7


  • Учителю
  • Поурочный план в не урока 'Тіл мерекесі'

Поурочный план в не урока 'Тіл мерекесі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тілден асқан байлық жоқ»

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Ашық тәрбие сағаты

Көрнекілігі: видео, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, интерактивті тақта, слайд.

Барысы:

Айнұр: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің мәртебесін көтеруіміз керек.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Қасиетті ана тілім» тақырыбындағы іс - шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес.

Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

3 «В» сынып оқушылары Амангелдіқызы Данайым мен Қанағаттың атты әніне құлақ түрейік.

Айдын Дина

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілім - анам тілі - өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілді әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

Акимжан Бауыржан

Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Әкімжан Бақдәулет

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек - ана,

Мен өзіңнен жаралдым,

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Боранбек Бауыржан

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан,

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам.

Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем,

Ақыл - ойым, айбатым сен, күшім сен!

Қойсын маған күннің нұры түспей -ақ,

Ана тілім

Арыңа дақ түсірсем.

Жуамадуллаева Анеля

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қуанышым, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Ана тілім, алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, байланғанша тіл - жағым!

Қазақ биі 3 «Б» сынып қыздары


Видео: Жамбыл Дүйсенов

Айжан апай:

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс . Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан -жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.

Көрініс. «Үш би».

Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;

Жаңбыр жауса жер жетім,

Басшысы болмаса жер жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .

Атың жақсы болса

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.

Баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады

Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады

Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,

Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.

Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,

Жеті, сегіз, тоғыз, он.

Төле би: Бұл не деген жұмбақ?

Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Төле би: Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»

Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.

Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман

Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман

Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.

Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты

Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.

Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас-деген

сөзіңіз, ұлы аға!

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.

Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда тұрса да,

Уақытысы жеткенде

Құралмайтын құрақ жоқ. . .

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не айтасың?

Қазыбек би: Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өшкеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба.

Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!

Уа, халайық!

Көсіре шабар жерің бар,

Тау көтерген ерің бар!

Қол боларлық елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар!

Сөз қадірін біліңдер!

3 «А» сынып оқушыларының өлең шумақтарына құлақ түріңіздер


Ән Аманбекова Айдана «Мектебім» 3 «Б» сынып

Камила апай:

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

1986-ның желтоқсаны еліміздің тілін тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.


3 «Ә» сынып оқушыларының орындауында Амандос Сабыровтың

«Ана тілім ардақтым» жыры.

Несіне мен қазақпын , өз тілімді білмесем.

Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.

Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,

Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.


Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,

Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.

Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,

Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.


Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,

Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.

Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.

Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!


Ана тілін сатқандар опасыз-деп білемін,

Білген жанға өз тілің-қунышың, тірегің.

Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.

Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.


Керек емес байлығын, керек емес алтының,

Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.

Ана тілім бар жерде сақталарын білемін

Қазақ үшін қасиетті ата-дәстүр салтымның.


Би Ажар 3 «А» сынып оқушысы

Жазира:

Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.

Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.

Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.

Ән Елдана 3 «В» сынып оқушысы


3 «В» сынып оқушыларының өлең шумақтарына құлақ түрсек


Томирис гимнастика 3 «В» сынып оқушысы


Айнұр:

М. Шаханов «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы».

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.

Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:

"Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,

Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам"

Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:

Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.

Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы

Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.

Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,

Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.

Өз тіліңді жерсінбеудің,

Өз анаңды менсінбедің

Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?

Ол - рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?

Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?. .

Мейлі он тіл,

Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса

Өз ұлтыңның тілі менен рухы

Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.

Тіл - ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.

Ән «Дастархан» 3 «Ә» сынып оқушылар

Айнұр:

Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№ 119 мек теп - лицей

Тілден асқан байлық жоқ



Сынып: 3 сыныптар

Жауапты мұғалімдер: Амирова Айжан

Абдуразакова Камила

Құрбанова Айнұр

Тлеуова Жазира



Алматы 2015 ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал