7


  • Учителю
  • 'Жануарлардың бір – біріне қайырымдылығы. '

'Жануарлардың бір – біріне қайырымдылығы. '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні : Дүниетану. Күні: 18.02.11ж.

Тақырыбы:Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Жан - жануарлардың арасындағы бір - біріне қайырымдылығы туралы айтып , түсіндіру.Адам мен жануарлар арасындағы әр түрлі қары м- қатынастар туралы мысалдар келтіру /мысалы,адам мен ит, адам мен мысық,адам мен жылқы/

Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Құрал -жабдықтар,көрнекіліктер:суреттер , кесте.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Құрал - жабдықтарын алдыру, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Оқыту үрдісінің маңыздылығы,үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы. Мазмұнын сұрау.

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Түлкі немен қоректенетінін білесің.Көбінесе тышқан аулайды.Реті келсе,құсты да, қоянды да аулап жейді.Сондықтан қоян да түлкіні жау көреді.

Түлкінің келе жатқанын сезсе немесе көрсе, қашып кетеді.Бірақ түлкінің қайырымды болатын кезі де бар екен.

Бұл қызық!

Ал суыр , арқар,шақшақайдың достығы табиғатты жақсы білетін аңшыларға , басқа адамдарға ертеден белгілі.

Бір аңшы өзі құрған тұзаққа қоян түскенін алыстан көреді.Соған қарай барайын деп, орнынан көтеріле бергенде, тұзақтағы қоянға қарай жортып келе жатқан түлкіні байқайды.Бірақ түлкі аңшыны көреді де, қоянның қасынан жалт беріп қашып кетеді. «Бұл не істер екенкөрейін» деп аңшы қайтадан жасырынады.Бір кезе жаңағы қоянның төбе асып зытып бара жатқанын көреді.Ал түлкі екінші жаққа кетіп барады.Әлгі жерге келсе, түлкі қоян түскен жіпті тістелеп қиып, қоянды босатқан да, оған тиіспей, еркіне жіберген.Осыдан аңшы, жануарлар бір - біріне жау ғана емес, көмектесетінін де білген.


арқар,шақшақайдың достығы табиғатты жақсы білетін аңшыларға , басқа адамдарға ертеден белгілі.


4.Бекіту:

Жануарлар жайлы мақалдар

Кім жайлы айтылғанын тауып, өлең шумағын аяқтау.

-Жер басқанның жүйрігі,

Аспаннан келер бұйрығы.

Бұйрығы жетіп келгенде,

Шошаңдайды құйрығы.


Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат,

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

Дүниетану Күні: 11.03.11ж


Тақырыбы:Біздің Отанымыз

Мақсаты:Біздің кең байтақ Отанымы туңралы әңгімелеу.Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы - еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту.Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі.

Құрал -жабдықтар,көрнекіліктер:суреттер , геогр. карта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Құрал - жабдықтарын алдыру, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Оқыту үрдісінің маңыздылығы,үй тапсырмасын тексеру, сұрау

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ортақ мекен - жер шары

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ бізге жеткізеді.Сондықтан біз оны Отанымыз дейміз.Қазақстан - юіздің Отан - анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Дүние жүзінде Қазақстаннан басқа да елдер, мемлекеттер бар.Бірақ әр адамда өз анасы сияқты өз Отаны болады.

Қазақстанның көп бөлігін далалы жерлер алып жатыр.Сол себепті бұрын біздің елімізді «далалы өлке» деген.Еліміздің оңтүстік - шығысын таулар алып жатыр.Таулардан сарқарап сулар ағады.Бетіне соры шығып жатқан тақырлар да бар.Олар айнадай жарқыраған көлдермен алмасады.Мұның бәрі Отан табиғатының алуан түнрлілігін көрсетеді.

Еліміздің ұшы - қиыры жоқ байтақ даласы, жасыл ормандары, жайқалған егістігі, суы мөлдір өзендері көз тартады.Шағын ауылдары мен ірі - ірі қалаларының бәрі кімді болсын таңдандырады.Әрине осындай Отанымыздың болғаны бәрімізге мақтаныш.

4.Бекіту

Дәптермен жұмыс

Мәтелдерді жазу, мағынасын ашу.

«Туған жер - алтын бесік», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» , «Еліңді сүйсең ерлік істейсің»

5.Қорытындылау:

Қазақстанды неліктен «Отан» , «Отан - ана» дейміз?


6.Үйге тапсырма: 114-115 - бет ,оқу , мазмұндау

Дүниетану Күні:21.04.11 жыл

Тақырыбы:Бақ пен жүзім шаруашылығы.

Мақсаты:Елімізде өсірілетін жеміс ағаштары мен жеміс бұталарын, өсімдік шаруашылығында жұмыс істейтін мамандар туралы айту.Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Құрал -жабдықтар,көрнекіліктер:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Құрал - жабдықтарын алдыру, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Оқыту үрдісінің маңыздылығы,үй тапсырмасын тексеру, сұрау

Егіншілік , Ақ алтынды аймақта

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Еліміздің оңтүстігінде бақ пен жүзім шаруашылығының алар орны ерекше.

Бақтар мен жүзімдіктер көп алқапты алып жатыр.Бақта алма, алмұрт,алхоры,шие, т.б. жеміс ағаштары өседі.Жеміс ағашынан мол өнім алу үшін бағбандар тынбай еңбек етеді.

* Ағаштар мен бұталарға дәрі шашып, зиянкестермен күреседі.

*Кеуіп қалған және ауырған бұтақтарды кеседі.

*Ағаштың түбін қопсытып оларға тыңайтқыштар береді, діңін әктейді

Бұл шара не үшін қажет?

*Күзде бунақденелілер қабық астына кіріп, ұялайды.

*Қояндар қыста ағаштың қабығын кеміріп тастайды.

Мұны болдырмас үшін осындай шаралар істеледі.


4.Бекіту

Бақ пен жүзім,көкөніс шаруашылығының өнеркәсіппен байланысын айту.

5.Қорытындылау:

Сұрақ - жауап.

Қабырғасы мен төбесі әйнектен тұрғызылған бақты қалай атайды?

Көмек сөз:Оған жылу, жарық беріледі.Онда гүл, жеміс- жидек өсіріледі.


6.Үйге тапсырма: - бет ,оқу , мазмұндау

Дүниетану Күні:23.04.11 жыл

Тақырыбы:Ұшқыш .

Мақсаты:Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев ғарышкер ағаларымыз туралы қысқаша мәлімет беріп өту.Оқушылардың таным қабілеттерін арттыру.Ұшақтардың халық шаруашылығына пайдасын айту.Еліміздің таңдаулы азаматтары болып өсуге тәрбиелеу.

Құрал -жабдықтар,көрнекіліктер:суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Құрал - жабдықтарын алдыру, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Оқыту үрдісінің маңыздылығы,үй тапсырмасын тексеру, сұрау

Егіншілік , Ақ алтынды аймақта

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ұшқыш болуды армандамайтын балаларға ғарышты танитын таным - білім, елді сүйетін жүрек тілеймін.

Тұңғыш қазақ ғарышкері , даңқты сынақшы - ұшқыш, Халық қаһарманы , Кеңес Одағының батыры,Парламент депутаты.


4.Бекіту

5.Қорытындылау:

Сұрақ - жауап.

6.Үйге тапсырма: - бет ,оқу , мазмұндау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал