7


  • Учителю
  • Презентация по казахскому языку на тему ' Виды предложение' 4 класс

Презентация по казахскому языку на тему ' Виды предложение' 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем түрлері /Қайталау/
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақтарда сөйлем түрлері туралы білімдерін қайталау.
Сабақтың міндеттері:Білімділік: Оқушылардың сөйлем, сөйлем түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен табу арқылы үйрету. Сөйлем түрлерін ажырата білуге, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап жүйелеу, тірек сызба
Сабақтың түрі: Қайталау
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,дүниетану
Амандасу:

Ақпейілді тілекпен,

Мейрімді жүрекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық

- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» - деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта білімімізді көрсете білейік.
- Балалар, бүгінгі сабақта топпен жұмыс істейміз.

Ережені еске түсіреміз

1.Тыныштық сақтау

2.Бір-бірімізді тыңдау

3.Ойымызды толық айту
- Ал, енді балалар топбасшыларын сайлай қояйық, әр топ басшысы ұрандарын таныстырады
Бүгінгі сабақта мына жоспармен жұмыс істейміз
1. Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді
2. «Кімнің ойы жүйрік»
3. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
4. «Бойы сергектің ойы да сергек»
5. «Еңбек түбі береке»

1.Ең бірінші үй тапсырмасын тексеріп алайық.

Диалог құрастыру ( қаратпа, қыстырма, сан есімдер болу керек)
Бірінші жоспар бойынша «Қына басқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей топ басшылары белгілерді аламыз қай топқа қай белгі түссе сол бойынша топпен жұмыстанамыз, ережелерді еске түсіреміз.
2.Ал енді балалар келесі жоспар бойынша "Кімнің ойы жүйрік" атты сендердің тапқырлықтарыңды байқау үшін ауыстырылған сөздерден сөйлем құрау тапсырмасы беріледі.
(қима қағаздарды әр топқа тарату)
1. Жарысы басталды ат.
2.Алда кім келе жатқан?
3.Бас, қамшыны бас, Болат!
Дәптермен жұмыс:
Дәптерлерімізді ашайық қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық
-Ал енді балалар дәптерлерімізге көркем жазуды жазайық.
-Бүгінгі күн ретін дәптерге жазайық

3. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген мақалымыз бойынша мына тапсырманы орындайық
6-жаттығу

Алдымен алдарыңдағы ертегіні оқып алыңдар, содан сон, әр топ өз топтарына байланысты сөйлемдеріңді тауып тақтаға жазамыз.
( үш сөйлемді дәптерлерімізге жазып аламыз)
- Енді балалар әр топтан кезекпен тақтаға шығьп" осы жазған сөйлемдеріңнің ішінен бір сөзді алып, сол сөздердегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру .
Елік, орман, лағы

  • Нені талдау қажет?


1.Бұл сөзде неше дыбыс, олардың нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды. Дауысты дыбыстарға мінездеме беру.

2. Тілдің қатысына қарай:

3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:

4. Ерін мен езудің қатысына қарай:

Сергіту сәті
4."Бойы сергектің ойы сергек" деп сергіту сәтін өткіземіз.
Көрініс: Сөйлемнің түрлері
Автор:
Ей кішкентай ғана нүкте! Сенің осы керегің жоқ - ау түкке
Керек болсаң,айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойды біткенін білдірем
Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын
Автор:
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі:
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген сенімді сөйлемдерді
Кейде оқушы мен сенімді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең ,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Ілебай:
Осы сен неге айқайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші, Жазуға қандай жерге келесің!
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
5."Еңбек түбі береке" демекші келесі тапсырмамыз топпен жұмыс



І топ
1)Берілген сызба арқылы сөйлемдер құраймыз
--- --- ---. Мен мектепке келдім.
--- --- ---? Сен қашан келесің?
--- --- ---! Күн қандай тамаша!

2)Барлық сөйлемдері сұраулы болу керек сөйлемдер құрастырамыз.
ІІ топ

1)Семантикалық картамен жұмыс




Сөйлемдер

Лепті

Сұраулы

Хабарлы

Самал қайда барасың?


Өркенің өссін,қарағым!


Қыс келді


Ауа райы қандай тамаша!


Мен ұя жасадым


Күннің суғын-ай!

2)Сөз моншақтарды ретімен жіпке тіз

Деген,апта,сөзді, күн,жеті,білдіреді ( Апта жеті күн деген сөзді білдіреді)

ІІІ топ

Өлең шығару барлық жолы лепті сөйлем болу керек

6.Сабақты қорытындылау . Сиқырлы сандар

7.Рефлексия

Сабақ не туралы болды?

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?

Қандай жетістіктерге жеттіңіз?

8.Үй тапсырмасы: Сөйлем түрлерінің ережелерін қайталау.
3 сөйлем құрап келу. Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беруді қайталау.
9.Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалау. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал