балмұздақ.

7. Әр топқа тапсырма: Күнделікті тамақтану неше мезгіл болу керек? Дұрыс тапқан топ жаңғаққа ие болады.

8. Тақтаға ІІ ауысым оқушылардың тамақтану мезгілі ілініп, түсіндіріледі.

8.00 -8.30 Таңертеңгі ас

12.30 -13.00 Түскі ас (үйде)

16.00 -16.30 түстен кейінгі ас (мектепте)

19.30-20.00 кешкі ас

Ескертпе! Мектептегі түстен кейінгі, түске дейінгі асты - құрғақ тағамдарға, конфет, пряник, балмұздаққа ауыстырмау керек және мектепке балалардың не жегенін біліп отырып, үйде қосымша қажет тамақты толықтыру керек.

Мақал -мәтелдердің мағынасына үңілейік, әр топқа әр түрлі мақал беріледі. Олар мағынасын ашу керек.

Апыл -ғұпыл ішкен ас -асқазанға түскен тас.

Үйінде асы жоқтың көңілінде хошы жоқ.

Ас біреудікі болғанымен, асқазан өзіндікі.



Жағдаятты шешу:

1 - топ. Саған қонаққа досың келді, сен оны қалай күтесің?

2-топ. Сенің үйіне папанның жолдасы келді, бірақ мамаң мен папаң үйде жоқ. Сен не істейсің?

3- топ. Көршінің үйіне келген кісі сенің үйіне келді не істейсің?

Сыныпқа сұрақ: Тамақ ішкенде нені есте ұстауымыз керек.



Мұғалім: тақтадағы қағидаларды дұрыс түсіндіріп, дәптерге жазып алыңдар. Біз дұрыс тамақтана аламыз ба? Қағидалар:

Бірінші қағида: асықпай тамақ ішу.

Екінші қағида: Тамақты дұрыс шайнау.

Үшінші қағида: тамақ ішуге тәбет болмаған жағдайда зорланып тамқ ішпеу.

Төртінші қағида: ӨМІР СҮРУ ҮШІН ТАМАҚТАНУ.



"Баспайтың ас -жеген кісінің өзін жейді" дегенді шығыстың ғалымы Абдуль Фарадж осы себепті айтқан болар.

Қорытынды: Балалар.Бүгінгі сабақта нені білдік? Сендерге несімен ұнады?

Тапсырма: "Мен жеген тағамдар" кестесін құру.



Кенеулі заттар

Алынатын өнім

Бір тәулік мөлшері

Маңызы

Ақуыз

Сүт, ет, балық, құс еті, жұмыртқа, нан, жарма, күріш, ірімшік т.б.

80-100 гр.

Ағзаның "құрылыс материалыә энергия көзі, қорғаныш қозғалыс қызметіне өсу, даму процесінде қатысуы, т.б.

Май

Күнбағыс, жүгері, сары май, қаймақ, қыша, жаңғақ т.б.

80-100 гр.

Қуат береді, энергия көзі, зат алмасуға қатысады, А,Д және Е дәруменің негізгі көзі, жүйке жүйесі мен ми жұмысына пайдалы.

Көмірсу

Жүзім, нан, макарон, қант, картоп, конфет, торт, т.б. ұннан жасалған тағамдар.

400 -500 гр.

Энергия қоры, күш қуаты бұлшық ет жұмысын жақсартады, ағзадағы зиянды заттардың шығуына көмектеседі, ас қорытуды қалыпқа келтіреді.



















Апыл -ғұпыл ішкен ас -асқазанға түскен тас.







Үйінде асы жоқтың көңілінде хошы жоқ.







Ас біреудікі болғанымен, асқазан өзіндікі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал