7


  • Учителю
  • Ана тілі (1сынып) Тақырыбы: 'Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш'

Ана тілі (1сынып) Тақырыбы: 'Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы ұғымдарын пысықтау. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру, негізгі ойын идеясын ашу. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсініктерін кеңейту. Сабақта өтілген тақырыптарға тоқталып, қайталап интерактивті тақтаның көмегімен бірнеше ж
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ жоспары. 13. 03. 2015 ж.


Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш


Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

1. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы ұғымдарын пысықтау.

2. Оқушыларға мәтін мазмұнын түсіндіру, негізгі ойын идеясын ашу. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсініктерін кеңейту.


Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.


Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

1. Венн диаграммасы.

2. "Ой қозғау" стратегиясы.

3.. "Рафт" стратегиясы


Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнежазба,оқулық.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық: Көңіл күй сыйлайық! (2 мин)

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады баршаға.


2. Грамматика материалы бойынша жұмыс.

«Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу.

  • Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы не білесіңдер? (Ережені пысықтау)


  1. Оқулықпен жұмыс: 103 - жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, оқыту.

  1. Көп нүктенің орнына өлеңдегі кісі және өзен аттарын теріп жазу.

Кісі аттары: Тарас, Пушкин, Әбділда Тәжібаев.

Өзен аттары: Днепр, Еділ, Сырдария.


  1. Жаңа сабақ.

  • Балалар, бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесімен танысамыз. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Жіңішке сұрақтарға жауап алу:

  1. Ы. Алтынсарин кім?

  2. Ол қазақ даласында балаларға арнап не ашты?

  3. Оның қандай шығармаларымен таныстық?


  1. Әр топқа алдын -ала берілген тапсырмаларды тексеру.

Әр топ жинаған мәліметтерімен бөліседі.


1 - топ: Өрмекші туралы мәлімет береді.

2 - топ: Құмырсқа туралы мәлімет береді.

3 - топ: Қарлығаш туралы мәлімет береді.


Мұғалім: - Балалар, енді Ы. Алтынсарин әңгімесінің желісі бойынша «Жарас» студиясы түсірген «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты мультфильмді тамашалайық.


Сөздікпен жұмыс.

Нанның уағы - нанның үгіні, қиқымы

Тұзақ құру - аулау


5. Мәтінмен жұмыс.

1. Тізбектеліп оқу.

2. Мәтінді рольге бөліп оқыту.


6. Мәтінді талдау, сұрақтарға жауап алу.

(Оқушы жауабы дұрыс болса, 3 рет қол шапалақтау)

1) Атасы немересіне нелерді көрсетті?

2) Немересі көргендері жайлы не деді?

3) Атасы немересіне нелерді үлгі етті?


Сахналық көрініс қою. Рольдер: Автор, атасы, баласы.


Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды жанына

Үлкен тау жасады


«Рафт» стратегиясы бойынша топтық тапсырма беру. (Ауызша)

Әр топ мүшелері өздерін өрмекші, құмырсқа, қарлығаштың орнына қойып , солардың атынан сөйлейді. («Мен өрмекшімін ...)

1-топ: өрмекші, 2-топ: құмырсқа, 3-топ: қарлығаш.


7. Венн диаграммасы.

Әр топқа тапсырма беру.

1-топ : сопақша дөңгелекке өрмекшінің ерекшелігі туралы жазады

2-топ: құмырсқаның ерекшелігін жазу

3- топ: қарлығаштың ерекшелігін және осы үшеуіне ортақ қасиеттерін жазады.


-Сонымен балалар, өрмекші,құмырсқа, қарлығаш 3 жәндікке ортақ , қандай қасиет екен?

-Еңбектің пайдасы бар ма?


8. Рефлексия. Кері байланыс.

  • Ы. Алтынсарин осы мәтін арқылы бізге не айтқысы келді?

  • Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?

  • Қай сыныптасыңның жауабы ұнады?

- Көңіл - күйімізді бас бармақтарымызбен көрсетейікші.


9. Үйге тапсырма: 105- жаттығу, әңгімені түсініп оқу, мазмұндау.


10. Бағалау.


Мұғалім сөзі: «Өрмекшідей өнерлі, құмырсқадай бірлікшіл, еңбекқор, қарлығаштай қайырымды болыңдар» деп сабақты аяқтаймыз.


.

.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал