7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тақырыбы:Тәелсіз-еркін жол

Тәрбие сағаты Тақырыбы:Тәелсіз-еркін жол

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









</<font face="Times New Roman, serif">Тақырыбы:«Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы

Мақсаты: а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Ернұр - Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 24 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.

2-жүргізуші: Наргиз

Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз, келген қадамдарыңыз сәтті болсын!

1-жүргізуші: Ернұр

Әнұраным - жан ұраным, Айтар әнім - сөйлер сөзім. Туған жерім - сағынарым ,Мәңгі-бақи шырқалады Республикам әнұраным

(Әнұран қосылады)

2-жүргізуші: Наргиз

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

Ернұр :қарсы алыңыздар: Дилназдың орындауында Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңі (күй ойнатылады)

1-жүргізуші Ернұр

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған

Бодандықтан құтқарам деп елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған.-



2-жүргізуші Наргиз

Тәуелсіздігімізді тәу етіп,егемендігімізді ту етіп желбіреткен мереке құтты болсын -деп ортаға оқушыларды шақырамыз

1-оқушы

Біз намыскер қазақ елі ұланымыз

Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.

Талап еңбек,терең ой,қанағат рақым ет-

деп Абай айтқан ұранымыз.

2-оқушы

Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бей уақытта бойға таққан ұланы

Жастарымыз өмір сүріп жаңаша

Нұрын шашты тәуелсіз күн шырағы.

3-оқушы

Мен асқақпын ұстаным бар ертеңге

Ризамын басымды ием бүгінге

Әнұраным,елтаңбам бар туым бар

Қуанышпен сазды сырды шертем мен

4-оқушы

Көк байрағы бүгінгі ұрпақ жалауы

Бұл белгіміз бар халықтың қалауы

Жер жүзінде нұр шашатын қашан да

Желбіресін Қазақстан жалауы.

5-оқушы

Қазақ дейтін бар менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -,



2-жүргізуші: Наргиз

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық

Құрманғазының күйі «Балбырауын» орындайтын Айдос



1-жүргізуші: Ернұр

Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

2-жүргізуші: Наргиз

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Биші қыздар биімен де үн қостық Қыздар тобында «өзбек биі» қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Ернұр

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным - бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

4 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Көрініс»



2-жүргізуші:Наргиз

Желтоқсанның ызғарын сезініп, ауыртпалығын арқалаған, қыршыннан қиылған Қайрат Рысқұлбеков,Ляззат Асанова,Сәбира Мухаметжанова ,Ербол Сыпатаевтардың есімін кім білмейді?

Желтоқсан оқиғасында қыршын қиылған жас батыр ұл-қыздардың ерліктерін жеткізу үшін ортаға оқушыларды шақырайық!!!

5-оқушы

Отан үшін жанын қиды ұлдарың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың

Күйініштен ауырады жүрегім

Естігенде Желтоқсанның ызғарын

6-оқушы

Мұз жастанып азаттықтың жолында

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Жеңіп шықтың бас имедің қасарып,

Сойыл таяқ ойнаса да басында.

7-оқушы

Кетпес мәңгі көңілден,

Қырдың гүлі қырмыз

Ағып түскен көгімнен

Желтоқсанның жұлдызы-

Қайрат пен Ербол

8-оқушы Булықтың да бұрқандың

Жанды қарып ызғары

Қара ормандай жұртымның,

Ләззат пен Сәбира

Қайсар туған қыздары.

9-оқушы

Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың жазған хаты «Қайраттың хаты»

Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгейлер!

Шын жүрек, ақ көңіліммен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8 март - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Қамқоршы қайын және ағаларың,

Жәрдем берер жағаларың.

10-оқушы

16-шы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан

1-жүргізуші Ернұр

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сыйып тұрар.

Ізгілігің, ерлігің, қайсарлығың

Өсиет боп жүректе тұнып тұрар. - деп ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минут үнсіздік жариялаймыз. (1 минут үнсіздік)

2-жүргізуші: Наргиз

4 «Ә» сынып оқушысы Оралғазы Ақниеттің орындауында

« Желтоқсан айы » әні қарсы алыңыздар!!!

2-жүргізуші Наргиз

Егеменді ерікті ел екенбіз,

Жылдан-жылға дамыған берекеміз

Бостандықты шаттықпен қарсы аламыз

Халайық құтты болсын мерекеміз!

«Гүлсезім» би тобының орындауында «Қазақ биі» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші Ернұр

Тәуелсіздікті жырына қосқан, азат елдің айбынды тапқыр ұлдарыңыз кешімізге жүректен шыққан әзілдерімен ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Көңілді тапқырлар клубы!

2 жүргізуші: Наргиз

Ернұрдың орындауында «Атамекен» әні



2 жүргізуші: Наргиз

Тәуелсіздік таңы жарқырай берсін!

Тәуелсіз елімнің іргесі берік болсын! деп мерекемізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау- саламат болыңыздар!!!

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал