- Учителю
- Дүниетану пәнінен 'Бақылау әдісі. Тәжірибе жасау' тақырыбы бойынша сабақ жоспары (3 сынып)
Дүниетану пәнінен 'Бақылау әдісі. Тәжірибе жасау' тақырыбы бойынша сабақ жоспары (3 сынып)
Пәннің аты: Дүниетану | Уақыты: 27.10.2015ж | Мұғалім: Ж.Траисова | |
Сабақтың атауы | Бақылау әдісі. Тәжірибе жасау | ||
Мақсаты | 1.Оқушының табиғаттың бір бөлігі екендігі туралы білімін кеңейту, жетілдіру. 2.Жаңа материалдарды талдау, қорытынды жасау дағдысын ,ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. 3.Ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге тәрбиелеу. | ||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту | Сен не білесің және не істей аласың? 1.Адам табиғатты қалай зерттейді? 2.Қандай құралдар қоршаған дүниені зерттеуге көмектеседі? | Жаңа сабаққа деген қызығушылығы оянып, ерекше ынтамен кіріседі. | |
Мағынаны тану | Оқулықпен жұмыс: Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері бар. Оның біріншісі - бақылау. Алғаш ұшып келетін құс - Наурызек, алғаш өсіп шығатын гүл - Бәйшешек көктем хабаршылары болса, құстардың қайтуы - күннің суып, қыстың келетінің білдіреді. Күннің қызара батуы ертеңгі күннің жылы болатындығын, тауық биікте қонақтаса жауын жауады, қоқиқаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады, егер керісінше жөндеп биіктететін болса жаз жаңбырлы болады деп болжаған ата - бабаларымыз. Ол көп жылдық бақылаудың жемісі екендігін түсіндіру. Күнделікті ауа райын теледидар, радио арқылы тыңдаудың өзі бақылаудың нәтижесіне жатады. Олар арнайы аспап - құралдар арқылы іске асады. | ||
Сергіту сәті | Жаза, жаза, саусағым, Әлсіредім шаршадым. Бір, екі, үш, Қолға жинап күш! Қане, қалам алайық, Әдемілеп жазайық. | Ой сергітеді,шашағаны басылады. | |
Ой толғаныс | Адам табиғатты қалай зерттейді? Сен бақылай білесің бе ? Сен өсімдіктің тұқымынан қалай өсіп-өнетінің білгін келеме? | ||
Бағалау |
| Мұғалімнің бағалауы | |
Кері байланыс |
| Оқушы осы сөйлемдерді толықтыру арқылы рефлексия жасайды. |