7


  • Учителю
  • Ашық сабақ '7 санын қосу және азайту'

Ашық сабақ '7 санын қосу және азайту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 санын қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 7 санын қосу және азайту. Әдемі таза жазуғ дағдыландыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру щқытушылардың логикалық және ойлау қабілетін дамыту. Тоғызқұмалақ есеп қалтасы арқылы қосу және азайту амалдарын орындау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік құралдары: «Тоғызқұмалақ» есеп қалтасы. «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер «сиқырлы математика», кеспе сандар, гүлдер, баларасы, плакат.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық дайындық

а. Оқытушылар тілегі

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Тоғызқұмалақ есеп қалтасы өрнек құрастыру

  3. Жаңа сабақ 7 санын қосу және азайту

  4. Оқулықпен жұмыс

  5. Бауырсақ ертегісі

  6. Сергіту сәті

  7. 7 санына байламдар

  8. Кел, ойнайық! Араларға бал жинауға көмектес

  9. Сабақты қорыту

  10. Есепті шығарда түсіндір

  11. Үйге тапсырма



1.Жалайша

2.Төртбұрыш



3. Үшбұрыш

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Психологиялық дайындық

  1. Оқушылар тілегі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Тоғызқұмалақ есеп қалтасы

Мысалы: Бастауыш жағының отауларын да мына төмендегідей құмалақтар жатыр. Біздің мақсатымыз, осы құмалақтарды жүргенде қайсы отауға түсетінін білу.

Отау № Құмалақ саны

1) 2 2

2) 4 5

3) 6 4

7 3

Өрнек құрамыз: 1) 1+2=3 3) 5+4=9

2) 3+5=8 4) 6+3=9

Ота № Құмалақ саны Қарсылас отауы

1) 6 7 4

2) 7 5 3

3) 8 6 2

4) 9 3 1



Өрнек құрамыз: 1) 7-4=3 3) 6-2=4

2) 5-3=2 4) 3-1=2



Жаңа сабақ: 7 санын қосу және азайту.

  • Ал балалар, бәріміз бері қараймыз.

Бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Балалар барлығымыз Бауырсақ ертегісін білеміз. Сол ертегідегі бауырсақтың аңдардан құтылуына көмектесейік.

Ертегіде шал мен кемпір болыпты. Кемпір бауырсақ пісіріпті. Оны суысын деп терезеге қойыпты. Ол секіріп кетіп жолға шығыпты. Алдынан қоян шығыпты бауырсақ қояннан құтылып кету үшін қоянның тапсырмасын орындаймыз.

Қоян №1 - есеп

1+7=8 7+1=8

2+7=9 7+2=9

3+7=10 7+3=10

Ереже: Қосылғыштардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.

7-1=6 7-4=3

7-2=5 7-5=2

7-3=4 7-6=1

Енді бауырсақтың алдынан қаңбаңдап аю шығады. Аюдан құтылуына көмек берейік. Аюдың тапсырмасын орындаймыз.

Аю №2 есеп

9 см - 7 см = 2 см 7 см + 3 см = 10см 2 см < 10 см

Ал енді балалар бауырсақтың алдынан қасқыр шығады. Бауырсақтың қасқырдан құтылуынан көмек тесейік. Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз.

Қасқыр №3 есеп.

Бірінші қорапта 10 үлкен қасық, ал екінші қорапта 7кіші қасық бар. Бірінші қорапта неше үлкен қасық артық?

Үлкен қасық-10 ? артық

Кіші қасық-7

10-7=3

Жауабы: 3 үлкен қасық артық

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Бауырсақтың алдынан құтыңдаған қу түлкі шығады. Түлкіден құтылуына көмек берейік. Түлкінің тапсырмасы қиындау болуы мүмкін.

Түлкі №4- есеп.

9-3=6 9-9=0

9-4=5 10-9=1

6>5 0< 1

9=9

3< 4

Кел ойнайық! Араларға бал жинауға көмектес!



2+3+1

4+2-3

6+1-4

5-5+4



10-7+2



Жеті саны туралы не білеміз. Жеті саны қасиетті сандардың бірі. «Жеті» санына байламадар: Жеті саны мына сөздерде кездеседі:

  1. Жеті атасын білген ер-жеті жұртың қамын жер. Жеті атасын білмеген жетесіз. Жеті басты жалмауыз. Жеті қарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас. Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді. Ит жеті қазынаның бірі. Апта жеті күн болады.

  2. Жеті жұт:

1. Құрғақшылық; 2. Жұт (мал қырылу); 3. Өрт; 4. Оба (ауруы); 5. Соғыс; 6. Топан су; 7. Зілдала (жер сілкіну);

  1. Жеті жоқ:

  1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Тасбақада талақ жоқ. 4. Аллада бауыр жоқ 5. Жылқыда өт жоқ. 6. Таста тамыр жоқ. 7. Аққуда сүт жоқ.



  1. Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу - азсыз көл, жетім

Жерден айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса -

Бәрінен де сол жетім.

  1. 1. Бас

2,3 Екі қол

4,5 Екі аяқ

6 Кеуде

7 Іш



  1. Ержігіттің жеті қасиеті

Қаны-атта,

Қуаты-қыранда,

Сенімі-тазыда,

Сұлы-кездікте,

Серті-қақпанда,

Оты-мылтықта,

Әдіс-айласы-ау-жылымда

  1. Жеті жетекші

Адамның басшысы-ақыл,

Жетекшісі-талап,

Жолаушысы-ой,

Жолдасы-кәсіп,

Қорғаны-сабыр,

Қорғаушысы-мінез,

Сыншысы-халық



Сабақты қорыту. Есепті шығар да түсіндір.

8


1

10

9

6

3

Р

А

Қ

М

Е

Т

10

Қ


5+5

М


3+6

Е


4+2

А


8-7

Т


9-6

Р


7+1

9

6

1

3

8


«Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақтың әрекеттерін ретімен орналастыру.

  • Үйге тапсырма 5-есеп

  • Мақтау, мадақтау



  1. Жалауша - 5 көк

  1. Төртбұрыш - 4 жасыл



  1. Үшбұрыш - 3 сары



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал