7


  • Учителю
  • Конспект 'Білгірлер' сайысы 4 сынып

Конспект 'Білгірлер' сайысы 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Білгірлер» сайысы


Мақсаты:

1.Білімді, ой-өрістерінің жан-жақты болуына үйрету;

2.Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

3.Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту.

Білімділік: мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін байқау.

Дамытушылық: қазақ тілі мен әдебиеті оның мәдени, тарихи бай мұрасына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық ұғымдарын терең түсініп, өз Отанын қастерлеуге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, турнир.

Түрі: оқушылардың жалпы білім деңгейін жарыс барысында байқау.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарихы, елтану.

Қажетті құрал-жабдықтар: сұрақтар жинағы, тірек-сызбалар.


Барысы:

1.Жүргізуші:

- Елімізде 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтті. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

2. Жүргізуші:

  • Олай болса бүгінгі тұңғыш президент күні мерекесіне арналған

« Білгірлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

1. Жүргізуші:

  • Сайысқа 3 топ қатысады.

Таныстыру.

  • Кез келген сайыс жүгін табыстырар,

Өнерді бір-бірімен салыстырар.

Ал қазір алдарыңда көрерменің

Сайыс топ өзін-өзі таныстырар.

Әр топтың өзің таныстырады.( аты, ұраны)

2. Жүргізуші:

  • Сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады.

  • Ал құрметті оқушылар сендерге сәттілік.

1. Жүргізуші:

  • 1 сайыс : «Мәнерлеп оқу»

Әр топ Елбасыға арналған өлең шумағын жатқа айту.

2. Жүргізуші:


- 2 сайыс: «Бәйге» бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Дайындал, қалыспа, алға!!!

1. Қазақстан Респупликасы тәуелсіздігі қашан жарияланды. (16.12.1991)

2. ҚР тұңғыш ғарышкер қай жылы ұшты? (02.10.1991)

3. Ұлттық валюта қашан енгізілді? 15.11.1993

4. ҚР қай елдермен шекаралас? Ресей, Қытай, Өзб.Қырғыстан

5. 1 желтоқсан қай күн?

6. ҚР Президентінің сайлауы қай жылы болды?

7. Қазақстан қай құрлықта орналасқан. (Еуразия)

8. 16-желтоқсан қандай күн?

9. Тілдер мерекесі қашан тойланады? (22.09.)

1. Жүргізуші:


  • 3 сайыс: « Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген мақалды Камшат, қалай түсінесің?

  • Жақсы. Онда сайысты жалғастырайқ.


2. Жүргізуші:

Келесі сайыс «Қазақстанның картасы». Бұл сайысымызда туған жерін қаншалықты білгендерінді сынап көрейік.

1. Жүргізуші:


  • Осы сайыста дұрыс жауап 2 ұпай.

Дайындал, қалыспа, алға!!!

1. Қазақстанның таулары.

2. Ең тұщы көл.

3. Қазақстан қай құрлықта орналасқан. (Еуразия)

4. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан. (Есіл)

5. Шығыс Қазақстандағы қала? (Семей)

- Камшат, осы қара алтын дегенді қалай түсінесің?

-Жақсы. Онда сайыскерлерден сұрайық.

6 сұрақ Қара алтын қай қалаларында бар?

2. Жүргізуші:

  • Әсет, сен қандай тағам өте жақсы көресің?

  • Иә, әр тағамды дайындаушын өнер керек деп ойлаймын.

1. Жүргізуші:

- 4-ші «Ұлттық өнер » сайысы. - Осы сайыста дұрыс жауап 2 ұпай.

2. Жүргізуші:

1. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын.

2. Қонаққа салатын, ең қадірлі ет тағамы.

3. Киіз үй жабдықтарын ата. (шаңырақ, уық, есік, кереге, түндік)

4. Бата деген не? Оны кім береді? (Тілек. Ақсақалдар, үлкен кісі береді)

5. «Т» әрпі 3 рет болатын сөз (тәтті)

6. Қазақтың салт-дәстүрінің бірі.

7.Дастарханның басты асы.

8. Бала дүниеге келгенде жасалатын той. (шілдехана)

1. Жүргізуші:

- Енді, келесі сайысымыз қай топ «Білгіштер» тобы деп шешетін кезеңге келіп жеттік..

Сайыс: «Сұрақ - жауап»

Қорытынды.

-






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал