- Учителю
- Ертеңгілік жоспары Алтын күз
Ертеңгілік жоспары Алтын күз
Автор публикации: Кабдуллина А.К.
Дата публикации: 27.09.2016
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Ертеңгілік жоспары
«Алтын күз»
1-жүргізуші
Қарсы алайық бәріміз, жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді!
2- жүргізуші:
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар!
Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз,әсем айналам,
Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп, дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып, дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтындаршы, бұл қай кезде болады? (Күз)
1-жүргізуші
Ал, балалар, балалар, енді бері қарандар
Бізге қонақ келмекші, сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам, қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін, қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - бұл не, балақайлар?
Әрине, бұл Күз балалар!!! Олай болса, балалар, Куз ханшайымын қарсы алыңдар!
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым, өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар, сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп, шаттық әнге салыңдар!
Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар.
Табиғат қай кезде болмасын - тамаша дүние.
Күз келсе - біз мектепке барып, білім аламыз,
Сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз.
Қыс түссе - аппақ қарда алысып, ойнаймыз.
Көктемде қабат - қабат тонымызды шешіп,
Күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды,
Ұшып келген құстарды көріп,жаңа өмір бастағандай боламыз.
Ал жазда - көлге барып,суға түсіп, демаламыз.
2-жүргізуші:
Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып,
Табиғаттың сүлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген.
Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып,жаттап жүрміз ғой.
Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша,
Әйтсе де, бүгін біз Күзге деген құрметімізді көрсетпекшіміз!
Алдарынызда 1 «д» сынып оқушылары
Өз өнерлерін көрсетеді. Бұл балаларымыз мектепке келгеніне 2-ақ ай болды, бірақ өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін бүгін көрсетеді.
Алдарынызда 1Д сынып оқушылары «Қуыршақтар» биімен.
1-жүргізуші:Индира
Алма пісті бағымда, пісті балдай қауын да.
Жүзімдер тұр мөлдіреп,үзер шағың келді деп.
Алтын дәнін сары дала, құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді, жер жемісін тереді.
Алдарынызда оқушылар «Балапан» әнімен.
Күз ханшайымы:
Берекелі, мерекелі келді жомарт алтын куз.
Қала да, дала да жанның бәрі жарқың күз.
Балақайлар алақайлап, мектеп іші нұрланды.
Астық жыры, шаттық жыры, қырман басы думанды.
Қарқынды еңбек, әр күн өрлеп, әр ісіне сүйсінді.
Ән тасқыны, жыр тасқыны, ырыс болып құйылды - деп
Балалардың әндерін тамашалайық!
Сахнада 1 «д» сынып оқушылары «Күз» вальсімен.
2-жүргізуші:
Қолшатырлар көбейіп, бұлт тұмшалады өңірді.
Келді міне Алтын күз, аспан жасы төгілді.
Күн қайтадан ашылды, ерке - шолжаң бейне іс.
Таңқалдырар адамды, мың құбылған бейнесі - дегендей...
Балаларымыздың мың құбылып билегенің көрейік!
Сахнада оқушылар «Жаңбыр» әнімен.
1-жүргізуші:
Ән салады өзен, тал құрақ, шашу болды жапырақ
Сахнаға «Күзгі қайын» әнімен қыздарды қарсы алыңыздар
Күз ханшайымы:
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз
Ал қазір сахнаға 1»д» сынып оқушыларын шақырам
«Қазақ биі» қарсы алыныздар!
-
Жүргізуші:
Ән салындар күліндер, жайнап гүлдей жүріндер
Күздің тойын тойлатып, мың құбылып билендер
оқушылары «Күзгі вальс» биімен
2-жүргізуші:
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз
Ал қазір сахнаға «Көңілді күн» әнімен 1«д» сынып оқушылары
Күз ханшайымы.
Алып келді мереке, астық жеміс береке
Батырлыққа жараса,көбейді той тамаша
Сахнада «Жапырақтар» биі
Күз ханшайымы:
Қандай тамаша, қандай адемі балаларымыз ән айтып, би биледі
Енді қандай өнерлерін бар? Қүз туралы тақпақ білесіндерме балалар?
-
Жүргізуші:
Әрине біледі Күз ханшайымы, сахнаға Күзге арналған тақпақтарымен
Үш сыныптың да оқушыларын шақырамыз.
( балалар сахнаға шығады)
1-жүргізуші
Ән салыңдар, күліндер, жайнап гүлдей жүріндер.
Күздің тойын тойлатып, сән үлгісін көріңдер.
Енді сахнаға балаларды «Алтын күз 2015» сән үлгісін көрсетуге шақырамыз, алдарынызда 1 «е» сынып оқушылары ,қошемет!!!!!
Күз ханшайымы:
Құрметті қонақтар, біз бүгін балалардын өнерін көріп, айтқан тақпақтарын, әндерін тыңдап, билерін тамашалап көңілдерініз көтерілді деп үміттенеміз. Бұл тек бастамасы, балаларымыз шетінен талантты, алда сол қабілеттерін ашып, талай қызықты да тартымды өнерлерін көреміз деп ойлаймыз. Келгендеріңізге үлкен рахмет!